Сабақ тақырыбы: «табиғАТҚа саяхат. Ә Дыбысы мен әрпі»



бет1/2
Дата18.02.2017
өлшемі211,56 Kb.
#9912
түріСабақ
  1   2
Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы

Нарқызыл негізгі мектебі

АШЫҚ САБАҚ
ТАҚЫРЫБЫ: «ТАБИҒАТҚА САЯХАТ.

Ә ДЫБЫСЫ МЕН ӘРПІ»
ӨТКІЗГЕН: Жаңабергенова Жанат Жаңабергенқызы

СЫНЫБЫ: 1

ПӘНІ: сауат ашу

2016-2017 оқу жылы
Бекітемін: Оқу ісінің меңгерушісі.

Күні:19.01.17.

Сынып: 1

Қатысқандар саны:8

Қатыспағандар саны:0

Сабақтың тақырыбы

Табиғатқа саяхат. Ә дыбысы мен әрпі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.3.3.1 мұғалім көмегімен мәтінге суреттер, сызбалар арқылы жоспар құрып, оған ат (тақырып) қою;

1.3.4.1 мұғалім көмегімен оқыған/тыңдаған мәтіндердегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу;

1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту.


Сабақтың мақсаттары

Барлығы:Жаңа білімді меңгереді.

Көбі:Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.


Жетістік критерийлері

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.



Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, ана тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік

Әже-бабушка.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут


Аққу болып ұшамыз,

Көлге келіп қонамыз.

Көлдің бетін құшамыз,

Қайта самғап ұшамыз.

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Суреттер арқылы топқа бөлу.

Ойын: «Кім тапқыр?».(жұптық жұмыс)


Шаттық шебері




Сабақтың ортасы

8 минут




Мағынаны ашу.Мені мұқият тыңдап отырыңдар,мен сендерге жұмбақ жасырамын.

Жұмбақ шешу.

Бұрап қойған сағаттай,

Айғайлайды таң атпай.(әтеш)

«Әтеш»-дыбыстық талдау.4 әріп,4дыбыс,2буын,

2 дауысты ,2дауыссыз.

-«Ә» қандай дыбыс?

-Дауысты дыбыс,өз алдына буын құрай алады,созылып айтылады.

-Тақтада «Ә»әрпінің жазба түрін көрсету.

-Топ оқушыларына қызыл жіп таратып беріп,жіптен «ә» әрпін жаздыру.

-Тағы қандай сөздерде кездеседі?

-Әткеншек,әже,әке,әтеш,әнұран сөздерінде. ( буындардан сөз құрау)



Ойын: «Ойлан тап.» (алдарындағы суреттерден «Ә» әрпі кездесетін суреттерді тауып тақтаға ілу.) .

№1 Оқылым.

Ән сән дән әке Сәкен тәтті дәрі дәрігер тәулік сәуір Дәуір Әсет.

-Мәтін оқу . «Шана.»(мәтін мазмұны бойынша сұраққа жауап алу)

2 Жаңылтпашты оқы және жаңылмай жатқа айтып көр.

Келген малшы

Әрі әнші,

Әрі аңшы.


Таныстырылым,

оқулықпен жұмыс

смайликтермен бағалау



Сергіту сәті

1 минут


Жел соғады,соғады,

Құстар жерге қонады.

Көбелектер тығылып,

Дір-дір етіп тоңады.

Жел кенеттен тынады,

Шегірткелер секіріп,

Аралар да ұшады.


Сергіту сәтіне арналған жинақ

Аяқталуы

16 минут
Қызықты тапсырма

8 минут



Дәптермен жұмыс.

№3 Ойын: « Әріптерден сөз құра». (топтық жұмыс.)



Дәрігер,әтеш,әнұран,дәрі деген сөз шығады.



Бір –бірін бағалау


Жазған сөздеріне смайлик жапсыру.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет