Егіндікөл ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің
«Балбөбек» бөбекжай-бақшасы
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
«Балдырған» ІІ кіші тобында өткізілген
ашық сабақ жоспары
Тақырыбы: Ыдыстар
Тәрбиеші: Сарманова Сапаргүл Елубаевна.
Егіндікөл 2020ж
Білім беру саласы: «Қатынас»
Кіріктірілген білім беру саласы: «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Сөйлеуді дамыту, Сурет салу
Сабақ түрі: Кешенді сабақ
Тақырыбы: «Ыдыс - аяқ»
Мақсаты:
Білімділігі: Балаларды ыдыс түрлерімен таныстыру. Ыдыстардың атын дұрыс айтуға және ажырата білуге үйрету оның ерекшеліктері, олардың алуан түрлі болатынын түсіндіру. (түсті,мөлшері, көлемі,материалы) Тағам және шай ішуге арналған ыдыстармен таныстыру, қасиеттерін атау, ыдыс деген ұғымға не жататынын түсіндіру. Ыдыстар туралы жұмбақтар шешуге үйрете отырып,баланың ойлау қабілетін дамыту.
Дамытушылығы: қойылған сұрақтарға жауап беру дағдыларын дамыту
Тәрбиелігі: ыдыстарды жасаған адамдардың еңбектерін түсініп, олардың еңбектеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Билингвалдық компоненті: Ыдыстар – посуды
Әдіс-тәсіл: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрнекілік, ойын
Көрнекілігі: Әр түрлі ыдыстар жинағы, суреттер, Қуыршақ Сәуле, слаид, үлестірме материалдар.
Сабақ барысы:
Мотивациялық - қозғаушы
- Сәлеметсіңдер ме балалар!
- Қалдарын қалай?
- Көңіл күйлерін қалай?
- Балалар міне тағы бір күн туды. Бүгінгі күнді жақсы көңіл-күймен қарсы алып, бір-бірімізге сәттілік тілейікші. Бүгінгі күн сендер үшін сәтті болсын!
Қуан, шаттан алақай!
Қуанатын күн келді!
Күліп шықты күн бүгін!
Қайырлы таң, қайырлы күн!
-Бәрекелді, балалар,жарайсыңдар!
Ұйымдастырушы - ізденуші
Жұмбақ
Шәйнек, кесе-пиала ,
Оларсыз шай құяма?
Қасықсыз тамақ жемейді,
Бәрінің атын не дейді? (Ыдыстар)
Ыдыстар дегеніміз – біздің күнделікті тұрмыста қолданатын заттарымыз. Ыдыстарға шәйнек, ақман, кесе, тарелке, қасық, қазан, т.б. жатады. Бұл ыдыстарды біз күнделікті өмірімізде қолданамыз. Мысалы, кесемен шай су ішеміз, тарелемен тамақ жейміз, қасықпен, шанышқымен тамақты жейміз. Пышақпен нанды, кез-келген тағамды тураймыз. т.б.
Балаларға ескерту: пышаққа қатысты тыйымдар мен ырымдар.
Пышақ қауіпті зат болғандықтан, онымен ойнауға, жүзін жалауға, адамға кезенуге болмайды. Сол себепті де оны сыйға бермейді және сұрап, қалап алмайды. Біреуге пышақ ұсынса ұшын - өзіне, сабын кісіге қаратып береді.
Ыдыстар әр түрлі пішінді болады.
«Ыдыстар қайдан келді» презентациясын көрсету.
Дидактикалық ойын «Дастарханға достарымызды шақырамыз».
Дастарханда тұратын ыдыстарды атын атау және олар не үшін керектігін түсіндіру.
-Дастарханда қандай ыдыстар орналасқан?
-Дастархан қандай?
(ойыншық ыдыстарданмен ойнап ойын барысында ыдыстардың аттарын, пішінін, түсін, көлемін айтқызу)
Орысша атауы:
Ыдыстар - посуды
-Балалар, шаршаған боларсыңдар, сәл бой жазып алайық:
Сергіту сәті:
Құлпыра берші кең далам,
Гүліңді мен терейін
Жапырағыңмен жасыршы,
Қойныңа мен енейін.
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай балалар,
Үп-үлкен боп өседі.
Ыдыстардың үні. Аудиодыбыс тыңдау.
Ғажайып сәт. (Есік қағылады.)
-Балалар, бізге біреу келген сияқты. Кім болды екен?
-Бұл біздің досымыз қуыршақ Сәулеғой.
-Сәлеметсіңдер ме, балалар. Бүгін менің туған күнім. Мен достарымды қонаққа шақырдым. Бірақ дастархандағы ыдыстарыдың аттарын және қай ыдысқа қандай тағам салатынымды түсінбей тұрмын. Маған көмектесесіңдерме?
-Сәлеметсіңбе, қуыршақ Сәуле. Сені туылған күніңмен достарың құттықтайды. Әрине саған көмектесеміз. Балалар қуыршақ Сәулеге «Тағамдарды өз ыдысына сал» ойыны арқылы қай ыдысқа қандай тамақ салатынымызды айтып көмектесейік.
Үлестірмелі материалмен жұмыс: «Тағамдарды өз ыдысына сал» ойыны.
-Балалар мында берілген суреттегі ыдыстарға салынатын тағамдарды өз орындарына салып шығамыз.
-Балалар сендерге ойын ұнадыма?
Қуыршақ Сәуледе сендермен бірге ыдыстарды біліп алды. Ендеше балалар бүгін Сәуленің туған күні екен. Сәуле достарына арнап торт алып келіпті. Бірақ бізде торт салатын ыдыстарымыз аз және әшекейсіз екен. Сәулені қуанту үшін тәрелкелерді әдемілеп безендіріп берейік.
Балалармен жеке жұмыс: «Тәрелкені әшекейлеу».
Балалар алдарындағы дайын қағаздан қиылған тәрелкелерге губканы бояуға батырып қағазға бастыру арқылы дөңгелек пішіндердің суретін салады.
Балалардың жұмыстарын бақлау. Қиналған балаларға көмектесу.
Сергіту сәті:
Дастарханды жаямыз
Ыдыстарды қоямыз
Тағамдарды әкеліп
Ыдыстарға саламыз.
Рефлексивті – түзетушілік
Балалар, бүгінгі сабақтан не түсіндіңдер?
Сонымен, ыдыстар дегеніміз не?
Ыдыстар қандай болады?
Бүгінгі сабақ қызықты болды ма?
Балалар сұрақтарға бұлжытпай жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: ыдыстардың әр түрлі пішінде болатынын
Түсінеді: ыдыс деген ұғымға не жататынын
Қолданады: үй жағдайында тағамдарды дастарқанға қоюды.
Достарыңызбен бөлісу: |