МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
6 СЫНЫП, САБАҚ 6.18.1
VII бөлім: Абсолютизм: Батыс пен Шығыс
Сабақ тақырыбы: XIV Людовик және Ұлы Петр: кімнің билігі айтарлықтай шексіз болды?
Оқу мақсаттары:
6.3.1.3 - феодалдық мемлекеттің даму кезеңдерін сипаттау;
6.3.1.2 - Батыс пен Шығыстағы монархия формаларын (сословиелік-өкілдік және шексіз билік) ажырату;
6.3.1.6 - «парламент», «Бас штаттар», «сейм», «кортес», «Боярлар Думасы» ұғымдарын түсіндіру
Тарихи концепт: ұқсастықтар мен айырмашылықтар.
Сабақ компонентінің өзара байланысы:
1. Сабақты ұйымдастыру кезіңінде оқушылармен амандасып, олардың сабаққа дайындығы тексеріледі. Оқушылардың сабаққа деген ынтасын жақсарту мақсатында «Түрлі түсті ағаш» әдісін қолданыңыз. Тақтада жапырақтары жоқ ағаш салынған плакат ілінеді. Әр оқушының партасында түрлі түсті жапырақтар жатады. Мұғалім оқушыларға олардың біреуін (кез-келген түстен) таңдап алып оны ағашқа бекітуді ұсынады. Оқушылар жапырақтарды ағашқа бекітіп болған соң хабарлаңыз:
- Жасыл жапырақты таңдағандарды бүгінгі сабақта сәттілік күтеді.
- Қызыл жапырақты таңдағандар - топта жұмыс істеуді ұнатады.
- Сары жапырақты таңдағандар - сыныпта белсенді болғысы келетін оқушылар, - Көк жапырақты таңдаған оқушылар – қайсар тұлғалар болып қалыптасады.
Сонымен, оқушылар сіздердің әрекеттеріңіз арқылы ағаш түрлі түсті жапырақтармен безендірілді. Ағаштың сұлулығы сіздердің жақсылыққа ұмтылғандарыңызбен және белсенділіктеріңізбен байланысты болды. Осы сабақта тек белсенділік танытуларыңызды сұраймын.
Бұл тапсырма оқушылардың зейінін шоғырлануды қалыптастыру мен өзара қарым-қатынаста сыпайылықты дамыту үшін өте тиімді.
2. Сабақтың тақырыбын анықтау мақсатында Санкт-Петербург қаласының маңындағы Петергофты, Париж жанындағы Версаль сарайының бейнелерін көрсетіңіз. Оқушылардан екі сарай кешендерінің арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды табуын сұраңыз.
Оқушылар жауабын тыңдап болған соң, бұл сарайлардың Еуропадағы соңғы орта ғасырларда пайда болған мемлекеттік биліктің - абсолютизмнің нысаны болғандығын түсіндіріңіз.
Сабақ тақырыбын анықтап болған соң, оқушыларды бүгінгі сабақтың оқу мақсаттарымен, тарихи концептімен және бағалау критерийлерімен таныстырыңыз. Оқушылар сабақ тақырыбын дәптерге жазып алады.
3. Мәтіндермен жұмыс. Оқушыларға екі еуропалық монархтың өмірі мен қызметін сипаттайтын ақпараттық мәтіндерді ұсыныңыз: XIV Людовик және І Петр туралы. Төмендегі сұрақтарды негізге ала отырып, Венн диаграммасын толтыруды ұсыныңыз:
- Мемелекетті басқарған жылдары
- Билік ету кезеңі (ұзақтығы)
- Мемлекеттік мәселелерді шешу барысында үкіметтің қандай органына сүйенді?
- Монархтың сыртқы саясаты сәтті болды ма?
- Монархтардың әрқайсысының кез-келген үш реформасын сипаттаңыз.
- Монархқа қарсы халықтық көтерілісі болды ба?
- Осы монархтардың билігі кезінде қарапайым халық қалай өмір сүрді?
- Бұл монархтардың өмірі қалай аяқталды?
- Бұл монархтардың билігінің негізгі нәтижесі қандай?
(оқушылар диаграмма шеңберлерінің қиылысу секторындағы ұқсас белгілерді жазады, ал ерекшеліктерді - жеке шеңберлерге жазады).
Қорытынды жасаңыз: Осы екі еуропалық монархтың билігінің ұқсастықтары мен ерекшеліктері қандай?
Тапсырма дескрипторлары:
-Оқушылар Венн диаграммасында екі монархтың барлық ұқсастықтарын атап өтеді;
-Оқушылар Венн диаграммасында екі монархтың барлық айырмашылық сипаттарын атап көрсетеді;
-Оқушылар осы екі монархтың саясатында ұқсастықтар мен айырмашылықтары туралы қорытынды жасайды.
Венн диаграммасын толтырылуының үлгісі:
Достарыңызбен бөлісу: |