Сабақ тақырыбы: Тәрбие процесі, оның мәні мен ерекшеліктері Мақсаты


Қазіргі кездегі білім беретін оқу орындарындағы тәрбиенің ерекшеліктері



бет15/21
Дата06.02.2022
өлшемі52,77 Kb.
#80355
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21
Байланысты:
04.09.2020 ж. Лекция ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІ, ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

4.Қазіргі кездегі білім беретін оқу орындарындағы тәрбиенің ерекшеліктері.
Кезінде орыстың әйгілі педагогы К.Д.Ушинский еуропа халықтарының тәрбие саласында педагогикалық формулаларының ұқсастығына қарамастан, әрқайсысының өздеріне тән ерекше ұлттық тәрбие жүйелерінің, ерекше мақсаттарының, сол мақсаттарға жетуде өздерінің ерекше құралдарының болғанын айтқан. «Тәрбие халықтық сипатқа ие болған жағдайда ғана өз мақсатына жетеді» - деген ол. Халықтың тарихы, оның тіршілігі тәрбиенің мақсатын анықтайды. Сондықтан оқу – тәрбие жұмысында оның бағытын, мазмұнын, формалары мен әдістерін таңдауда көзсіз еліктеушілік оң нәтиже бермейді – деген өнегелі өсиеті бүгінгі таңда қазақ елінің тәлім - тәрбие саласында ұстанып отырған бағытын анықтайды. «Халықтық тәрбиені бала құрсақта жатқаннан бастайды. Бесік тәрбиесі, балдырған тәрбиесі, өрен тәрбиесі, жасөспірім тәрбиесі, жастар тәрбиесі бір – бірімен жалғасып, өз ерекшеліктерімен іске асырылады».
Олай болса, жасөспірім бойына халқымыздың салт – дәстүрлерін, әдет- ғұрыптарын, имандылық пен ізгілік нұрын сіңіруге баса назар аудару, бүгінгі таңда басты мақсат – мұраттарымызға айналып отыр. Ол үшін өз елін, өз жерін сүйетін, өз халқының тарихын, тілін, мәдениетін қадірлеп-қастерлейтін азаматты тәрбиелеу, ұлттық санасын дамыту – мектептердің басты міндеті болмақ. Өз ұлтының келешегі мен бүгінінен бейхабар азаматтан қандай жақсылық күтуге болады. Ұрпақ тәрбиесі келешек ұлт тағдыры, олай болса тәлім – тәрбиеде бүкіл халықтың қолдауы қажет. Ұлттық мәдениетімізді ұрпағымыздың санасына сіңіріп, салауатты азаматтарды тәрбиелеген кемелді ел болып, өркениеттілігімізді көтеру үшін ең алдымен ұлттық тәрбиенің бүкіл халықтық бағдарламасын жасау керек. Сол бағдарламаны үлкен де кіші де, зиялы қауым да орындауы міндетті болуы тиіс. Сонда ғана біз «бесігімізді» түзей аламыз. Оның алғашқы түрлері бар, олар «Атамекен», «Жұлдыз», «Кәусар бұлақ», «Алтын көмбе» бағдарламалары. «Әдеп әліппесі» (бастауыш мектеп), «Әдеп пен жантану» (орталау мектеп), «Қазақ этнопедагогикасы» (жоғары мектеп) пәндері арнайы бағдарламалар негізінде оқытыла бастады. Республикада білім беру мазмұнын жаңарту, жаңа буын оқулықтары мен кешендерін жасау жұмыстары да қатар жүргізілуде. 
Оқыту қазақ, орыс тілдерінде жүретін жалпы білім беретін мектептердің 1-7 сынып- тарында жаңа оқу жоспарларымен, бағдарламаларымен және төл оқулықта – рымен қамтылып, соның негізінде оқуға көшкен. Сондай-ақ, барлық мек – тептердің 1-11 сыныптарында «Валеологиядан» факультативтік курстар оқытылуда. «Жасөспірімдердің адамгершілік – жыныстық тәрбиесі» негізінде бағдарлама әзірленуде.
Жас ұрпақты нашақорлық індетінен сақтау, бүгінгі күннің ең өзекті мәселесіне айналып отыр. Осы бағытта «Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде зиянды заттарды қолдануды болдырмау» бағдарламасы 1999/2000 оқу жылынан бастап 1-11 сыныптарда арнайы курс ретінде енгізілді.
Бүкіл тәрбие процесі баланың жеке тұлғасын дамытуға, ұстаздар мен оқушылар қарым – қатынасын демократияландыруға, ізгіліктендіруге, ата – аналар қауымымен ынтымақтаса жұмыс істеуге бағытталған. Еліміздің әлеуметтік – экономикасын жетілдіру кезеңі мен нарық экономикасы жағдайында адам факторы жаңа негізде қаралып, жаңа адамды қалыптастыру тың мәселе болмақ. Келешекте кез келген техникалық білімді меңгертуде тірек болатын ең жалпы, іргелі политехникалық білімнің маңызы артпақ. Олай болса заман талабына сай компьютер тілін меңгерген білімді де білікті ұрпақты даярлау – бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі бола бермек.
Түптеп келгенде, білім мен тәрбие дегеніміздің өзі, кең мағанасында, мәдениет атты ұлы құбылыстың аясында көрініс табады. Мәдениет, негізінен, этностық жады арқылы ұрпақтан – ұрпаққа беріледі. Мұндай киелі эстафетаны өміршең ету біздің әрқайсымыздың ең асыл мұратымыз болуы тиіс».
Оқу мен тәрбие - өзара байланысты екі процесс. Олардың міндеттері әрқилы, дегенмен, бір – бірімен ажырамас ұштасқан күйде бір уақытта қатар жүріп отырады, бірақ ұйымдасу әдістері және формалары тұрғысынан түбегейлі өзгеше.
Тәрбиелік іс - әрекет тәрбиешінің жекеленген әрекет аймағы түрінде (өз мақсаттарына, міндеттеріне, мазмұнына ие) немесе оқу процесіне тікелей енген (себебі оқу тәрбиелік сипатқа ие) қалыпта болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет