Сабақ типі: Аралас сабақ. Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу. Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелер



бет1/4
Дата11.01.2017
өлшемі0,71 Mb.
#7422
түріСабақ
  1   2   3   4
Дүниетану ________________

Тақырыбы: Су. Табиғаттағы су айналымы.

Мақсаты: Жаңа сабақты түсіндіру.

Ойлау,есте сақтау,қабілеттерін,тіл байлығын дамыту.

Табиғатты қорғауға, суды үнемді жұмсауға тәрбиелеу.

Сабақ типі: Аралас сабақ. Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелер.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

«Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар» тақырыбының мазмұнын сұрау.Дәптерлерін тексеру.

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі: -Ас тұзын қайдан алады? -Фосфориттің қандай пайдасы бар?

-Асбесттің қандай ерекшелігі бар?Қайда қолданылады?



IV. Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын, мақсатын хабарлауСу. Табиғаттағы су айналымы.



V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1. Мұғалімнің түсіндірмесі: Су ғажайып зат. Табиғаттағы су үш түрлі: сұйық, қатты және газ тәріздес бу күйінде кездеседі.Су-табиғатта ең көп таралған зат.Жер бетінің үштен бір бөлігін су қабаты алып жатыр.Қалған үштен бір бөлігін ғана құрлық.

Сусыз тіршілік жоқ дегенді қалай түсінесің?

Оқулық пен суреттер бойынша табиғаттағы су айналымы туралы ұғындыру.

«Су –тіршілік көзі»тақырыбындағы фильмді көрсету.

Оқулықпен жұмыс. Тізбектей оқыту.

Дәптермен жұмыс. Күн ретін,ауа райын жазу. Судың қандай күйде кездесетінін жазу.

Дүние жүзі бойынша ішуге жарамды су тек 1-ақ %. Сондықтан оны үнемді пайдалану керек. Суды үнемдеуде өзің қандай үлес қосасың?



VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

-Табиғаттағы су айналымы қалай жүреді? Тақтаға суретін салып көр.

-Адам су ішпей қанша уақыт төзе алады?

-Қанша кг. су азайса адам өліп кетуі мүмкін?

VII. Бекіту кезеңі: Қорытындылау

VIII. Үйге тапсырма беру кезеңі: 56,57,58-бет оқу, мазмұндау. Бағалау.

Дүниетану ________________



Тақырыбы: Жер асты сулары.

Мақсаты: Жер асты сулары, олар қайдан пайда болатыны жайлы түсінік беру.

Ой-өрісін, сөздік қорын, тіл байлығын, мазмұнын өз сөзімен жеткізе білу қабілеттерін дамыту.

Тазалыққа ,достыққа ,табиғатқа зиян келтірмеуге тәрбиелеу.

Сабақ типі: Аралас сабақ. Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелер.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Мазмұнын айтқызу. Дәптерлерін тексеру. Тақтада су айналымы қалай жүретінін бейнелету.



ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:

-Табиғаттағы су айналымы қалай жүреді? -Адам су ішпей қанша уақыт төзе алады?

-Қанша кг. су азайса адам өліп кетуі мүмкін?



IV. Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын, мақсатын хабарлау Жер асты сулары.



V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1. Кіріспе Жер асты суы дегенді қалай түсінеміз? Біз жер асты суын пайдаланамыз ба?

Сурет бойынша жер асты сулары қалай пайда болатынын өзіміз түсіндіріп көрейік.

Судың бір қасиеті-еріткіштігі. Ол осы қасиетімен жерге сіңген кезінде тау жыныстарындағы түрлі минералдарды ерітеді. Судың физикалық қасиеті өзгереді.Дәм,иіс пайда болады. Температурасы өзгереді. Енді ол сулар минералды су болды.Минералды сулардың ішуге жарамды, жарамсызы болады.Ішуге жарамды судың бір литрінде 2-20 грамм еріген тұз болады. Әртүрлі сырқаттардан айығуға көмектеседі. Оларды шипалы су деп те атайды. Шипалы су шығатын жердің маңына курорттар салынады.Ел арасында «арасан» деп те аталады.Алмаарасан,Қапаларасан, Барлықарасан,Арасанталды,Жаркентарасан атаулары осыдан шыққан.

Оқулықпен жұмыс. Тізбектей дауыстап оқыту. Дәптермен жұмыс. Күн ретін,ауа райын жазу. Суреттер бойынша еліміздегі шипажайларды жазу.

VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

-Терек бір жазда қанша литр суды буландырады екен?

Минералды су қайдан пайда болады? Демалыс орындары әсіресе қандай жерлерге салынады екен? Жер асты суының қандай пайдасы бар?

VII. Бекіту кезеңі: Қорытындылау

VIII. Үйге тапсырма беру кезеңі: 58,59,60-беттерді оқу, мазмұндау.

Бағалау.

Дүниетану ________________

Тақырыбы: Өзендер мен көлдер .

Максаты: Өзен және көл туралы түсіндіру, айырмашылығын ұғындыру.

Ой-өрісін,тіл байлығын ,жүйелеп мазмұндау дағдысын қалыптастыру.

Өз Отанына деген сүйіспеншілікке, өзен көл жағасында тазалық сақтауға тәрбиелеу.

Сабақ типі: Аралас сабақ. Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелер,диск.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

«Жер асты сулары» тақырыбын мазмұндату

Дәптерлерін тексеру..

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:

-Терек бір жазда қанша литр суды буландырады екен?

Минералды су қайдан пайда болады?

Демалыс орындары әсіресе қандай жерлерге салынады екен?

Жер асты суының қандай пайдасы бар?

IV. Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын, мақсатын хабалау.

Өзен және көл.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Кіріспе: адам тіршілігі үшін өзен мен көлдің қандай маңызы бар? Өзендер –құрлық бетіндегі табиғи арнамен тұрақты немесе жыл маусымдарының көпшілік уақыттарында ағатын су ағыны.Ірі өзендер жоғаарғы ,орта, төменгі ағысқа бөлінеді.Тікелей мұхиттарға ,теңіздерге, көлдерге құятын немесе құм ,батпаққа сіңетін өзендер—негізгі , ал бұларға келіп қосылатын олардың салалары деп аталады.

Қазақстанда 85 мың өзен бар.Ұзындығын ескерсек,төртеуі ғана 1мың шақырымнан асады.Олар: Ертіс,ұз1698км., Сырдария,ұз.1692км.Есіл ұз. 1607км.,Жайық ,ұз1084км өзендері.Ұз 1000км асатын Тобыл,Іле,Шу сияқты тағы 3 өзен бар.

Ішуге жарамды судың тағы бір көзі -осы өзен сулары. Өзендер тек ішуге ғана емес, қатынас жолы да,су күші және электр қуатын өндіруге де пайдалы. Өзендерді жағалай елді мекендер орналасқан, себебі өзен суы адам баласы үшін маңызды.Көл де пайдалы ,кейбір ақпалы көлдердің суын ішуге болады. Ағынсыз көл суы тұзды болады. Теңіз деп аталатын үлкен көлдер де бар. Каспий—көлдердің ең үлкені.

Дүние жүзіндегі ең терең көл---Ресей жеріндегі Байкал көлі. Арал теңізі бұрынғы аумағы бойынша дүние жүзінде 3- орын алатын. Аралдан кейінгі іріі көл—Балқаш. Оның бір жағы тұщы, бір жағы тұзды болып келеді.

Дискіден өзендер мен көлдер туралы мәлімет беру.

Оқулықпен жұмыс. Дауыстап тізбектей оқыту.

Дәптермен жұмыс.

Күн ретін, ауа райын жазу.

Картадан өзендер мен көлдерді көрсетіп. теріп жазу.



VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

-Қандай көл суын ішуге болады?

-Көлдің буланған суының орнын қалай толтырады?

- Арал теңізі үшін сен болашақта қандай жұмыс жүргізетін едің?

Өзен суын ішуден басқа не үшін пайдаланамыз?

VII. Бекіту кезеңі: Қорытындылау

Картадан өзендер мен көлдерді тауып, көлдерге қандай өзендер құятынын табу.



VIII. Үйге тапсырма беру кезеңі:61,62- беттерді оқу,мазмұны..Дәптерге үш қатарға үш өзен, көл атауларын беріп, солар туралы мәлімет жинақтап жазуға.

Бағалау.

Су қалың топырақ қабатынан өтіп, лай мен тұздан тазарады.

Сондықтан адамдар құдық қазып, одан алынған суды ішуге және шаруашылық қажеттіліктеріне пайдаланады.

Жер қыртысының су өткізбейтін қабатына жиналған су сыртқа шығатын жер іздейді. Жерасты суының жер бетіне шыққан жерін бұлақ деп атайды. Бұлаң суы жылғалармен ағып, ірі өзен суларына барып қосылады. Ірі өзен сулары көлдер мен теңіздерге құяды.

Дүниетану ________________



Тақырыбы: Адам тіршілігіндегі судың маңызы.

Сабақтың тақырыбы: Судың адам ,жануар, өсімдік үшін маңыздылығын әңгімелей отырып, топтық талқыға салу, ой қорыту.



Сабақ типі: Аралас сабақ. Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелер,диск.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

«Өене мен көлдер» тақырыбын мазмұндату

Дәптерлерін тексеру..

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:

-Терек бір жазда қанша литр суды буландырады екен?

Минералды су қайдан пайда болады?

Демалыс орындары әсіресе қандай жерлерге салынады екен?

Жер асты суының қандай пайдасы бар?

IV. Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын, мақсатын хабалау.

Өзен және көл.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Жер бетіндегі тіршілік үшін судың мәні зор . Су болмаса , өсімдік өспейді . Жануарлар да , адам да сусыз тірішілік ете алмайды . Фабрикалар мен зауыттардың жұмысына да су қажет .Сусыз ас дайындау да мүмкін емес . суды ішеміз , сумен жуынамыз , кір жуамыз .Мұхит , теңіз , өзен – көлдер табиғатқа ерекше тартымдылық түр береді . Өзен – көлдердің жағасы керемет демалыс орны ретінде пайдаланылады.

Жер бетінде су көп . Бірақ мұхиттар мен теңіз сулары ащы болып келеді.Адамның пайдалануына тұщы су қажет . Тұщы сулар өзен – көлдерде , мұздықтарда және жер астында кездеседі . Жер бетінде тұщы су қоры күннен – күнге азаюда . Оның азаюына адамның әсері көп .

Жер бетіндегі әр адам суды қорғауы тиіс . Зауыт , фабрикалардан шыққан қалдықтарды өзен – көлдерге ағызбаған дұрыс . Ауылды жерде су қоймаларына мал фермасының лас қалдықтары түспеу жағы қадағаланады.

Жер бетіндегі тұщы судың азайғандығын әр адам ескеруі тиіс . Суды үнемді пайдалану керек . Егер су құбырының шүмегінен судың тамшылап тұрғанын көрсең , оны бұрап бекіт . Суды ретсіз шашып , ысырап етуге болмайды.

Қорытынды: Адам өміріндегі судың маңызыСусыз тіршілік жоқ, егер де адам бір аптаға жуық су ішпесе, адам өмір сүруін тоқтатады, адам күн сайын шамамен 3 литрдей суды ішеді.Су адам бойында қан айналымды жақсартып, тұрақтылықты қамтамасыз етеді . Егер де адамның денесінен 1,5л су ағзадан буланса немесе тер күйінде шықса,адам қаталап шөлдейді.Адам баласы шөлге қарсы 3т күннен артық күресе алмайды.Егер адам денесіндегі судың 6-8 %азайса ,адам жартылай есінен танып қалады.10% азайса сілекейін жұтады,ал 12% кемісе адам өліп кетеді.Адам су ішпей 5-7 күн жүре алады. Адамға ауа қандай қажет болса, су да сондай қажет.Суды тамақ пісіруге , ішуге , жуынуға , кір жууға , бояуларға қосуға (бейнелеу өнері) ,тіпті судан электр қуатын өндіреді.Су жол (өзен, теңіз, көліктері, ағаштарды су арқылы ағызып тасымалдаушы) .Су – адам еңбегінің көмекшісі (егістік, зауыт, фабрика) .Су – қозғалтқыш (паровоз, пароход)

Дүниетану ________________



Тақырыбы: Күн мен түннің ауысуы.

Мақсаты: Жердің өз білігінен айналуы арқылы күн мен түннің ауысатыны туралы түсінік

беру. Теориялық ойын ,сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту.

Өз беттерінше тапсырма орындауға ,тиянақты болуға тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ

Көрнекілігі: суреттер, глобус,карта,ермексаз,майшам,слайд

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу,көрнекілік.

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын орындау сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Градус торы туралы сұрап ,білімдерін тиянақтау. Глобуспен тақтада жұмыс жүргізу.



ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:

-Экватор сызығы Жер шарын қаншаға бөледі? Олар қалай аталады?

-Параллельдер деген не? Меридиан деген не? -Градус торын не құрайды?

ІV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Оқушыларды екі топқа бөлу.Әр топқа тапсырмалар беріп отыру.Сабақты сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы өткізу.

Не білемін?

Не білдім?

Не білгім келеді?

Жер туралы бұрыннан білетіндерін айтқызу:

Жер шар тәрізді дене,сыртын атмосфера қаптап тұрады,күнді айналып жүреді,серігі-Ай,6 материктен тұрады,4 мұхиттан тұрады,



Бүгінгі сабақта алатын білімдері :Жер білігі дегенді түсіндіріп алу .Ол үшін пластиллиннен домалақ жасап ,ортасынан жіп жіберу . Сол жіптің білік екенін түсіндіру. Глобустан жер білігін көрсету.Жер осы өз білігінен айналады . Май шамын жағу.Бұл күн екенін ескерту.

1-тапсырма:Не байқадыңдар?

Ой толғау: бір жағы қараңғы, бір жағы жарық. Күн түскен жағы күндіз,қараңғы жағы түн болады.

Глобусты айналдыру.



2-тапсырма:Енді не өзгеріс болды?

Ой толғау:Күн мен түн ауысты. Жер өз білігінен батыстан шығысқа қарай 24 сағатта бір рет айналып шығады. Жердің өз білігінен айналып шығуына кеткен уақыт тәулік деп аталады. Тәулік бір күн мен бір түннен тұрады

Сабаққа қосымша материалдармен таныстыру:

Слайд көрсету:

1)Жер қалай пайда болған?

Жер газ бен тозаңнан тұрған.Бұл шар суып қатты қабыршақ пайда болған.

2)Жер ғарыштан қандай болып көрінеді?

Жасыл және қоңыр дақтары бар ашық көгілдір түсті шар.

3)Жер ішінде не бар?

Ядро бар,өте ыстық,өте қатты,оған бұрғылаумен жету мүмкін емес.+4000°С

Одан соң мантия болады.Ол ыстық тау жыныстарынан және жартылайбалқыған тау жыныстарынан тұрады.

Жер қыртысы болады.

4)Жердің магниттік өрісі

Жердің магниттілігі планетаның ішіндегі қозғалыспен өндірілген оның электр токтарынан пайда болады.магниттік өрісі көзге көрінбейді

5)Жердің ашылуы

Жерді алғаш Эратостен деген грек математигі ашты.



Оқулықпен жұмыс Іштей оқыту. Теріп оқыту.

VІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

Ой толғау:

Күн мен түннің ауысып тұруының адам баласы үшін тигізер пайдасын әр топ айтып береді



VІІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау

-Не себепті Күн сәулесі бір мезгілде Жердің бір жақ жартысына ғана түседі?


-Күн мен түн неге ауысады? -Тәулік деген не?

-Жердің өз білігінен айналуының тіршілік үшін қандай маңызы бар?



VІІІ .Үйге тапсырма беру кезеңі: 124-125- беттерді оқу, мазмұны.Сармандық жұмыс жасап көру глобуспен. ІХ. Бағалау.

Судың өсімдік тіршілігі үшін маңызы

Өсімдік құрамының көп бөлігі судан тұрады . Кез келген өсімдіктің жапырағының , сабағының сынған жерін байқасаң шырыны шығады . Бұл өсімдік бойындағы су . Суды өсімдік тамыры топырақ арқылы сіңіреді. Топырақтағы қоректік заттардың бәрі өсімдікке сумен араласып барады .

Өсімдік сусыз тіршілік болмайды.Өсімдіктің барлық мүшелерінде су болады. Жапырақта 90%, сабағында 70-80%, тамырда 50-60%, тұқымда 10%, қабықта 50% судан тұрады . Су өсімдіктерді қызып кетуден сақтайды . Егер өсімдікті күнде суармасаң қурап өліп қалады.

Жануарлар тіршілігі үшін судың маңызы

Бірде бір жануар сусыз тіршілік ете алмайды . Ұзақ уақыт су ішпей жүруге шыдайтын жануарлар да бар . Түйе сусыз қырық күнен астам уақытқа шыдайды . Оның өркешіне жиналған май оған қорек те , су да бола алады . Суда тіршілік ететін жануарлар бар . Су олар үшін мекені . Жануарларда суда шомылады . Өсімдікпен қоректенеді .Ал өсімдік сусыз өспейді .



Тәжірибе

Анаңа шәйнекке су ңұйып, отқа қоюын сұра. Біраздан кейін ңайнап, бу шығады. Қайнаған сайын су біртіндеп азая беретін' байқайсың. Сонда су қайда кетті?

Су буға айналды! Егер далада күн суық болса, асүйдің жабы тұрған терезесі «терлейді». Онда су тамшылары пайда болады. Бұл шәйнектен қайнап шығып, қайтадан суға айналған бу. Біраздан кей' терезе кеуіп кетеді. Су тамшылары қайда кетті? Олар ңайта була ды. Осылайша қарапайым тұрмыс жағдайында су айналымы қала жүретінін бақыладың.


  1. Суретке қарап отырып, табиғаттағы су айналымы туралы айт.

  2. Су айналымы кезінде судың қандай қасиеттері байқалады?

Табиғаттағы су айналымының сызбасын сыз.

Табиғаттағы су айналымы туралы әңгімеле, оны дәптеріңе жаз.

Жерасты сулары



  1. Жерасты сулары деп қандай суды айтады?

  2. Жерасты сулары қалай пайда болатынын айт.

Су қалың топырақ қабатынан өтіп, лай мен тұздан тазарады.

Сондықтан адамдар құдық қазып, одан алынған суды ішуге және шаруашылық қажеттіліктеріне пайдаланады.

Жер қыртысының су өткізбейтін қабатына жиналған су сыртқа шығатын жер іздейді. Жерасты суының жер бетіне шыққан жерін бұлақ деп атайды. Бұлаң суы жылғалармен ағып, ірі өзен суларына барып қосылады. Ірі өзен сулары көлдер мен теңіздерге құяды.

Дүниетану. 10.12.16. 4 «В»сынып

Тақырыбы: Сарамандық жұмыс.

Мақсаты: Ауаның ластануы және ауаны қорғау тақырыбын түсіндіру.

Ой-өрісін,тіл байлығын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Табиғатты қорғауға өз үлесін қосуға, тазалыққа ұйымшыл болуға тәрбиелеу.

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгімелеу. Көрнекілігі: суреттер

Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:Ауаны ластаушы заттар. Ауаны қорғау

Карта бойынша жылуы 20 грдустан төмендемейтін жерлерді және ең суық аймақтарды көрсету.



ІІІ Білімді тексеру кезеңі:

Ауа райын зерттейтін ғылым саласы қалай аталады? Ауа райын бақылау үшін не қажет?

Қазақсатанның жеріне не себепті жауын-шашын аз түседі?

Климаттың өзгеруіне қандай жағдайлар әсер етеді?



ІV Мақсатын қою кезеңі:

V Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1. Мұғалімнің түсіндірмесі. Таза ауа – денсаулық кепілі. Әр адам тәулігіне бірнеше мың литр ауа жұтады.

Зиянды заттары бар ауамен тыныс алаған адамның жұмысқа қабілеті кемиді.

Бұл жағдай түрлі ауруға шалдықтырады. Адамға тыныстау үшін таза ауа қажет.

Айналадағы ауаның тазалығын сақтау үшін оны көгалдандыру қажет.

Оқулық бойынша түсіндіру.

Табиғатта заттар арасында белгілі бір үйлесімділік бар. Әр қабаттағы өзінің белгілі бір мөлшерін сақтайды.Сондықтан ауаның құрамы тұрақты болып шығады.

Өркениет пайда болғалы ауаға кездейсоқ заттар қосыла бастады. Оған дейін ауа тек табиғи жолмен ғана ластанатын.Жанартаулар атқылағанда ауаға бу күйіндегі заттар ,улы газдар араласады. Жел арқылы шаң,тозаңдар ұшып шығады.

Ормандар өртенгенде көп газдар ұшады. Өсімдіктер иен жануарлардың қалдығы шірігенде түзілетін газдар да ауаға тарайды. Мұның бәрі табиғи ластануға жатады. Заттар айналымы кезінде ауа табиғи ластанудан өзін-өзі тазартып отырады.

Ал адамның ауаны ластауынан ірі қалаларда қала ауасы нашарлайды. Адам да ,жануар да ауа құрамына сәйкес газ қоспасымен тыныс алуға үйренген.Қоспа құрамы өзгергенде ағзаның тыныс алуы бұзылады. Ормандарда 400 жыл өмір сүретін ағаштар қалаларда 50-80 жыл ғана өмір сүреді.

