Сабақ тақырыбы: тербелмелі контурдағы электромагниттік тербелістер. Сабақ мақсаты



бет47/151
Дата17.01.2020
өлшемі18,15 Mb.
#56040
түріСабақ
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   151
Байланысты:
11 сын поуороч


ІV. Қорытындылау: қорытынды жазу

VІ. Үйге тапсырма. Қайталау. №1 Бақылау жұмысына дайындалып келу.

Пайдаланған әдебиеттер:физика пәнінен зертханалық және тәжірибелік жұмыстарға арналған дәптер,оқулық.

Тексерілді:....................

11-сынып.

Күні: 15.11.12ж

Сабақ тақырыбы: §§4.6, 4.7. Жарықтың дисперсиясы. Жарық поляризациясы.

§4.8. Геометриялық оптика. Жарықтың түзусызықты таралуы. Көлеңке, сағым, тұтылу. Жарықтың жылдамдығын эксперимент жүзінде анықтау.



Сабақ мақсаты:

  1. Оқушыларға дисперсия, поляризация құбылысы туралы түсінік беру.

  2. Оқушыларды ­өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.

  3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, видеокассетлар, слайдтар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:

  1. Дифракция дегеніміз не?

  2. Бір нүктеге жинақталатын сәулелердің дифракциясын түсіндіріңдер.

  3. Параллель сәулелердегі дифракцияны түсіндіріңдер.

  4. Оптикалық аспаптардың айыру қабілеттілігі дегенді қалай түсінесіңдер.

  5. Дифракциялық тор дегеніміз не?

  6. Дифракциялық тордың периоды дегеніміз не?

  7. Жарық толқынының ұзындығын қалай анықтаймыз?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Жарық дисперсиясының екі мағынасы бар:



  1. Дисперсия – күрделі ақ түсті спектрге ажырату құбылысы,

  2. Дисперсия – заттың сыну көрсеткішінің түсетін жарықтың толқын ұзындығына тәуелділігі.

Жарықтың дисперсиясы қалыпты және аномальді деп бөлінеді.Ортаның сыну көрсеткіші толқын ұзындығына кері пропорционал болса, мұндай дисперсия қалыпты деп аталады.

Егер ортаның сыну көрсеткіші толқын ұзындығына тура пропорционал болса, ондай дисперсия аномальді дисперсия деп аталады.

Бір-біріне қосқанда ақ жарық беретін түстерді Ньютон толықтауыш түстер деп атайды.

Тербеліс амплитудасы барлық жазықтықтарда бірдей болатын жарықты табиғи жарық деп атайды.

Әр түрлі жазықтықтарда энергиялары әр түрлі болатын жарықты жартылай поляризацияланған жарық деп атайды.

Егер жарықтың барлық энергиясы бір жазықтықта жиналса, онда ондай жарықты толық поляризацияланған жарық деп атайды. Тербеліс болатын жазықтықты тербеліс жазықтығы деп, ал оған перпендикуляр жазықтықты поляризация жазықтығы деп атайды.

Табиғи жарықтың тербелісінен белгілі бір тербелістегі жарықты бөліп алу жарықтың поляризациялануы деп аталады.

Поляризацияланған жарықты алу үшін қолданылатын аспаптарды поляризацияланғыштар деп, ал жарықтың поляризацияланғанын немесе поляризацияланбағанын анықтайтын аспаптарды талдағыштар деп атаймыз.



Жарық поляризациясының ашылуы.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет