Линза затының сыну көрсеткіші ескеріп жазылған жұқа линза формуласы:
Зат линзадан шексіз қашықтықта орналасқан. Онда формула немесе түріне келеді. Демек, кескін линзаның артқы бас фокусы деп аталатын қайсыбір нүктесінде болады.
Линза кескінді шексіздікте береді дейік, яғни онда формула түріне келеді. Бұл нүктесі линзаның алдыңғы бас фокусы деп аталады.
Линзаның оптикалық күші деп бас фокус ара қашықтығына кері шаманы айтады; линзаның оптикалық күшінің физикалық мағынасы жарық сәулелерінің линзадан өткендегі сыну дәрежесін сипаттаудан тұрады: немесе
Кескін өлшемінің h (биіктік) нәрсе өлшеміне Н (биіктікке) қатынасын сызықтық үлкейту Г деп атайды.