Сынып: 8 Өткен күні: 19. 01. 2016ж Тақырыбы: Жану және баяу тотығу. Оксидтер. Реакциялардың жылу эффектісі. Термохимиялық теңдеулер
Мақсаты: Жану, баяу тотығу, оксидтер туралы білу. Химиялық реакциялардың жылу эффектісі, термохимиялық теңдеулер.
Сабақ типі: аралас сабақ.
Сабақта қолданатын әдістер: сұрақ-жауап, жұмыс дәптерімен жұмыс, есептер шығару.
Көрнекі құралдар: есептер жинағы, периодтық жүйе.
Жаңа мазмұн: оксид, экзотермия, эндотермия, термохимиялық теңдеу, жылу эффектісі.
Сабақ кезендері
Мұғалімнің іс- әрекеті
Оқушының іс - әрекеті
Уақыт
Жұмыс түрі
Ұйымдастыру
кезені
Оқушылармен амандасып, сабаққа дайындығын тексеріп, химия сабағында не істейтінін түсіндіру.
Сабаққа дайын отырады, мұғаліммен амандасып, топқа бөлінеді,тындайды.
1.Жану реакциясы дегеніміз не? 2.Оксидтер дегеніміз не? 3. 63 – беттегі 1,2,3 – жаттығуларды орындау;
2-деңгей
1. Мыс екі түрлі оксид түзеді. Олардың құрамында 79,9% және 88,8 % мыс бар. Сол оксидтердің формуласын тауып, әрқайсысын атаңдар.
2.Дихром триоксиді, вольфрам триоксиді, диалюминий триоксидтерінің формуласын жазып, әр элементтің валенттігін анықтап, онда оттек неше пайыз болатынын есептеңдер.
3-деңгей
Бір моль NO түзілуі үшін 90,37 кДж жылу қажет. 9037 кДж жылу сіңіргенде қанша грамм азот (ІІ) оксиді түзілетінін есептеңдер.