Өткен сабақтан біз нені білеміз:
Эрстед тәжірибесі: Тогы бар өткізгіштіӊ магниттік тілшеге әсері.
Тәжірибе қорытындысы: Тогы бар өткізгішке магниттік қасиетке ие.
Магнит өрісініӊ тогы бар өткізгішке әсері
Эрстед тәжірибесінде біз тогы бар өткізгіштіӊ магниттік тілшеге әсерін қарастырдық.
Кері құбылысты бақылауға болама, магниттіӊ ток өтіп тұрған өткізгішке әсерін.
А) Тізбек тұйықталған (өткізгіштен электр тогы өтіп тұр).
Б) Өткізгішке магнит жақындатқан кезінде өткізгіш ауытқиды (қозғалысқа келді).
Тәжірибе қорытындысы: Магнит өрісінде орналасқан кез келген тогы бар өткізгішке магнит өрісі тарапынан күш әсер етеді.
Бұл күш Ампер күші деп аталады.
Ампер күшініӊ бағыты сол қол ережесімен анықталады:
Қолымыздың алақанына кіретіндей етіп, тік төрт саусақтың бағытын токтыӊ бағытына сәйкестендірсек, онда бас бармағымыз оң Ампер күшінің бағытын көрсетеді.
Магнит өрісініӊ тогы бар рамкаға әсері
Рамканыӊ оӊ және сол бөліктеріне бағыттары қарама-қарсы болған Ампер күштері әрекет етеді. Нәтижеде тогы бар рамка айналмалы қозғалыс жасайды.
Солай етіп, магнит өрісі тогы бар рамканы айналмалы қозғалысқа келтіреді.
Амперметр, вольтметр, гальванометр ж.т.б. электрөлшеуіш аспаптардыӊ жұмыс істеу принципі магнит өрісініӊ тогы бар рамкаға әсеріне негізделген. |