Сабақ тың тақырыбы «білімді ұрпақ жарқын болашақ»



бет22/59
Дата02.04.2022
өлшемі168,24 Kb.
#137675
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   59
Байланысты:
7 кл часы поуроч

Бөлім: Сынып сағаты

Мектеп: КММ «№65 ЖББМ»

Күні: 26.10.21

Мұғалімнің аты-жөні: Достан Гүлжаһан

Сынып: 7 «г»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

«Ы.Алтынсарин шығармашылығы» (180 жылдығы)



Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7.1.1.9. – Ұлы тарихи тұлғаны есте сақтауға, құрмет тұтуға, үлгі алуға тәрбиелеу.

Сабақтың мақсаты

Алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірімен, шығармаларымен оқушыларды таныстыру.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы
5 минут

Ұйымдастыру кезеңі 2 минут
Оқушылармен сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу.



Жаңа сабаққа дайындалады







Негізгі бөлім
Тақырыпты ашу
15 минут



1.Аялдама «Ой қозғау» Ы. Алтынсарин өміріне, шығармашылығына тоқталу Бейне көрініс көрсету.
Мұғалім сөзі:Әр халықтың болашаққа бет алған тарихы даму жолында жарық жұлдыздай болып бағыт - бағдар сілтеген, сөйтіп сол ұлттың, халықтың тарихында есімдері ерекше аталатын зор тұлғалар болатыны айқын. Халқымыздың тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлихановпен, ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаевпен бірге аса көрнекті қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин. Ы. Алтынсарин - алғашқы халық мұғалімі, қазақ даласында алғаш рет халықтық мектеп ұйымдастырушы педагогы, балаларға арнап өте құнды өлеңдер мен әңгімелер жазған жазушы. Алтынсарин 1841 жылдың 20 қазанында қазіргі Қостанай облысының Затобол ауданында дүниеге келген. Әкесі Алтынсары ерте өліп, жастайынан атасы Балқожаның тәрбиесінде өскен. Осы атасының ықпалымен Ыбырай 1850 жылы Орынборда ашылған орыс - қазақ мектебіне оқуға алынады. Сабақты ерекше ынтамен оқыған ол 1857 жылы «өте жақсы»деген бағамен бітіреді. Ы. Алтынсариннің оқып, білім алуына жағдай жасап, ақыл - кеңес беріп отырған атасы Балқожа би еді. Оқуда жүрген жас Ыбырайға атасы хат арқылы өлең мен күш - қуат, ынта - жігер беріп отырады. Балқожа бидің баласына жазған хаты. Содан кейін өз елінде 2 жылдай, 1859 жылы Орынборға тілмаш болып ауысады. Бұл кезде белгілі шығыс зерттеушісі ғалым - профессор В. Григорьевпен жақын танысып, оның кітапханасын пайдалануға мүмкіндік алады. 1860 жылы Орал сыртындағы қазақтар үшін төрт бастауыш мектеп ашуға ұйғарылған кезде, Ыбырай өзі сұранып, Торғай мектебіне оқытушы болуға рұқсат алады. Қазақстан мектептерінің жұмысы Ыбырай
Алтынсариннің педагогтік қызметпен айналысуынан бастап ерекше жанданды.1876 жылы Ыбырай Петербург, Қазан қалаларына барды. Орыс ағартушыларының еңбектерін зерттеді. Соларға еліктеп қазақ тілінде оқу құралдарын жасауды ойлайды. Сөйтіп 1876 жылдан бастап «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кірісті. Бұл кітап ана тіліміздегі тұңғыш оқулық еді. Хрестоматияға тәрбиелік мәні жоғары көптеген шағын әңгімелері, өлеңдері мен ауыз әдебиеті үлгілерін, аударма шығармаларын енгізген болатын.
Биыл Ы.Алтынсарин атамыздың туылғанына 175 жылдығын атап өтіп жатырмыз. Біздің республикамызда ағартушы, педагог, жазушы, қоғам қайраткерінің есімі: 50 мектепке, Рудный әлеуметтік – гуманитарлық колледжіне, Арқалық мемлекеттік пдагогикалық институтына және 1996 жылдан бастап Ұлттық білім академиясына берілген.







Презентация

Сабақты бекіту
20 минут

«Алтынсарин кім?» постер корғау. Әр топ берілген тақырып бойынша өз ойларын жеткізеді.
І топ «Ыбырай дың өмірбаяны»
ІІ топ « Ыбырай ағартушы педагог»
ІІІ топ «Ыбырай қоғам қайраткері»










Соңы
5 минут



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет