2-ші эксперимент: Әртүрлі заттардан жасалған денелердің массалары бірдей. Осы денелердің көлемі жайлы не айта аласыңдар? Неге?
Осы сұрақтың жауабын талқылау арқылы сабақ тақырыбы мен мақсаттарына шығу.
Жаңа материалды зерттеу.
Оқушыларды екі топқа біріктіріп, кітаптағы параграфты екі топ арасында бөлу (оқу, өздеріне маңызды нәрселерді белгілеу).
«Джигсо» әдісін қолданып, әр топтпан бір-бір оқушыдан бірігіп, жұпта оқушылар параграфтың өзі оқыған бөлігін бір – бірлеріне түсіндіреді.
Оқушылар bilimland.kz парақасындағы ресурстарды пайдаланып, «Тығыздықтың» концептуалды картасын жасап жаңа тақырыпты өздері зерттейді.
Өзін-өзі бағалау презентация бойынша
Қиынықтарды анықтау және шешу.
Бекіту.
Оқушылар өз беттерімен есептер шығарады, дәптерлерімен ауысып бірін бірі презентация бойынша тексереді. Есептер қосымшада.
Оқушылар эксперименттік жұмыс орындайды.
Оқушыларға тек жұмыстың мақсаты беріледі, құралдар (сызғыш, мензурка,секундомер, таразы, алюминий, темір, ағаш білеушелер) мұғалім үстелінде болады, оқушылар керек құралдарды өздері таңдайды.
Мақсаты: заттардың тығыздықтарын анықтау.
Таблицалық мәндерімен салыстырып қорытындылар жасайды.
Жасалған қорытындылар талқыланады, қиындықтар туындаған жағдайда мұғалім көмектеседі.
|