Ауаға тарайтын кездейсоқ заттардың көбеюінен ауа қабаты өзін-өзі тазалай алмайды.Оны қорғау керек.Зауыттарға арнайы тазартқыш қондырғылар орнатылады.Машиналардан шығатын түтін жолына сүзгі қояды.

Ауаны тазартудың ең тиімді жолы—көгалдандыру. Бұл іске өзің де қосыла аласың.

Оқулықпен жұмыс. Тізбектей дауыстап оқыту.



VІ Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: Дәптермен жұмыс.

Орман ағаштарын кескеннен кейін табиғатта қандай өзгерістер болады.?

Орман ағаштарының тигізер пайдасы қандай?

Екі бағанға жазып, қорытынды жасату.



VІІ Бекіту кезеңі: Қорытындылау

-Табиғи ластану мен адам әрекетінен ластанудың қандай айырмасы бар?

- Ауаны ластанудан сақтау үшін өзің қандай үлес қосасың?

VІІІ Үйге тапсырма беру кезеңі: 68,69,70- беттерді оқу, мазмұны.

Бағалау.

Дүниетану. 28.11.15. 4 «Б»сынып

Тақырыбы: Топсаяхат. Тест жұмыстары.



Мақсаты: Су және ауа тақырыптары бойынша білімдерін тиянақтау,тексеру.

Өз бетінше жұмыс істеу, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Тиянақты болуға, жауапкершілікке, сенімділікке тәрбиелеу.



Сабақ типі: қайталау сабақ Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгімеле.

Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

-Табиғи ластану мен адам әрекетінен ластанудың қандай айырмасы бар?

- Ауаны ластанудан сақтау үшін өзің қандай үлес қосасың?

ІV Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Су және ауа тақырыбын қайталауға арналған тест жұмысы

Тест тапсырмалары

1.Су қабаты жер бетінің қандай бөлігін алып жатыр?

А) үштен бірін Б)екіден бірін

Ә) үштен екісін В(төрттен бірін

2. Судың тірі ағзалар үшін басты қасиетін көрсет.

А) еріткіш Б)түссіз, дәмсіз

Ә)аққыш В) иісі бар

3. Газ бен тұз ерітіндісі бар сулар қалай аталады?

А) тұщы Б) қышқыл

Ә) минералды В)салқын

4.Ең терең көлді білесің бе?

А) Алакөл Б) Балқаш

Ә) Байкал В) Зайсан

5. Өзен сулары қандай болады?

А) тұзды Б)шипалы су

Ә) тұщы В) минералды су

6.Су қанша күйде кездеседі?

А) 4 Б)2

Ә) 3 В) 1

7. Арал теңізіндегі тұз тозаңының көбеюі ненің әсерінен?

А) теңіздің тасуынан Б) судың көп булануынан

Ә) дауылдың соғуынан В) жиі жауған жаңбырдан

8. Адам тәулігіне қанша литрге дейін таза су пайдаланады?

А) 900л Б)200л

Ә)700л В)500л

9.Аралдан кейінгі ірі көл.

А) Алакөл Б) Балқаш

Ә) Зайсан В) Ыстықкөл

10.Аралдан жылына қанша метр су буланады?

А) 2м Б) 3м

Ә)1м В) 0м

11.Ауаның түсі қандай ?

А)бұлыңғыр, көкшіл Б)түссіз,мөлдір

Ә) ақшыл,бу В)жылтыр,газ

12.Жер бетінде ауаның ауысуынан не пайда болады?

А)тұман Б) кемпірқосақ

Ә)нөсер В)жел

13.Біздің жерімізге суық ауа қай жақтан келеді?

А)таудан Б)солтүстіктен

Ә)бұлттан В) оңтүстіктен

14.Ауаны тазартудың ең тиімді жолы?

А)газдандыру Б) сүзгіштер қою

Ә) көгалдандыру В) желдеткіш орнату



VІІ Бекіту кезеңі: Қорытындылау

VІІІ Үйге тапсырма беру кезеңі Су ,ауа тақырыбын қайталау . Бағалау


Дүниетану. 02.12.15. 4 «Б»сынып

Тақырыбы: Өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік ететін мекендеріне бейімделуі.

