Сабақ Тақырыбы: «Торсықты әшекейлейміз». Мақсаты



Дата26.08.2017
өлшемі11,64 Kb.
#29223
түріСабақ

Ашык сабақ

  • Тақырыбы: «Торсықты әшекейлейміз».

Мақсаты:

  • Балаларды Қазақтың ұлттық ою өрнектерімен таныстыра отырып ұлттық өнерді сүюге. еңбекке тәрбиелеу, ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру, торсықты әшекейлеу арқылы қолдарының икемдерін дамыту.

Көрнекіліктер:

  • ағаш үй бұйымдарымен заттар,
  • Ұлттық бұйымдары мен ыдыстары,
  • торсықтың бейнесі,
  • дайын қиылған оюлар.

Билингвальді компонент:

  • торсық - торсық,
  • ою-өрнектер – орнаменты,
  • қошқар мүйіз-бараний рог.

Мотивациялық қозғаушылық

  • Шаттык шенбері.
  • Қайырлы таң балалар!
  • қайырлы таң қонақтар! Біз ерекше баламыз,
  • айтқан тілді аламыз Қонактарды көргенде.
  • қуана қарсы аламыз «Сәлеметсіздер ме!» - деп,
  • сәлемдесіп аламыз.
  • - Сәлеметсіздер ме!
  • Кәне балалар бүгінгі күнге сәттілік тілейікші: - Аспанымыз ашық болсын! - Деніміз сау болсын! - Ауамыз таза болсын! - Еліміз тыныш болсын!

Ұйымдастырушылық -ізденістік

  • - Тәрбиеші:- Балалар біз қай елде тұрамыз? - Біздің ұлтымыз қандай? - Өте дұрыс айтасыңдар балалар - Біздің елде көптеген ұлттар тұрады, олар барлығы тату, дос. Біздер қазақ болғандықтан өзіміздің ұлттық қазақ киімдеріміз, бұйымдарымыз, сәндік қолтаңбаларымыз бар. Олардың бәрінде ұлттық ою - өрнектер бар. - Балалар сендер осылардың бәрін көргілерің келе ма? - Олай болса біз кәзір сиқырлы кілемшемен ұшып әженің киіз үйге барамыз.

Әжесі;- Балалар мынау не?- Бұл киіз үй, бұл үйде қазақтың ұлттық киімдері, ұлттық аспап домбыра, қамшы. қоржын аяққап. сандық орналасқан. Сонымен қатар ыдыстар да бар екен: аққұман кеселерімен, тостағандар, торсық бар. Торсық деген ол қымыз, айран құятын ыдыс. Бұл заттардың бәрінде де қазақтың ұлттық оюлары бар. атап айтсақ: қошқар мүйіз, балта, тұмарша т, б,

  • Әжесі;- Балалар мынау не?- Бұл киіз үй, бұл үйде қазақтың ұлттық киімдері, ұлттық аспап домбыра, қамшы. қоржын аяққап. сандық орналасқан. Сонымен қатар ыдыстар да бар екен: аққұман кеселерімен, тостағандар, торсық бар. Торсық деген ол қымыз, айран құятын ыдыс. Бұл заттардың бәрінде де қазақтың ұлттық оюлары бар. атап айтсақ: қошқар мүйіз, балта, тұмарша т, б,

Әженің тапсырмасы:

  • -Кіруге адам батпайды, суға салса жатпайды Ішіндегі заттарды аман - есен сақтайды (сандық) -Текшелеп төрге Жиғаным не? (көрпе, жастық)

- Балалар торсық сендерге ұнады ғой олай болса біз осындай торсыққа ою салып көреміз ба? Онда бәрің орындыққа отырып тақтаға назар аударыңыздар. Мына торсықта қошқар мүйіз оюы салынған, енді сендер осы оюларды алдарыңыздағы торсықтарға ою-өрнектер жапсырасыздар.(өзі жұмыс барысын көрсетеді)

  • - Балалар торсық сендерге ұнады ғой олай болса біз осындай торсыққа ою салып көреміз ба? Онда бәрің орындыққа отырып тақтаға назар аударыңыздар. Мына торсықта қошқар мүйіз оюы салынған, енді сендер осы оюларды алдарыңыздағы торсықтарға ою-өрнектер жапсырасыздар.(өзі жұмыс барысын көрсетеді)

Назарларыңызға рахмет!

  • Назарларыңызға рахмет!

Қошқар мүйіз

Тұмарша

  •  көне дәуірден тіл көзден кесір-кесапаттан сақтайтын киелі ұғым болып қалыптасқан бұйым. Тұмарша ою-өрнегі үшбұрыш үлгілес болып келеді. Кілем бұйымдарының жиегінде киіз, кілем, текеметтің орта тұсын көмкеруде кездеседі.

Ит құйрық.

  •  Ит құйрық табиғат түрлерін шығармашылықпен бейнелеу үлгісінен туған. Мұндай оюлар төрт түлік малға, мал күту рәсіміне байналысты бұйымдарда, шығармаларда қолданылып жатады.

Ирек, су.

  •  "Бұлақ көрсең – көзін аш" деп өсиет қалдырған ата-бабамыз суды өмір нәрі, тіршілік көзі деп түсінген. Бұл өрнек те сол қадір-қасиеттің айғағы. Ирек, су өрнегі көбіне көгілдір, көк сия түстерге боялады.

Қарға табан.

  •  Қарға түскен небір айшықты іздердің негізінде пайда болған. Түскиіздер мен алашаларда жиі кездесетін бұл өрнек геометриялық және зооморфтық үлгідегі ою бедерлерін біріктіру негізінде қолданылады. Негізінен көк, сары, қызылы, қоңы түстерге боялады.

Сергіту сәті.

  • Орнымыздан тұрайық Желімдері қояйық Қолымызды созайық Оңға солға иіліп, Белімізді жазайық. Айналаға қарайық Отырайық, тұрайық Бір тынығып алайық. Тынығып біз болған соң ою-өрнекті жапсырып жалғастырайық.

Тәрбиеші;

  • Қолтаңбасын әжемнің анық көріп, Бұл өнердің сырына қанық болып, Өнерімен өзгелерді тамсандырған Қошқармүйіз өрнегін салып көріп Камзол кием қынай бел Толған ою өрнекке Білесін деп сұрайды ел Өнерімді көрмекке

Данияр;

  • Қошқар мүйіз өрнегін
  • Торсыққа да саламын
  • Өз қолыммен өрнектеп
  • Ұлттымыздың өнерін
  • Мен үйреніп аламын
  • Осылайша мендағы
  • Шебер бала боламын!

Тәрбиеші: Енді естеріңе түсіріңдерші ою - өрнек туралы мақал - мәтелдерді

  • - Шебер көп жерде, өнер көп. - Ою ойғанының ойы ұшқыр. - Өнерлі бала тон пішер, тас жонар.
  • Шебердің қолы – алтын.  Шешеннің сөзі – алтын. 
  • Өнер көзі – халықта 

Дидактикалық  ойын:

  • «Кесенің  оюын  тап»

Сұрак-жауап әдісі аркылы оқу іс-әрекетінде алған білімдері қорытындыланады.

  • Балалар біз қай елде тұрамыз? - Біздің ұлттымыз қандай? -Біз бүгін сиқырлы кілемшемен ұшып, қайда бардық
  • -Ол жерде қандай қазақтың ұлттық бұйымдары көрдік?

«Қазақ би» биімен оқу іс-әрекетін аяқтайды.

  • «Қазақ би» биімен оқу іс-әрекетін аяқтайды.

Назарларыңызға рахмет!

  • Назарларыңызға рахмет!


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет