2. Дайын дәрілік препараттардағы микроорганизмдерінің рұқсат етілген нормалары.
Микроорганизмдердің болуы мүмкін тұрғысынан дайын дәрі – дәрмектер 2ге бөлінеді:
1)Өмірге қабілетті микроорганизмдердің болуына жол берілмейтін стерильді дәрілік заттар (СЛС). Олардың үлесі ДЗ жалпы санының шамамен 20% - ын құрайды.Бұл препараттарға: инъекциялық және инфузиялық ерітінділер және парентеральді енгізуге арналған препараттар, көз тамшылары (стерилизациядан кейін және асептикалық жағдайларда дайындалған); ашық жаралар мен күйіктерге арналған препараттар; Жаңа туылған нәрестелерге арналған препараттар және т.б жатады.Демек бұл препараттардың құрамында микроорганизмдер болмайды.
2)Стерильденбеген дәрілік заттар (НЛС): саны мен сапалық құрамы өнімнің түрі мен мақсатына байланысты болатын және тиісті құжаттамамен нормаланатын тірі микроорганизмдердің болуына жол берілетін ДЗ. Олардың үлесіне шамамен 80% тиесілі.
Ішке қабылдауға арналған дәрілік шикізат
|
1г немесе 1 мл препаратта 1000 бактерия және 100 ашытқы ,көгергіш саңырауқұлақтан аспау керек.Ішек таяқшасы мен сальмонеллалар болмауы керек.
|
Жергілікті қолданғанға (мұрын,интравагиналды пайдаланылатын)арналған препараттар
|
1 г немесе 1 мл препаратта барлығы 100 микроб жасушасынан аспауы керек.Көкірің таяқшасы,энтеробактериялар,алтынды стафилококк болмауы керек.
|
Таблетка түріндегі препарат
|
1 таблеткада жалпы микроб саны 10000-нан аспауы керек.Патогенді микрофлора болмауы керек.
|
Ауыз қуысы гигиенасына арналған заттарда(тіс пастасы,элексирлер,сағыздарда)
|
Микроб саны 100КТБ/г дан аспауы керек.Көкірің таяқшасы,көгерткіш саңырауқұлақтар ,Candida туыстығының саңырауқұлақтары,Eterobacteriaceae тұқымдастығының бактериялары болмау керек.
|
№ 14 сабақ
Достарыңызбен бөлісу: |