Қайталау кезеңінде оқушылар топтарға өз қалауларымен бөлінеді. Оқу материалының жеткізу деңгейін таңдайды: білу, түсіну және қолдану (сурет), талдау (суреттерді салыстыру және талдау). Сабақ барысында оқу материалы ақпаратты қабылдаудың түрлі типтерін ескере отырып қолданылады (мәтін, бейнеролик, практикалық жұмыс сурет,модел жасау). Сабақты бекіту кезеңінде қабілеті төмен оқушыларға мұғалім тарапынан қолдау көрсетіледі. Қабілеті жоғары оқушыларға күрделендірілген тапсырмалар ұсынылады.
|
жасуша микропрепаратын дайындау кезеңдері бар карточканы дұрыс реттілікте орналастырғаны үшін бастапқы білімді формативті бағалау. Жақын арадағы даму аймағын анықтауға арналған диагностикалық бағалау. Топтық жұмыс арқылы мәтінді пайдалана отырып, жасуша компоненттерінің қызметтерін анықтау, салыстыру дағдыларын бағалау.
|
® = техника қауіпсіздігінің ережесі
Оқушылар йодпен жұмыс жасағанда қорғаныш көзәйнегін киюді және жамылғы шыны мен пышақты ұстағанда сақ болуларын қадағалау
|