IV. Пысықтау.
Электромагниттік толқын ағынының тығыздығы толқынның қандай сипаттамасы болып табылады?
Толқынның энергиясы қашықтыққа байланысты қалай өзгереді?
Толқын энергиясының электромагниттік тербеліс жиілігіне тәуелділігі қандай?
Электромагниттік толқындардың қандай қасиеттері бар?
Қандай толқын поляризацияланған толқын деп аталады?
Толқындар интерференциясы деген не? Оның максимум және минимум шарттары қай кезде орындалады?
Қандай шарт орындалғанда электомагниттік толқында дифракция құбылысы байқалады?
IV. Есептер шығару.
№3.4.1, №3.4.2, №3.4.3, №3.4.4, №3.4.5.
V. Қорытындылау.
VІ. Бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма: §3.4. §3.5. №3.4.6, №3.4.7, №3.4.8, №3.4.9, №3.4.10.
11-сынып.
Сабақ тақырыбы: §3.6.§3.7.Радиобайланыс принциптері. Модуляция және детекторлау..
Сабақ мақсаты:
Оқушыларға радиобайланыстың негізгі принциптері, модуляция, детекторлау туралы түсінік беру.
Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.
Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, видеокассеталар, слайдтар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Электромагниттік толқын ағынының тығыздығы толқынның қандай сипаттамасы болып табылады?
Толқынның энергиясы қашықтыққа байланысты қалай өзгереді?
Толқын энергиясының электромагниттік тербеліс жиілігіне тәуелділігі қандай?
Электромагниттік толқындардың қандай қасиеттері бар?
Қандай толқын поляризацияланған толқын деп аталады?
Толқындар интерференциясы деген не? Оның максимум және минимум шарттары қай кезде орындалады?
Қандай шарт орындалғанда электромагниттік толқында дифракция құбылысы байқалады?
ІІІ. Жаңа тақырып.
Дж. Максвелл электромагниттік толқындардың бар екендігін теориялық түрде дәлелдеді.
1888 жылы Г.Герц эксперимент түрінде электромагниттік толқындардың бар екендігін дәлелдеді.
А.С.Попов 1895 ж. Тұңғыш радиоқабылдағышты жасап шығарды.
1895 ж. Осы приборды Орыстың физикалық-химиялық қоғамында демонстрациялады.
Радиобайланыс принципінің қарапайым сұлбасы:
Радиоқабылдағыштың құрылысы мен жұмыс істеу принципін түсіндіру:
Әлемде бірінші реті 250 м қашықтыққа сымсыз, екі сөзден тұратын «Генрих Герц» деген радиограмма таратып, оны қабылдады және ол бұл толқындарды телефон арқылы құлаққа қабылдауға болатынын іс жүзінде көрсетті. Байланыстың бұл түрін радиотелеграфтық байланыс деп аталады.
Электромагниттік толқын арқылы музыканы, сөзді, , яғни дыбысты қашықтыққа тарату жүзеге асырылды. Оны радиотелефондық байланыс деп атады.
Төменгі жиілікті электрлік тербелістерге сәйкестендіре отырып жоғары жиілікті электромагниттік тербелістерді басқару –жоғары жиілікті тербелістерді модуляциялау деп аталады.
Радиоқабылдағышта жиілігі жоғары күрделі тербелістерден қайтадан төменгі жиілікті тербелістерді ажыратып, бөліп алады. Бұл процесс детекторлау деп аталады.
Радиобайланысты жүзеге асырудың негізгі принциптерінің сұлбасы:
Достарыңызбен бөлісу: |