Сабақ тақырыбы:Білімділер жәрменкесі.
Сабақ мақсаты:1.Оқушылардың білім-білік дағдыларын байқап,өздерін емін-еркін ұстай білуге үйрету.2.Шапшаң ойлау шығармашылық қабілетін дамытып, білімге деген қызығушылығын арттыру.3.Ұйымшылдыққа,алғырлыққа тәрбиелеу
Сабақ түрі:Жәрменке сабағы
Сабақ әдісі:ойын,сұрақ-жауап,өздік жұмыс.
Пәнаралық байланыс:дүниетану,математика.
Көрнекілік:Суреттер,өлеңдер,білім жайында,нақыл-сөздер.
Сабақ барысы:Ұйымдастыру кезеңі:
Мұғалімнің кіріспе сөзі:Жер үстінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар. Армысыздар,ұстаздар,оқушылар!
-Бармысыздар,
Болашақтың бастауы-
Балғын шақты балалар!
Білімділер жәрменкесіне қош келдіңіздер!
-Ал оқушы ұстаздар,
Ортаға назар салайық.
Білімділер шықпақ ортаға,
Қол соғып қарсы алайық-деп ду қол шапалақтап алған білім дәрежемізді ортаға салайық.Біліміміздің артып,санамыздың өскенін,сөз байлығымыздың молайғанын көрсетейік.
-Біздің бүгінгі білімділер жәрменкесіне 4-топ қатысады,
I топ «Қазақ тілі»
II топ «Математика»
III топ «Ана тілі»
IV топ «Дүниетану»
-Бүгінгі жәрменкемізде топтар өздерінің білімдеріне «сиқырлы бестіктер» сатып алатын болады және оқушыларға әр түрлі номинация бойынша сыйлығым бар.
-Жәрменкеміз бірнеше бөлімнен тұрады.
1.«Атымызға затымыз сай болсын»
2.Пән бойынша сұрақтар.
3.Ұйқасын тап:
4.«Сөз ойла,көп ойла» ойыны
5.Шешендік өнер кезеңі (егер де мен)
6.Тапқыр болсаң тауып көр.
7.Логикалық тапсырмалар
Ашық жарқын жүзді.
Әділ қазылар біздің,
Таңдап баға беруге
Шақырайық төрге-дей келе бізге төрелік жасайтын қазылар алқасын сайлап алайық.
1-сайысымыз:Әр топ өз аттарын қорғап шығады.
1.Дүниетану тобы:Тәжірибе жасау.
2.Қазақ тілі тобы:Көрініс көрсетеді.
3.Математика тобы:Ертегі оқу.
4.Әдебиеттік оқу тобы:Ертегі құрастыру.
2-сайысымыз:Пән бойынша сұрақтар қою.
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз.
Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар,
Бәйге,бәйге,бәйгені бір көріңіз,деп екінші сайысымызды бастаймыз.
-10 сұрақ қойылады,1минут ішінде жауап береді.
Мұғалім:Әрбір тілде сөйле адамды таң қалып
Ана тілін білмеу қандай заңдылық..
Өсер балаң,байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.
«Қазақ тілі» тобында 10 сұрақ
1.Дауысты дыбыстар нешеу?
2.Дауыссыз дыбыстар неше топқа бөлінеді?
3.Етістік дегеніміз не?
4.Мәтін түрлерін ата?
5.Үнді дауыссыздарды ата?
6.Сөйлем нені білдіреді?
7.Зат есім дегеніміз не?
8.Әріп деген не?
9.Сөйлемнің неше түрі бар?
10.Сөйлем соңында қандай тыныс белгілері қойылады?
Мұғалім:Ана тілсіз іс өрге баса алмайды.
Ана тілсіз тарих та жасалмайды,
Желмаяға мініп-ап желіп жүріп.
Күңіренбеген тектен-тек Асан Қайғы.
«Ана тілі» тобына сұрақтар:
1.«Кел балалар оқылық» кімнің өлеңі?
2.Қазақтың атақты суретшісі кім?
3.Рахмет сөзінің синонимі болған мәтінді ата?
4.Ақанай Мысырға не іздеп барады?
5.«Көкше кеудесінде» мәтінді жазған кім?
6.Алтай өлкесіндегі ең биік тау?
7.Жетісу өлкесінде қандай көлдер бар?
8.«Ақбидайға» көмекке келген адамды суретте?
9.«Ырыс-сыр» мәтіндегі өз басының еркіндігі жоқ кімдер?
10.Әліппенің атасы кім?
Мұғалім:Ұшқыр ойға серік болып шеберлік,
Сөз кезегін математикаға берелік.
Арамызда тапқыш достар көп екен,
Солардың енді жауаптарын көрелік.
1.Шаршы дегеніміз не?
2.9 ондық 5 бірліктен тұратын сан?
3.Қосудың заңдылықтарын ата?
4.Салмақтың өлшем бірліктерін ата?
5.Білім ұясы не?
6.Ұя салмайтын құс қандай құс?
7.Торғай шырылдайды,қаз ше?
8.Жылдан құр қалған жануар?
9.Жұлдыздар қай кезде пайда болады?
10.Адам өміріне не қажет?
3-сайысымыз:Ұйқасын тап:
1.Арба сықырлап жүрді.
Ит арсылдап ..........
2.Мен мектепке барамын,
Кілең ............ аламын.
3.Жаз жайлауға барайық,
Шырқап әнге..............
4.Қызыл гүлдер жинаймын,
Анама әкеп ....................
4-сайысымыз: «Сөз ойла,көп ойла»
4-топқа «балмұздақ» сөзі беріледі сол сөзден сөздер құрастырады.
5-сайысымыз: «Шешендік өнер кезеңі»
1-топ:Егер де мен көп ақша тауып алсам.
2-топ:Егер де мен бизнесмен болсам......
3-топ:Егер де мен досыммен ренжісіп қалсам.
4-топ:Егер де мен байқаусызда терезені сындырып алсам.
6-сайысымыз: Тапқыр болсаң,тауып көр
логикалық тапсырма
Сабақты қорытындылау:Сөз әділ қазылар алқасына беріледі
Оқушыларды марапаттау.
Достарыңызбен бөлісу: |