Сабақ тың тақырыбы «білімді ұрпақ жарқын болашақ»



бет48/59
Дата02.04.2022
өлшемі168,24 Kb.
#137675
түріСабақ
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   59
Байланысты:
7 кл часы поуроч

Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Бөлім: Сынып сағаты

Мектеп: КММ «№65 ЖББМ»

Күні: 01.02.22

Мұғалімнің аты-жөні: Достан Гүлжаһан

Сынып: 7 «г»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Алаш ардақтысы Алихан Бөкейхановтың туылғанына 155 жыл

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7.3.1.3 –  халықтың қалаулысы Әлихан Бөкейхановты ХХ ғасырдың ең көрнекті тұлғасы деп қарастырып, оның орасан мол мұрасын ұрпаққа түсіндіре білу

Сабақтың мақсаты

Оқушыларды патриоттыққа,отан сүйгіштікке тәрбиелеу;



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы
5 минут

Ұйымдастыру кезеңі 2 минут
а) оқушылардың сабаққа дайындығын пысықтау.
ә) оқушыларды түгендеу

Жаңа сабаққа дайындалады







Негізгі бөлім
Тақырыпты ашу
15 минут



Биыл көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт азаттық қозғалысының теориялық негізiн сaлушы әрі көсeмі, қазақтың тұңғыш саяси партиясын ұйымдастырушы және Алашорда үкіметінің төрағасы Әлихан Бөкейханның туғанына 155 жыл толып отыр.
Тарихтағы «ақтаңдақтарды» алғашқылардың бірі болып зерттеген белгілі жазушы-публицист Бейбіт Орынбекұлы Қойшыбаев. Осы автордың 2001 жылы жарық көрген «Әлихан Бөкейханов» атты еңбегінде Алаш көсемі Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның өмірі мен қызметі туралы толық мәлімет ұсынылған. Аталған кітапта ұлт қайраткерінің басынан кешкен күрделі кезеңдері мен саяси соқпағы туралы деректер бар. Осы еңбекке сүйене отырып, ұлт көсемінің тағылымға толы тағдырына аз-кем тоқталмақпыз.
«XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында мемлекеттілігі өзін-өзі билеу көріністері мүлде жойылып, бөтен жұрттың езгісі мен қанауына түскен қазақ халқы – осы жүзжылдықтың басында сол кезгі өркениет үлгісімен жерлерін біріктіріп, мемлекеттілігін қалпына келтіруді батыл қолға алған-ды. 1917 жылдың 12 желтоқсанында Орынбор шаһары қарлы аязды еді. Сағат 15:00 қазақ автономиясы жария болды. Ұлттық – территориялық негізде құрылған автономия. Делегаттар бөркін аспанға атты...»,- дейді автор тұңғыш «Алаш» автономиясының құрылған тұсын суреттеп.
Қаулы: «Шығу тегі бір, мәдениеті бір, тарихы, тағдыры бір, тілі бір қазақ халқы басым көпшілік ретінде мекендеп жатқан біртұтас аймақ болып табылатын жерлер – Бөкей ордасы, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария облыстары, Ферғана, Самарқан облыстарындағы, Каспий сырты облысының Амудария бөліміндегі қазақ уездері, Алтай губерниясының ірглес қазақ болыстары әкімшілік тұрғыда бір орталыққа біріктіріліп, өз алдына ұлттық, жерлі автономия құрылсын!»- делінген екен. Осындай қаулыны күллі қазақ құрылтайы бір ауыздан қабылдады.









Презентация

Сабақты бекіту
25 минут



бүгін сіздер алаш қайраткері Әлихан Бөкейхан жайлы,оның қазақ еліне,жеріне жасаған еңбектері туралы толық мағлұмат алдыңыздар. 
Әлихан Бөкейхан — ғұлама ғалым ормантанушы, экономист, мал шаруашылығын зерттеуді ғылыми жолға қоюшы, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы, әрі публицист ретінде қазақ халқының саяси әлеуметтік, мәдени рухани тарихында өшпестей із қалдырған ұлы тұлға. Ұлы тұлғаның әлі де зерттелетін еңбектері бар.Оны ізденіп зерттеу сіздердің қолдарыңызда.










Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет