Сабақ тақырыбы Тазалық Мақсаты



Дата13.02.2017
өлшемі80,72 Kb.
#9151
түріСабақ
СЫНЫП САҒАТЫНЫҢ ЖОСПАРЫ


Мұғалім

Абилова А.Т



Мектеп, сынып

Астана қаласы

№66 мектеп-лицей, 7-сынып



Сабақ тақырыбы

Тазалық




Мақсаты:

Оқушыларды табиғатты аялау, сүюге тәрбиелеу. Экологиялық білім беру. Табиғатты қорғау. Өз қалаларын таза ұстауға дағдыландыру.

Көрнекіліктері:

Табиғат көріністері – суреттер топтамасы, буклеттер, нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, «табиғатты қорғайық» ережелері.


Дерек көздері:



http://www.bilimland.kz/kk/content/lesson/11881-tabihatty_qorhajyq_ayalajyq


Сабақ барысы:


Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» атты жолдауында әрбір азаматтың табиғат және оның байлықтарын пайдалану процесінде, табиғатты таза, көркем, мәңгілік қалпында сақтап қалудың қажет екені бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі екендігі атап көрсетілді.

Ей замандас ең алдымен досыңды ұқ,

Досың - жер, мөлдір ауа, өсімдік.

Ала жүріп осылардың сыйлығын,

Осыларды қорлау деген не сұмдық?

Табиғат – адам баласын дүниеге келтіріп, бойындағы бар махаббат мейірімін, күн шуағын жүрегімізге ұялататын аяулы Ана! Табиғат бұл адам бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын беретін сұлулық пен әсемдік әлемі.

Табиғатқа қомқорлық жасау - әрбір адамзаттың абыройлы міндеті, әрі парасатты парызы.

Табиғаттың тарылтпайық мөлдір кәусәр тынысын,

Пәк табиғат! Жүрегімнің тамылжыған жырысың.

Ей адамдар! Қалай ғана қатігездік жасайсың.

Ол – анаң ғой, ал сен - кенже ұлысың:

Қала - ортақ үйіміз. Сондықтан оның көркейіп, гүлденуіне әрбір тұрғын бей-жай қарамай, қоқыс-қалдықтарды кез келген жерге лақтырмай, таза ұстауға атсалысуы тиіс. Бірақ, байқап жүргеніміздей, әлі де қалалықтар арасында тазалық шараларына қатысуда енжарлық басымырақ.

Тақтадан http://www.bilimland.kz/kk/content/lesson/11881-tabihatty_qorhajyq_ayalajyq бейнеролик көрсетіледі.

1 . Ой-пікір

1. Қоршаған ортаның ластануына әсер ететін факторлар?

2. Қала аймақтарын таза ұстауда жүргізілетін жұмыстар қандай болуы тиіс?

Табиғатты қорғау үшін бәріміз күресейік,

Бір-бір ағаш және гүл егейік.

Текке отырмай жасымыз бен кәріміз,

Таза ауа үшін терімізді төгейік.

2. Топпен жұмыс: Топтар жарысы.

1 топ. Табиғат жайлы мақал – мәтел, нақыл сөздер:

«Ер - елдің көркі, орман-тоғай жердің көркі»,

«Бір тал кессең, он тал ек» ,

«Дәрі шөптен шығады, дана — көптен шығады»,

«Қорада малың болсын, көшеде талың болсын»,

«Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын»,

«Сұлу жер құрақсыз болмас, таулы жер бұлақсыз болмас»,

«Бұлақ көрсең, көзін аш»,

«Жылап жүріп арық қазсаң,

Күліп жүріп су ішерсің».

2 топ. Табиғат жайлы өлең жырлар .

1. Табиғант сенде бәрі ортақ,

Аспаның, күнің айың да.

Тегінде жаның жомарт-ақ,

Ізгілік жатыр бойыңда.

2. Табиғат қызығам сенің суретіңе,

Бас ием сенің құдіретіңе.

Тұр асың күллі әлемге нұр таратып,

Тұтқасы тіршіліктің күн бетінде.

3. Табиғаттың тарылтпасын

Мөлдір кәусәр тынысын,

Пәк табиғат, жүрегімнің тамылжыған жырысың,

Ей, адамдар! қалай ғана қатыгездік жасайсың.

Ол Анаң ғой, ал сен оның перзенті .

Мұғалім сөзі: Сонымен біз табиғат туралы білгенімізді, білетінімізді ортаға салдық.

Енді табиғатты қалай қорғап қаламыз? Осы төңірегінде ой қозғасақ

Ал біз болашақ ұрпақ Табиғатты қалай қорғап, сақтап қаламыз !

Сұрақ жауап:

1) Неліктен көктемде ағаш талдарын ақтайды немесе ағартады?

Жауабы: Тал –теректерді күннен түскен сәулені кері қайтарып күйіп кетуден, құрғаудан сақтайды.

2) Ауаны тазалаушылар нелер?

Жауабы: Ағаштар, әсіресе жеміс бермейтін ағаштар ауа тазалайды.

3) Экологиялық жағдайды қалпына келтіруге қандай көмек жасар едіңдер?

Мысалы : мектепте, үйде, көшеде?

Не білдік? Не үйрендік?

1 . «Табиғатсыз адамдардың күні жоқ ....»

2 . Табиғат – бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы ,

аяулы бесігі құтты қонысы , өсіп-өнетін мекені .

3. Адам– табиғат перзенті. Олай болса табиғат анаға аялы

алақан , жүрек жылуын арнау әрбір саналы азаматтың парасатты адамгершілік борышы .

4. Жер – қазына , су – алтын , мал – байлық .

5. Табиғат – халық қазынасы



Қорытынды: Сынып сағатымызды табиғат туралы мына бір өлең шумақтарымен аяқтаймыз.

Табиғат – тіршіліксің тұнып тұрған!

Сен – күнсің!

Көтерілген күліп қырдан .

Сен – көлсің! Сен – орман!

Сен – бұлақсың!

Адамды сұлулыққа құнықтырған!

Адамзат – болашақта бейбіт, таза ғаламшарда өмір сүруі тиіс. Демек ғаламшардың қауіпсіздігі - біздердің қолымызда!







Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет