М. О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі. (білім беру ұйымының атауы)
Орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған педагогтың сабақ жоспары Мемлекеттік егемендікті жоғалту (сабақ тақырыбы)
Модуль /пән атауыҚазақстан тарихы Дайындаған практикант Дүйсенбекова А. М. 2022 жылғы " "
1.Жалпы мәліметтер Курс, оқу жылы, топ 1 курс,2021-2022 оқу жылы, Ауд 21-09
Сабақ типі Аралас
2. Мақсаты, міндеттер Қазақ хандығының Ресей империясының протекторатын қабылдау себептері мен тарихи маңыздылығына көз жеткізу
Мідеттер:
Ресей империясынан протекторлық алуға дейін жеткізген, Қазақ даласында болған саяси мәселелерді анықтау
Хандық биліктің Қазақ жүздерінде не себепті жойылғанын ажырату;
Ресей империясының Қазақ жеріне тигізген экономикалық және саяси теңгерімін талдау.
2.1 Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі Білім алушылар таратпа материалдарды пайдалана отырып, Қазақ хандығы мен патшалық Ресей империясы арасындағы хронологиялық даталар мен тарихи ерекшеліктерін анықтайды.
2.2 Күтілетін нәтиже: Қазақ хандығы аумағында Ресей империясы тарапынан жүргізілген реформалардың ерекшелігін сипаттау.
2.3 Бағалау критерийі:
картамен жұмыс атқарады.
мәтінді талдау, сұрақтарға жауап береді.
Топтық жұмыс орындайды
3. Сабақты жабдықтау Презентация, карта, тірек сызба, схемалары
3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер З.А.Джандосова. Қазақстан тарихы. 10 - топқа арналған оқулық.- Алматы: Мектеп, 2019
3.2 Техникалық құралдар, материалдар АКТ, интерактивті тақта.
4. Сабақтың барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
Алдыңғы білімін жаңғырту 1. Тест арқылы білім алушылардың өткен сабақтан алған білімін қысқа уақытта анықтау
.
Сабақтың ортасы
Зерттеу сұрақтары:
ХҮІІІ ғасырдың ІІ ширегіндегі Қазақ хандығының саяси жағдайы қандай?
Реформалардың түпкілікті мақсаты қандай?
1 тапсырма: Білім алушылар тақырып бойынша оқулықпен жұмыс жасап, қойылған сұрақтарға жауап береді (ауызша)
Дескриптор: Мәтінді оқу.
Сұраққа жауап беру.
Өз ойын білдіру.
2 тапсырма: Топ студенттері ментальді картамен жұмыс жасау арқылы, Қазақ даласында патшалық Ресей империясы тарапынан жүргізілген реформалардың салдары мен әкімшілік бөліністердің өзгерісіне назар аударады.
3 тапсырма: «Жұптық жұмыс»
Әр студент өзімен көрші отырған студентке өткізілген тақырып бойынша «3-жіңішке, 3-жуан сұрақ құрастырып, соған жауап беруі қажет
Дескриптор: Білім алушының жан-жақты байланыс орнатуына
Сұрақ құрастырудағы мүмкіндіктері
Студенттердің ынтымақтастығы
үйлестірмелі материал Қосымша 2
Қосымша 1
Сабақтың соңы
Ж/Т «Шығу парағы» әдісі арқылы Маған .................. қиын болды.
Мен ...................... тапсырмаларын орындадым.
Мен ...................... екендігін түсіндім.
Мен ...................... үйрендім.
Слайд
6. Үй тапсырмасы, бағалау З.А.Джандосова. Қазақстан тарихы. 10 - сыныпқа арналған оқулық.- Алматы: Мектеп, 2019