Сабақ типі Аралас



Дата25.03.2022
өлшемі158,29 Kb.
#136776
түріСабақ
Байланысты:
Сабақ жоспары 09.02.22 (1)


М. О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі.
(білім беру ұйымының атауы)
Орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған педагогтың сабақ жоспары
Мемлекеттік егемендікті жоғалту
(сабақ тақырыбы)


Модуль /пән атауы Қазақстан тарихы
Дайындаған практикант Дүйсенбекова А. М.
2022 жылғы " "
1.Жалпы мәліметтер
Курс, оқу жылы, топ 1 курс,2021-2022 оқу жылы, Ауд 21-09
Сабақ типі
Аралас
2. Мақсаты, міндеттер
Қазақ хандығының Ресей империясының протекторатын қабылдау себептері мен тарихи маңыздылығына көз жеткізу. Сабақта «атомдар мен молекулалар», Венн диаграмасы, картамен жұмыс сияқты әдіс- тәсілдер қолдану арқылы жаңа тақырыпты түсіндіру.
Міндеттер:

  1. Ресей империясынан протекторлық алуға дейін жеткізген, Қазақ даласында болған саяси мәселелерді анықтау

  2. Хандық биліктің Қазақ жүздерінде не себепті жойылғанын ажырату;

  3. Ресей империясының Қазақ жеріне тигізген экономикалық және саяси теңгерімін талдау.

2.1 Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі
Білім алушылар таратпа материалдарды пайдалана отырып, Қазақ хандығы мен патшалық Ресей империясы арасындағы хронологиялық даталар мен тарихи ерекшеліктерін анықтайды.
2.2 Күтілетін нәтиже:
Қазақ хандығы аумағында Ресей империясы тарапынан жүргізілген реформалардың ерекшелігін сипаттау.
2.3 Бағалау критерийі:

  • картамен жұмыс атқарады.

  • мәтінді талдау, сұрақтарға жауап береді.

  • Топтық жұмыс орындайды

3. Сабақты жабдықтау
Презентация, карта, тірек сызба, схемалары
3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер
З.А.Джандосова. Қазақстан тарихы. 10 - топқа арналған оқулық.- Алматы: Мектеп, 2019
3.2 Техникалық құралдар, материалдар
АКТ, интерактивті тақта.
4. Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы
5 минут
Үй тапсырмасын сұрау.
30 минут



Сәлемдесу, білімалушыларды түгендеу, жағымды психалогиялық ахуал қалыптастыру.
Менен сұрақ, сізден жауап әдісі, ашық микрофон, пікірталас, екі дұрыс, бір бұрыс әдісі, жалғасын тап әдісі т.б.

Презентация

Сабақтың ортасы


15 минут
15 минут

20 минут


Зерттеу сұрақтары:

  • ХҮІІІ ғасырдың ІІ ширегіндегі Қазақ хандығының саяси жағдайы қандай?

  • Реформалардың түпкілікті мақсаты қандай?



1 тапсырма: «Атомдар мен молекулалар» әдіс-тәсілі арқылы білім алушыларды сергіту сәтін өткізу. Осы әдіс-тәсіл арқылы ойын барысында қалып қойған студенттерге сұрақтар қойып немесе бір өнерін көрсету сұралады. Ары қарай топқа бөлінуге болады.
Дескриптор:

  1. Сергіту сәті

  2. Сұраққа жауап беру.

  3. Өз ойын білдіру.

2 тапсырма: Венн диаграммасы (жеке орындау)
Қазақ хандығы мен Патшалық Ресейдің айырмашылықтары мен ортақ, байланыстыратын мәселелерді жазу керек



3 тапсырма: Топ студенттері ментальді картамен жұмыс жасау арқылы, Қазақ даласында патшалық Ресей империясы тарапынан жүргізілген реформалардың салдары мен әкімшілік бөліністердің өзгерісіне назар аударады.



үйлестірмелі материал
Қосымша 2


Қосымша 1



Сабақтың соңы


10 минут

«Екі жұлдыз бір тілек» әдіс-тәсілі бойынша
Білім алушылардан екі жұлдыз қоюды және бір тілек айту сұралады. Екі жұлдыз – жұмыс істеген кезде оларға ерекше ұнаған екі зат. Бір тілек – бұл жақсартуға болатын нәрсе.

Слайд



6. Үй тапсырмасы
Қазақ жерінде патшалық Ресей империясы тарпынан жүргізілген реформаларға сипаттама.

З.А.Джандосова. Қазақстан тарихы. 10 - сыныпқа арналған оқулық.- Алматы: Мектеп, 2019

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет