Тақырыбы: Ерлік елге - ұран, ұрпаққа - өнеге
Мақсаты: Оқушыларға қазақ жауынгерлерінің, қазақ қыздарының ерліктерін насихаттай отырып Отансүйгіштікке, намысшылдыққа, қайсарлыққа, еліне, жеріне деген сүйішпеншілікке, адалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: ізденіс, ерлік сабағы
Көрнекіліктері: Интернеттен алған мәліметтер, оқушылар жинаған деректер. Ұлы Отан соғысы жайындағы және ұлы батырлар, Әлия, Мәншүк, Хиуаз апаларымыздың, ауылдасымыз Ольга Павловнаның суреттері, ерлік туралы жазылған мақал-мәтелдер
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру сәті.
а) Оқушыларды түгендеу.
ә) Оқушыларды топқа бөлу.
б) Сабақ мақсаты және жоспарымен таныстыру.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Хиуаз Доспанова туралы өткен сабақты еске түсіру. Бұл мақсатта «Мәнді цифрлар»
ойынын өткізу.
«Мәнді цифрлар» ойынының шарты:
а) Үш топқа 6 цифрдан тапсырма беріледі. Тапсырмалар Хиуаз Доспанованың
өмірбаянына және ІІ дүниежүзілік соғыс пен Ұлы Отан соғыстарына байланысты
қойылады. Оқушылар әр цифрдың мәнін ашуы тиіс.
б) Жауапты әр топ кезекпен береді.
Намыс тобының сұрақтары:
-
316
|
1922 жыл
|
2 қыркүйек
|
46
|
5183
|
22 маусым
|
Ерлік тобының сұрақтары:
-
900
|
9 мамыр
|
28
|
14
|
91
|
80 мың
|
Жалын тобының сұрақтары:
-
60
|
300
|
600 мың
|
16 сәуір
|
4
|
1 қыркүйек
|
3. Жаңа сабақ.
Жаңа сабақ оқушылармен ізденіс түрінде өтеді. Ол үшін «Рейхстагқа ту тігу» ойынын
өткізу. Үш топқа ізденіс тапсырмалары беріледі. Тапсырма Қазақстанда жасақталған
дивизиялар және олардың жүріп өткен жеңіс жолдары мен ерлік істері туралы болады.
Оқушыларға өткен сабақта үйге алдын-ала ізденіс тапсырмалары берілген болатын.
Оқушылар кітаптардан, журналдардан, газеттерден, интернеттен Қазақстанда
жасақталған дивизиялар мен олардың жүріп өткен жеңісті жолдары туралы материалдар
жинап келуі тиіс болатын. Сабақ барысында әр топқа үш сұрақтан беріледі. Сұрақтарға
жинақтаған материалдарының арасынан сол дивизия ман ерлік істері туралы тауып
оқып береді. Қалған оқушылар тыңдайды. Сұрақтарға дұрыс жауап берген топ
Рейхстагтың үстіне өздерінің жеңіс туын тігеді.
«Рейхстагқа ту тігу» ойыны
4. Қорытынды.
Сабақты қорытындылау “ Бой сергіту” ойыны түрінде өтеді. Әр топқа 5 тест сұрақтары
беріледі. Сұрақтар белгілі тұлғалардың ескерткіштері, суреттері және тарихи
оқиғалардан қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |