Сабақ: Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы (1680-1715-1718ж ж) Мектеп: К.Әзірбаев атындағы №15 орта мектеп



Дата05.06.2017
өлшемі110,74 Kb.
#18164
түріСабақ
САБАҚ ЖОСПАРЫ:

7-сынып

Орта ғасырлардағы қазақстан тарихы


САБАҚ: Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы (1680-1715-1718ж.ж)

Мектеп: К.Әзірбаев атындағы №15 орта мектеп

Күні: 18.04.2017ж

Мұғалімнің есімі: Рустемова Э.Б

СЫНЫП: 7 «А», «Ә», «Б»

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары):

Оқушылар Тәуке ханның қазақ хандығының тарихында тәжірибелі қолбасшы, білікті саясаткер ұлы тұлға болғанын білу. «Жеті жарғы» заңының қазақ елін біріктіру мақсатында құрғандығын оқушыларға ұғындыру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Тәуке ханның ішкі және сыртқы саясатын және Тәуке ханның білікті саясаткер, Ұлы тұлға болғанын түсінеді

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясатын айта алады , және Тәуке ханды басқа тұлғалармен салыстырып өзіндік ой қорыта алады

Кейбір оқушылар:

  • Тәуке ханның тұсындағы Қазақ хандығына қатысты өз ойларын білдіреді, «Жеті жарғы» заңдар жинағының тәрбиелік мағынасын айтады




Тілдік мақсат

Оқушылар:

  • Ойларын жеткізе алады, салыстырады, дәлелдейді

Негізгі сөздер мен тіркестер: «Жеті жарғы», «Жоңғар шапқыншылығы», «Жәңгір ханның ерлігі», «Тәуке ханның көреген саясаты»




Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған сұрақтар:

1.Тәуке хан билік басына отырғанда не себепті ішкі жағдай қиын жағдайда болды?

2. Қазақ Жоңғар соғыстарының қазақ хандығының сыртқы жағдайына қандай әсері болды?

3.Тәуке ханның билігін не себепті алтын ғасырға теңеді?


Сіз неліктен...... екенін айта аласыз ба?

Не себепті Тәуке хан тұсында «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман» деп аталады?

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Оқиғалар тізбегін сауатты жазу






Алдыңғы тақырып

5-сынып. §13. Қазақ хандары мен билері (61-68 бет)

Жоспары:


Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы




-Оқушылармен сәлемдесу

-Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру

-Оқушылардың назарын сабаққа аудару

Зейінді шоғырландыру

«Досқа лебіз» тренингі. Оқушылар бір біріне сәттілік досының есімінің бас әріпінен басталатын жылы сөзін айтады мысалы: Диана-Дарынды, Амина-Ақылды.

Топқа бөлу, топ ережесімен таныстыру

Топқа жұлдызшаға жазылған тірек сөздермен топтастырамын.


  1. Топ: Орбұлақ

  2. Топ: Алтын ғасыр

  3. Топ: Жеті жарғы

  4. Топ: Билер

Әр топ ақылдасып Спикер топ басшысын сайлайды.

Топтарға бағалау парақшалары мен смайлингтер, бағалау парақшалары беріледі.

«Тәуке хан» видиофильмі көрсетіліп, тапсырма беріледі. Оқушылар фильмді көре отырып не туралы екенін айтады. Осы арқылы сабақтың тақырыбын анықтайды.


Тірек сөздер жазылған қиынды сөздер

«Орбұлақ»,

«Алтын ғасыр»,

«Жеті жарғы»

«Билер»

Бағалау парақшалары



Ортасы

22-мин

«ДЖИГСО» әдісімен оқушылар 1,2,3,4 сандарымен топқа бөлініп берілген тақырыптарды оқып , өз топтарына келіп бір-біріне түсіндіреді.

1-топ: Тәукенің хан болуы қарсаңындағы Қазақ хандығының саяси жағдайы

2-топ: Тәукенің хан тағына отыруы

3-топ: Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы

4-топ: « Жеті жарғы» заңдар жинағы

Постер қорғау
Топпен жұмыстар жасайды
1-топ. Орбұлақ шайқасының тарихи маңызын түсіндіру, оқиға тізбегін жасау

2-топ. Тәуке хан билігі тұсында «Алтын ғасырға» теңелу себебін түсіндіру.

3-топ: «Жеті жарғы» заңының Тәуке ханның билігіне әсері және заңға талдау жасау

4-топ: Тәуке хан билігіне дейін және билік еткен уақытта елдің саяси жағдайы қандай болды зерттеу жүргізу.


Әр топ жұмысын қорғайды.

(Қ.б «екі жұлдыз бір тілек»)

Әр топқа 5 жұлдызбен жұлдызша жауаптарына қарай беремін.


Оқулық

Интер белсенді тақта, плакат, қарындаш, қайшы, клей, суреттер,

Оқушының жұмыс дәптері


Аяқталуы

16 мин


«Кубизм» әдісімен сабақты бекіту

1



Сипаттау

  • Тәуке хан қандай хан болды? Не себепті олай ойлайсың?

(Қ.б басбармақпен)

2



Зерттеу

  • Жоңғарлар қай жылдары еліміздің қай жерлеріне шабуыл жасады?

(Картамен жұмыс)

(Қ.б отшашумен)

3

Салыстыру


  • Тәуке хан билік еткен уақытты «Алтын ғасырға» теңеді, ал қазіргі Н.Ә. Назарбаевтың билік еткен уақытында «Алтын ғасырға» теңейміз не себепті, қандай ұқсастықтары бар?

(Қ.б «екі жұлдыз бір тілек» әдісімен)

4



Егер де мен...

  • Егер де мен осындай қиын жағдайда хан болсам....

(Қ.б отшашумен)

5



Қолдану

  • Сәйкесін тап

Сәйкестендіру тесті:

1

Жәңгір хан билік құрды

А

1680-1715,1718 жж.




2

Жалаңтөс батыр әскерінің саны

Б

50 мың




3

Тәуке хан билік құрды

В

1628-1652 жж.




4

Қазақ-бұхар шайқасы

Г

1643 жылы




5

Жоңғар әскерлерінің саны

Д

20 мың




6

Орбұлақ шайқасы

Е

1603 жылы




 Жауабы: 1-В, 2-Д, 3-А, 4-Е, 5-Б, 6-Г

(Қ.б жүректеп)


6

Қолдайды немесе қолдамайды

  • «Жеті жарғы» заңының тәртібін қолдайсыз ба, қолдамайсызба? (топ өз қалауымен өз ойларын айтады)


(Әр жауапқа қ.б бағдаршам әдісімен бағалайды)
Сұрақтар шеңбері

Дәптермен жұмыс

Әр оқушы бүгінгі сабаққа 3 маңызды сұрақ жазып алады.

1-2


2-3

3-4


4-1 топтарға сұрақтар қояды

Әр топ бір біріне 2 сұрақтан қояды, бір-бірінен жауап алады.

(Қ.б басбармақпен)
Бағалау:

Бағалау талаптары:



  • Топтық ереже сақталдыма?

  • Жаңа тақырыпты қаншалықты меңгерді?

  • Өз ойын толық, сауатты жеткізе алды ма?

Оқушылардың топта топ басшысы қалыптастырушы бағамен бағалайды

Жиынтық бағаны мұғалім қояды.
Үйге тапсырма: Өз ой толғанысымен «Тәуке хан ұлы тұлға, білікті саясаткер...» тақырыбына эссе жазып келу .Жұмыс дәптерін толтыру.


Интербелсенді тақта

Кубизм


Венн диограмасы

Сәйкестендіру тест таратпа қағазы

Бағдаршам

Дәптер, оқулық

Бағалау парағы

Күнделік


Қосымша ақпарат

  • Тәуке ханға арналған видиофильм көрсетіледі

  • М.Х.Дулатидің еңбектерімен қосымша ақпарат көздері

Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері


АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы байланыс

  • Тәуке ханды Н.Ә Назарбаевпен салыстырып өз ойтолғанысымен айту

  • Жеті жарғы заңдар жинағына талдау жасау

  • «Кубизм» әдісі бойынша суреттейді, сипаттайды, образға кіреді,өз ойларын ортаға салады;

  • «Төрт сөйлем» тәсілі арқылы тақырыпты өз мысалдары арқылы жинақтап, кері байланыс жасайды.

«Бас бармақ» әдісі

Топтық жұмыс арқылы оқушылардың бірлескен әрекетін «Бақылау парағы» арқылы бақылау, өзара «Көңілді бесбармақтар» әдісі бойынша жетістіктерін айқындау. Оқушылардың қажетті білімдерін білу мақсатында ашық сұрақтар беріледі.

Кері байланыс (ауызша, жазбаша)

«Екі жұлдыз бір тілек»




АКТ-мен байланыс (Сабақ барысында қолданылатын таныстырылым үшін)

Дүние жүзі тарихы пәнімен байланыс (Қазақ хандығының көрші елдермен байланыс тарихымен таныстыру)

География пәнімен байланыс (жер қыртысындағы тас атаулары, жер-су атаулары)

Қазақ тілімен




Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ барысында мен алдыма қойған мақстыма жеттім.Себебі оқушылар Тәуке ханның ұлы қолбасшы, білікті саясаткер, ұлы тұлға болғанын білді. Тәуке хан тұсында Қазақ хандығын басқа уақыттармен салыстырып сараптама жасады. Сабақ барысында оқушылар топтық жұмысты көрсетіп, топқа бөлінген тірек сөздермен сабақтың тақырыбын болжады. Сыныпта жақсы ахуал болды, зейінді шоғырландыру кезеңінде біріне өз аттарының бас әріпінен басталатын сын сөздер айтып бір-бірін қуантты, топпен жұмыс жасауда оқушылар белсенділік танытып, жаңа сабақты жақсы қорғап шықты.

Мен әр әдіске уақыт бөліп жоспарлаған болатынмын. Сабақтың басы-7 минут, ортасы-22 минут, аяғы-16 минут. Берілген уақытта үлгердім тек сабақтың басында мен 9- минут өткіздім, ал ортасында уақытты тиімді пайдалану үшін 20 минут уақыт бөлдім.

Сабақ барысында «сұрақтар шеңбері» әдісінде 3- сұрақтан оқылу керек еді, мен уақыттың аздығын ескеріп тек екі сұрақтан талдаттым.



Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2: Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?



1:

2

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет