1.2.1.2 оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолдану;
1.4.1.1 айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көшіріп жазу және есту, есте сақтау арқылы жазу
Сабақтың мақсаты
Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқиды.
Айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көшіріп жазады, есте сақтайды.
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Басы
Психологиялық дайындық. «Кім жылдам?» – Балалар, кәне, кім жылдам екенін анықтайық. Сендерге бір жұмбақ жасырайын. Тақтаға назар аударыңдар.
Интербелсенді тақтада көрсетілген жұмбақты шешу ұсынылады.
Шанамен зырлап желетін, Шаңғы, коньки тебетін, Аққала жасап ойнайтын Қай мезгіл деп ойлайсың?
Психологиялық ахуалға берілген жұмбақты интербелсенді тақтадағы таныстырылымнан оқып, шешуін табады.
«Бас бармақ» арқылы бағалайды.
Таныстырылым
Баяу музыка қосып қоюға болады.
– Қыс несімен қызықты? Қандай ойындар ойнағанды жақсы көресіңдер? Оқушылардың жауаптары тыңдалып, сол атаулар бойынша жаңа топ құрылады.
1-топ. «Сырғанақ». 2-топ. «Қар».
топ. «Аққала».
топ. «Шана».
Әр оқушы кезекпен бір сөзден айта отырып, жаңа топ құрылады.
Ортасы
«Болжау» арқылы өлеңнің тақырыбын және мазмұнын оқушыларға анықтату.
Балалар, көз алдарыңа елестетіп көріңдерші. Айнала аппақ қар. Бір топ баламен аулаға немесе ауыл сыртына шықтыңдар. Әрі қарай не істер едіңдер? (Оқушылардың жауаптары тыңдалады).
Бойларыңды қандай сезім билейді?
Бүгінгі біздің танысқалы отырған өлеңіміздің тақырыбы қандай болмақ деп ойлайсыңдар? Енді осы тақырыптағы өлеңнің мазмұны қалай болады? Өз сөздеріңмен әңгімелеп көріңдерші.
Интербелсенді тақтадан «Алғашқы қар» өлеңі ұсынылады.
Оқулықпен жұмыс Өлеңнің авторы жайлы қысқаша мағлұмат беріледі.