Сабақ тақырыбы: Заттарды көлемі бойынша салыстыру


Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру



бет3/3
Дата20.12.2021
өлшемі23,27 Kb.
#103688
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
0014d7f3-314a374f

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру




Қосымша тапсырмалар


Заттардың көлемін салыстыру барысында оқу-шылардың сөйлемдерді дұрыс құрастырып айтуына көңіл бөліңіз. Мысалы: “Құмыра 5 стақанға тең” деп айтуға болмайтынын ескерту керек. Дұрыс жауап мынадай болу керек: “Құмыраның көлемі 5 стақанның көлеміне тең”.

Суреттегі әрбір екі ыдыстың ішінен көлемі үлкенін таңда. Ыдыстарды көз мөлшермен сырттай

салыстырып, қай ыдыстың көлемі үлкен екенін анық-тауы тиіс.

Ыдыстарды салыстырып, үлкенін тапқан соң оны қызыл түске бояйды.

Әр фигурадағы текшелерді сана. Оқушылар әр фигураның көлемін анықтап, нәтижесін сан-мен жазады. Содан кейін фигуралардың арасында көлемдері тең фигураларды табуы тиіс. Оқушылар тапсырманы орындай отырып, пішіні әртүрлі фигу-ралардың көлемі бірдей болуы мүмкін деген қоры-тындыға келеді.

Жауабы:

а) 7 текше; ә) 8 текше; б) 7 текше.

а) және б) фигураларының көлемдері бірдей.

Қай ыдысқа көп су құюға болады?

Бұл тапсырманы орындағанда оқушылар көлемі үлкен ыдысты бояулары керек.

Ыдыстардың көлемдерін салыстыр.

Оқушыларға тапсырманың мәтінін мұқият оқып шығуды ұсыныңыз. Осы үш ыдысты толтыру үшін қайсысына аз су қажет екенін анықтап, оны қоршап сызу керек.

Бағалау

Оқушылар сабақ соңында:

көлем ұғымын ыдыстың ішіндегі кеңістік ретінде түсінеді;

заттарды көлемі бойынша салыстыруды меңге-реді.

Оқушылардың тақырып бойынша алған білім-

дерін сұрақтар қойып тексеріңіз:

— Шәйнекке 30 кесе су сыяды. Шәйнектің көле-мі қандай?

— Қораптың көлемі 20 текшеге тең. Қорапқа неше текше сыяды?

— Қалай ойлайсыңдар, көлемді өлшеу үшін бірдей өлшеуіш керек пе?



Оқушылардың өзін-өзі бағалауын жұмыс дәп-теріндегі “Жетістік баспалдағының” көмегімен өткізіңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет