Аманкелді орта мектебі
(ашық сабақ)
Химия пәні мұғалімі: Кемалов А.А.
Мерзімі: 18.02. 2016 ж.
Сынып: 9 «А»
Сабақ түрі: аралас сабақ
Көрнекілігі: слайдтар, интерактивті тақта, кесте.
Мақсаты: Қызықты формада коррозия түрлерін: химиялық және электрохимиялық; әртүрлі ортадағы химизмін және металдардың коррозиядан сақтандыру жолдарын үйрену.
Бімділік: тотығу-тотықсыздану үрдісін, тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыш заттардың қасиеттерімен танысу.
Тәрбиелік: Металдардың жемірілуін болдырмау, алдын алу шараларын білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін, алған білімдерін өмірде қолдана білуін дамыту.
Сабақтың барысы:
І. Қызығушылық ояту: (8 минут)
1947 жылы Канадада қолданысқа берілген қолданысқа берілген темір жол көпірі 1951 жылы 31 қаңтарда бұзылды.
1964 жылы Греландияда 400 метрлік ең биік антена құлады.
Бұл мысалдар нені білдіреді? Бүгінгі сабақта осындай жағдайлардың келіп шығу себептерімен танысатын боламыз. Алдымен металдар туралы біліміді қайталап алайық.
Металдар адамзат қоғамына ерте кезден бері белгілі. Өркениетті өндірістің дамуына сәйкес және адамдардың металдарды игеруіне, қолдануына байланысты тарихта бүтіндей металдар дәуірлерінің аты қалды .
Ең қатты металл? (хром)
Ең сұйық металл? (сынап)
Ең ауыр металл? (осмий)
Қанның құрамына кіретін металл? (темір)
Ең жеңіл металл? (литий)
Металдардың патшасы? (алтын)
Ең қиын балқитын металл? (вольфрам)
Суды қандай сұйық металмен қатыруға болады? (сынап)
Гологендерді қай металмен анықтаймыз? (күміс)
Достарыңызбен бөлісу: |