Сабақ түрі: Жаңа білімді меңгерту Әдісі: Сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгіме кестесі,топтастыру



Дата14.12.2016
өлшемі49,41 Kb.
#3836
түріСабақ
Тақырыбы: Күлмеңіздер кәріге. М.Дулатов.

Баймаханова Амангүл Жәнібекқызы

Благодар орта мектебі

Мақсаты:


1.Оқушыларды мәтін мазмұнын түсініп оқу,халқымыздың әдет-ғұрпына тән үлкенді құрметтеу керектігін мәтін арқылы аша түсуге мүмкіндік жасау.Мәтін мазмұнын өмірмен байланыстыра отырып,әңгімелеуге үйрету.

2.Оқушыларды сауатты оқуға ,дұрыс жазуға,әдептілікке,әдемілікке,

--үлкенді сыйлап,кішіге қамқор болуға баулу.Сыпайы сөйлеп,жақсы

қасиеттерді бойына сіңіруге тәрбиелеу.

3.Оқушылардың таным белсенділігін арттыру,сөздік қорын,тіл байлығын

дамыту.


Сабақ түрі:Жаңа білімді меңгерту

Әдісі:Сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгіме кестесі,топтастыру

Көрнекіліктер:Интербелсенді тақта,оқулық,дәптер,қима қағаздар

Сабақ барысы:

1.Қызығушылықты ояту

А)Психологиялық дайындық.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Баршаңызды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

Ә)Үй тапсырмасын тексеру.

-Үлкенді де ,кішіні де сыйлайтын бала қандай бала?

-Қайырымды болу үшін балаға қандай қасиеттер қажет?

-Нодардың қайырымды бала екенін қай әрекетінен байқадың?

-Нодар екінші қайық сатып алуды әкесінен неліктен «ақырын ғана» сұрады?

-Әкесі Нодардың бұл қылығына қалай қарады?

2.Мағынаны ашу.

Кіріспе


-Балалар әдептілік дегенді қалай түсінесіз? Слайд көрсету.

-Балалардың пікірін тыңдау.Қорытынды

-Сонымен әдептілікке нелер жатады екен? (топтастыру)

-үлкенді жолдан өткізу

-ағаш отырғызу

-үлкен кісіге көмектесу

-үлкендерді қуанту

-сыпайылық

-қамқорлық

-адамгершілік

5.Мағынаны ашу.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Мыржақып Дулатовтың «Күлмеңіздер кәріге» атты әңгімесімен танысамыз.

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларды мәтін мазмұнын түсініп оқу,халқымыздың әдет-ғұрпына тән үлкенді құрметтеу керектігін мәтін арқылы аша түсуге мүмкіндік жасау.Мәтін мазмұнын өмірмен байланыстыра отырып,әңгімелеуге үйрету.

М.Дулатовтың өмір жолымен танысайық.

-қоғам қайраткері,ақын,ағартушы,педагог

-1885 жылы Қостанай облысы,Жангелдин ауданы,Қызбел деген жерде дүниеге келген.

-1897 жылы Торғайдағы орыс-қазақ училищесіне түсіп,1902 жылы бітіріп

шығады.Одан кейін ауыл мектептерінде мұғалім болады.

-Мәтінді мұғалімнің оқып беруі.

-Жұптасып тізбектеп оқуы

-Мәтінді бөліктерге бөліп,ат қою

-теріп оқу:көршілері,әкесі айтқан сөзді тап.

-Сөздікпен жұмыс.

Келемеж қылу-мазақ қылу.

Үлкенді мазақ қылу қандай әдетке жатады?

-Мәтіндегі балалардың қылықтары туралы өз ойыңды айт.

-Әдептілікті адам кімдерден үйренеді?

-Үлкен кісілерге қалай құрмет көрсетеміз?

-Балалар әдептілік туралы мақал білесіздер ме?

1.Әдепті бала кездессе,сәлем берер бас иіп,

Әдепсіз бала жолықса,өте шығар кеңкиіп.

2.Әдепті бала-арлы бала,

Әдепсіз бала-сорлы бала.

3.Әдепті бала ата-анасын мақтатар,

Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.

Сергіту сәті.

Сыйлап сәлем беремін,

Көршілерді көргенде.

Әдеппен бас иемін,

Үйге қонақ келгенде.

Әдепсіз деп сөкпесін,

Анама айтып өкпесін.

Үйге келген қонақтар,

Бізге ренжіп кетпесін.

Жағдаяттар талдау.

1.Сіз отырсыз.Үлкен қарт адам кірді.Бос орын жоқ.Не істер едіңіз?

2.Көшеде бір қарт адам құлап қалды.Сіз не істер едіңіз?

3.Сіз мектепте біреудің сөмкесін тауып алдыңыз.Не істер едіңіз?

4.Сіз дүкенде кезекте тұрсыз.Сіздің артыңызда әжей тұр.Не істер едіңіз?

5.Көшеде,үйде,мектепте таныс кісілер ,мұғалімдер кездессе,не деу керек?

6.Үлкен кісі қолындағы затын көтере алмай келе жатыр.Оған не деу керек?

Дәптермен жұмыс.

1.Мәтіндегі мына сөздерді топта:мазақ қылды-келемеж қылды,кәрі-қарт,

ұялу-қызару.

3.Ой толғаныс.

А)Әңгіме кестесін толтыру.

1.Әңгіме тақырыбы

2.Авторы

3.Оқиға орны

4.Негізгі кейіпкерлер

5.Негізгі ой

6.Оқиға қалай анықталды?

Ә)Ұқсастығы мен айырмашылығын тап:



Бағалау.Мұғалім бағалауы



-5

-4

-3

Үйге тапсырма: «Күлмеңіздер кәріге» мәтінін түсініп оқу,әңгімелеу.
Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет