Сабақ тақырыбы: тербелмелі контурдағы электромагниттік тербелістер. Сабақ мақсаты



бет28/151
Дата17.01.2020
өлшемі18,15 Mb.
#56040
түріСабақ
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   151
Байланысты:
11 сын поуороч


IV. Пысықтау.

  1. Трансформатор қандай мақсаттарда қолданылады?

  2. Трансформатордың жұмыс істеу принципін түсіндіріңдер.

  3. Трнасформация коэффициенті деп нені айтады?

  4. Төмендеткіш деп қандай трансформаторды айтады?

  5. Электр желісіндегі энергия шығынын азайтудың қандай жолдары бар?

  6. Неге жоғары вольтты электр желісі қолданылады?

  7. Электр энергиясын өндіру мен тұтынушыға жеткізудің схемасын сызыңдар.

V.Есептер шығару. №2.10.2. №2.10.3 №2.11.1, №2.11.2

VI. Қорытындылау.

VII.Бағалау.

VIII. Үйге тапсырма:§§2.10. 2.11. №2.10.2, №2.11.3

11-сынып.

«Айнымалы ток. Электр энергиясын өндіру, жеткізу және пайдалану» тарауы бойынша есептер шығару.

Сабақ мақсаты:

  1. Оқушылардың осы тарауда алған теориялық білімдерін есеп шығаруда қолдана білуге дағдыландыру.

  2. Оқушыларды ө­з бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.

  3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Есептер шығару.

Тұяқбаев С. Есептер жинағы:

2.1.1.

Ауданы 200 см2 рама индукциясы 0,4 Тл магнит өрісінде 50 рад/с бұрыштық жылдамдықпен айналады. t=0 уақыт мезетінде рама жазықтығына жүргізілген нормаль өріс индукциясының сызықтарына параллелб. Магнит ағыны мен ЭҚК-нің уақытқа тәуелділік теңдеуін жазыңдар.

2.1.4.

Айнымалы токтың циклдік жиілігі 100π рад/с. Айнымалы токтың периоды мен жиілігін табыңдар.

2.1.9.

Ауданы 300 см2 раманың 200 орамы бар және ол индукциясы 1,5∙10-2 Тл біртекті магнит өрісінде айналады. егер индукцияның ең үлкен ЭҚК-і 14,4 В болса, оның айналу периоды неге тең? Раманың айналу осі магнит өрісінің күш сызықтарына перпендикуляр.

2.1.25.

Егер катушканың индуктивтігі 4 Гн, ал айнымалы токтың жиілігі 1000 Гц болса, катушканың индуктивті кедергісін анықта.

2.1. 43.

Сыйымдылығы 1 мкФ конденсаторды қамтитын тізбекті тербелмелі контурда 400 Гц жиілікте резонанс пайда болады. Егер осы конденсаторға сыйымдылығы С конденсаторды параллель жалғаса, онда резонанстық жиілік 100 Гц болады. Конденсатордың сыйымдылығын табу керек.

2.2.12.

Трансформатордың бірінші ерттік орамасындағы ток күші 10 А және кернеу 110 В, ал оның екінші реттік орамасындағы керену 11000 В. Трансформатордың екінші реттік орамасындағы ток күші неге тең?

.2.2.14.

Трнасформация коэффициенті 8 болатын төмендеткіш трансформатордың бірінші реттік орамасы кернеуі 220 В желіге қосылған. Екінші реттік орамасының кедергісі 2Ом, ал ондағы ток күші 3 А. Екіншеі реттік орамасының қысқыштарындағы кернеуді анықтау керек.

ІІІ. Қорытындылау.

IV. Бағалау.

V. Үйге тапсырма: Қайталау. № 2.10.1. №2.10.2. №2.5.1


11-сынып.

Сабақ тақырыбы: § 3.1. Максвелл теориясының идеялары.

Сабақ мақсаты:


  1. Оқушыларға Максвелл теориясының идеялары туралы түсінік беру.

  2. Оқушыларды ө­з бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.

  3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, видеокассеталар, слайдтар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Эрстед (1820)



Фарадей Дж. Максвелл (1864) екі постулат:


  1. Айнымалы магнит өрісі құйынды электр өрісін тудырады.

Магнит индукциясы артса артса, құйынды электр өрісі кернеулік векторының бағыты сол бұранда ережесімен анықталады.

Магнит индукциясы кемігенде кернеулік векторының бағыты оң бұранда ережесімен анықталады.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет