Сабақ түрі : сыныптан тыс Сабақ әдісі : түсіндіру,әңгіме -сұхбат Көрнекілік: интербелсенді тақта,слайд



бет4/10
Дата10.10.2020
өлшемі24 Kb.
#64349
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Орта ғасырдағы өзекті мәселе

Орта ғасырларда махаббат ұғымы көркем шығарманың ғана нысаны емес, дүниетаным, дін, философия, эстетика салаларының өзекті мәселелері бастау алатын кәусар бұлақ саналды. Ортағасырлық мұсылман және христиан теологиясында,діни әдебиетте, сондай-ақ шығыс поэзиясында да басты тақырып махаббат болды, көптеген онтол., аксиол., гносеол. мәселелердің шешуін табар түйіні осы махаббат категориясы еді.

Махаббат әрбір адамды бейтарап қалдырмайтын, адам өмірінің мәні мен маңызы, сырлы әлемі. Сондықтан махаббат жайлы әрбір адамның жеке көзқарасы, өзіндік ой-пікірі, түсінігі болуы және оның әр алуан болуы заңдылық. Махаббат әрбір адамның әлемдегі, қоғамдағы, отбасындағы өзінің орнын белгілеуге, өзін-өзі, ақиқат мәнді, жаратылыс сырын тануға мүмкіндік беретін маңызды таным-түйсігі. Сол себептен махаббаттың сипаты да түрліше.
Мысысалы, адам мен Құдай, ер мен әйел, ұстаз бен шәкірт, ата-ана мен бала, туыс араларындағы махаббат .

Өз кезегінде адам мен Алла арасындағы М. —имандылықтың,ер мен әйел махаббатты — отбасының, Отанның беріктігінің,ұстаз бен шәкірт махаббаты — білімнің,ата-ана мен бала, туысқандар арасындағы махаббаттар — елдіктің т.б. қастерлі құндылықтардың кепілі әрі бастауы.Сонымен қатар адамның Отанына, туған жеріне, халқына деген сүйіспеншілік сезімі де махаббаттың бір көрінісі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет