Бірінен – бірі қарама-қарсы қозғалысқа берілген есептер.
Дәріс мазмұны:
Бірінен – бірі қарама-қарсы қозғалыс ( алыстау жылдамдығы).
Бірінен – бірі қарама-қарсы қозғалыста уақыт, қашықтық және жылдамдықтың арасындағы тәуелділік.
Қозғалысқа берілген есептердің көпшілігі 4 сынып программасында берілген. Бұл сыныптың бірінші жарты жылдығында жалпы ұғыммен таныстырылып, мағлұмат беріледі, яғни қозғалысқа берілген есептердің шешу жолын үйретеді. «Жылдамдықпен уақыттың кобейтіндісі қашықтықты беретіндігін», «қашықтықты уақытқа болгенде жылдамдық алынатындығын» және «қашықтықты жылдамдыққа болгенле уақыт алынатындығын» оқушылар менгеретін болса, жылдың екінші жартысында қозғалысқа берілген есептерді шығару дағдыларын қалыптастырып, бекіту үшін қарастырылған есептердің берілгендігі бәрімізге мәлім.Балалар қозғалысқа берілген есептер туралы жыл бойына оқығанымен машық кезінде оқушылардың есепті шығару денгейлерінің төмендігін байқағандықтан олардың деңгейлерін көтеру үшін есептің мазмұнын түсініп оқуға және толық талдауға коңіл бөлдім.
Мысалы : Есептерді топтап алатын болсам: а) кездесу қозғалысына берілген есептерге тоқталайық
№ 2, 170 бет
екі ауылдан бір мезгілде бір-біріне қарама-қарсы екі салт атты шықты олардың біреуі кездескенгедейін 27 км , ал екіншісі одан 7 км артық жүрді.Екі ауылдың ара қашықтығы неше километр?
Достарыңызбен бөлісу: |