Мақсаты:Шөл өсімдіктері мен жануарлары жайлы түсіндіру .Теориялық ойлауын, сөздік қорын, табиғат құбылыстарының ұқсас болатыны ,ерекшелігі туралы ойын дамыту.

Табиғатқа жанашыр, туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ Көрнекілігі: суреттер

Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу,көрнекілік,сұрақ-жауап, талдау, жинақтау

Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару.

ІІ. Білімді тексеру кезеңі:

1.Сұрақтарға жауап алу.

-Шалғынды аймақ пен далалы жердің өсімдіктері мен жауарлары тіршілігіндегі ұқсастық пен айырмашылық туралы не айта аласыңдар?

-Бөдене тіршілігі мен суыр тіршілігі жайлы не білеміз?

Оларды қорғаудың қандай маңызы бар?

ІІІ.Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлауШөл өсімдіктері мен жануарлары.

ІV :Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Кіріспе: шөл дала дегенде көз алдарыңа қандай дала елестейді? Шөл даланың өсімдіктері ,жануарлары туралы не білесіңдер?Осы сұрақтарға жауап алғаннан жаңа сабақты түсіндіру.

Шөл—суға тапшы аймақ.Оның ауасы, топырағы құрғақ,өсімдіктері селдір,сирек болып келеді.Шөл—құмды,сортаңды,сазды,тақыр,тастақты шөлдерге ажыратылады.

Құмды шөлдер жазықты жерлердің борпылдақ тау жыныстарының үстінде қалыптасады.

Құмды шөлдерді өсімдіктер тоқтатып ,бекітеді.Олар селеубояу, құм қияғы,жүзгін,домалақ кірпіге ұқсас құмаршық,ақсексеуіл.Теңіз табанды жазықтардың топырағы сазды келеді.

Өсімдіктері нашар дамыған.Тақыр шөлдерге өзендердің ескі атырауындағы жерлер жатады.оның жиектерінде ғана әрегідік өскен күйреуіктер мен жыңғылдар көзге түседі.Олардың тұқымдары мен жемістерін тақырға жел айдап әкеледі.Олар көктемде өніп шыққанымен ,өз дамуын аяқтай алмай қурап кетеді.Сортаңды шөлді жердің топырағы тұзды келеді.Мұндағы су топырақ бетіне жақын жатады.Үнемі буланып,жер бетіне тұз ала шығады.Тұз қабатында күйреуіктер өседі.Жер бетіне тастары шығып жататын шөлді тастақты шөл дейді.Әр жерде тікенек бұталар кездеседі.Тақырлар –адамның жауапсыздығынан пайда болған шөлдер.Ол---шөбін мал отап,таптап,әбден тақырлап тастаған,бұталары тамырымен қопарылып,сындырылып жойылған тақырлар. Мұндай жерлерді қалпына келтіруге болады. Ол үшін көп адам көп жұмыс жүргізуі керек.

Суы мен азығы тапшы ,жазы ыстық,қысы суық, тіршілікке шөлді жерлерді мекендейтін жануарлар осындай қатал жағдайларға түрліше бейімделеді.

Қарақұйрық, ақбөкен, бұлдырық, құлақты кірпі, қосаяқ,тасбақа, сұр келес,сарышаян сияқты жануарлар шөлде өмір сүреді.Қосымша материалдан алу.(86-бет)

Оқулықпен жұмыс. Дауыстап тізбектей оқыту.

Дәптермен жұмыс Күн ретін,ауа райын жазу..Шөл өсімдіктері мен жануарларын жазу.

Селеубояу,ақсексеуіл,жүзгін,құм қияғы, кермек, құмаршық-өсімдіктері.

Сарышаян, қосаяқ, қарақұйрық,ақбөкен,бұлдырық, сексеуіл жорға торғайы,құлақты кірпі, тасбақа,сұр келес,тышқан, жылан- жануарлары.

VІ Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

Шөл туралы суреттерді көрсетіп отырып, оқушыларға әңгімелету.

VІІ Бекіту кезеңі: Қорытындылау -Шөл даланың қандай түрлері бар екен?

-Шөлді аймақты адамдар өз қажетіне пайдалану үшін не істеуі керек ?-Шөлді жерге өсімдік қалай өседі?

VІІІ Үйге тапсырма беру кезеңі: 82-86-беттерді оқу,мазмұны. Шөл дала өсімдіктері мен жануарлары туралы мәлімет жинақтау.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет