Тақырыбы
|
Тригонометриялық функциялардың негізгі қасиеттері мен графиктері.
|
Сабақ-тың мақсаттары
|
Тригонометриялық функцияның қасиеттері мен графигі ұғымын анықтайды. Тригонометриялық функциялардың қасиеттерін (анықталу облысы, мәндерінің облысы, жұп-тақтығы, периодтылығы, өсу-кему аралықтары) түсінеді.
Тригонометриялық функциялардың графиктерінің түрлерін ажыратады, мысал келтіреді. Тригонометриялық функциялардың қасиеттерін есептер шығаруда қолдана алады.
|
Оқы ту нәтижелері
|
А деңгейі:
Тригонометриялық функциялар графиктерінің түрлерін ажыратады, қасиеттерін пайымдайды, мысал келтіре алады, ұғымдарды жалпылай алады, өздігінен, жұппен, топпен жұмыс жасай алады.
В деңгейі:
Тригонометриялық функцияларының графиктерінің түрлерін ажыратады, мысал келтіреді. Тригонометриялық функцияларының қасиеттерін есептер шығаруда қолдана алады
С деңгейі
Тригонометриялық функциялар графиктері түрлерін анықтайды, бірақ ажырата алмайды, мысал келтіреді, бірақ дәлелдей алмайды.
|
7 модульдің қолданылуы
|
Оқыту мен оқуда АКТ-ды пайдалану, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.Дарынды және талантты балаларды оқыту. Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту және оқу
|
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
|
1.Тренинг «Әр елдердегі сәлемдесу салты» ойыны«Мозаика әдісі» арқылы топқа бөлу, «Қонаққа бару » әдісі, «Миға шабуыл» стратегисы «Ойлан жұптас», «Бас бармақ» әдісі, «Бес саусақ» стратегиясы.
|
Сабақ кезеңдері
|
әдіс-тәсілдер
|
Оқушы әрекеті
|
Уақыты
|
Ресурстар
|
Қызығушылығын ояту
|
Психологиялық ахуал тудыру: «Әр елдердегі сәлемдесу салты»
|
Қазақша, жапонша, үнділерше сәлемдесу,
|
(2 мин)
|
Қима қағаздар,
слайд-шоу,
А4 қағаз,
бағалау кестесі,
интербелсенді тақта,
Алгебра және анализ бастамаларына арналған оқулық. 10 сынып
А.Әбілқасымова, З.Жұмағұлова, К.Шойынбеков, В.Корчевский Алматы «Мектеп», 2014
таратпа қағаз, постер, сағат.
Сәйкестендіру кестелері (таратпа қағазда)
|
Мозаика әдісі: қима қағаздарды құрау арқылы топтарға бөлу. Тригонометриялық функциялар анықтамаларын құрастыра отырып жұбыңды тап.
|
Қима қағаздарды жинап, өз тобындағы оқушыларды табу.
Үш топқа бөлемін: синустар, косинустар, тангенстар. Әр топтан бір орындық артына стикер жабыстыру арқылы спикерді анықтау
|
(1 мин)
|
Топ қасиеттерін анықтау
|
Топ қасиеттерін негізгісін топта талқылап, қима қағаздарға жазу, шаңырақ құру.
|
Шаңырақ суреті, қима қағаздар тарату
Мұғалім топ қасиеттерін топ спикерларына айтуларын сұрайды.
|
(2 мин)
|
Бағалау кестесі
|
Топтарға бағалау кестесін беріп, түсіндіру.
|
Бағалау кестесімен танысу
Спикер орындығы артына стикер жабыстырылған оқушы болады
|
(1 мин)
|
Мағынаны ашу
|
Визуалдандыру әдісімен «Миға шабуыл» стратегиясы:
-Дене температурасының графигі
-Жүрек дүрсілі- ЭКГ
- Тақтада сабақ беріп тұрған математика мұғалімінің суреті
-Компьютерден көрсетілген дыбыс асциллографы.
Бұл суреттерді не біріктіреді?
|
Тақтада көрсетілген суреттер арқылы ассоциация құрып, тақырыпқа шығу.
|
(2 мин)
|
ІІ.Негізгі бөлім
|
«Джигсо» әдісі –тұжырымдамалық карта жасау арқылы оқулықтағы мәтінмен жұмыс, топта және топтар арасында ой толғауға бағыт беру. Спикердің міндетін, топтағы басқа оқушылардың міндеттерін түсіндіру.
|
Әр топтың барлық мүшелері берілген мәтінді оқиды(7 мин). Өз тақырыпшасы бойынша постер(сызбаларды қолданып) жасайды.(6 мин) Джигсо әдісімен (1топ-2топқа, 2топ-3топқа, 3топ-1 топқа сағат тілімен қонаққа барады), спикерлар басқа топқа орын ауыстырып, сол топқа баяндайды, тыңдап шығады, сұрақ қояды, толықтырады. Өз тобына оралып, талдайды толықтырады.(6 мин).
|
(19 мин)
|
ІІІ. Қорытынды бөлім
|
«Ойлан, жұптас» стратегиясын қолданамын: сәйкестендіру кестесін толтыру, жұппен және топпен талдау.
|
-Жұппен орындайды.(3 мин)
-Басқа жұппен салыстырады, дәлелдейді.(2 мин)
-Тақтадағы жауаптармен салыстырады.(1 мин)
|
(6 мин)
|
Бағалау
|
«Бас бармақ»
|
Бір-бірін бағалайды.(бас бармақпен).
Бағалау кестесі бойынша толтырып, өзара бағалайды, қойған бағасына дәлел келтіріп, ауызша түсіндіреді.
|
(5 мин)
|
Рефлексия
|
«Бес саусақ» стратегиясымен кері байланыс орнату
Сурет салу арқылы
|
Бас бармақ: Не білдім?
Сұқ саусақ: Қалай жұмыс жасадым?
Ортаң терек: Кімге көмек көрсеттім?
Шілдер шүмек: Кім маған көмек көрсетті?
Кішкентай саусақ: 1 тілек жазу.
|
(5 мин)
|
Үй тапсырмасы
|
Үй тапсырмасын тақтаға шығарып қою.
№ 81 б)в) №83 г)ғ)
Параграф 5, 48 бет сұрақтар бойынша дайындық. Бес жол өлең. «Тригонометрия»
|
Күнделіктеріне жазып алады.
|
(1 мин)
|