Сабақ түрі тәжірибелік


Жаңа сабақты түсіндіру 80м



бет3/4
Дата30.05.2024
өлшемі86,5 Kb.
#203047
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Метод.-Акушериялық-қан-кету

10. Жаңа сабақты түсіндіру 80м
Босанғаннан кейінгі кезеңдегі қан кету, жатырдың жиырылғыштық қасиетінің бұзылуы, яғни гипо атониялық жадайы деп санайды. Жатырдың гипотониялық және атониялық жағдайының этиологиясы бір. Жатырдың жиырылғыштық қасиетінің бұзылуына әкелетін себептері 2 үлкен негізгі топқа бөледі.
Жатырдың атониясы мен гипотониясына алып келетін ананың аурулары немесе жағдайы / жүктілік кезіндегі кеш гестоздар, жүрек қан тамыр жүйесінің аурулары, бауырдың, бүйректің, тыныс алу жүйсінің, орталық нерв жүйесінің, қан айналу жүйелерінің аурулары, нейро-эндокринді бұзылыстар, жедел және созылмалы инфекциялар ж/е т.б./

  1. Жатырдың атониялық және функционалдық жетімсіздігіне әкелетін себептер: бала жолдасының бекіну ақауы, жатыр қуысында бала жолдасының бөліктерінің қалуы немесе оның қыбылуы: қалыпты орналасқан бала жолдасының мезгілінен бұрын бөлінуі, жатырдың даму ақаулығы, бала жолдасының немесе өсіп бекінулері, жатырдың қабыну аурулары /метроэндометрит/, жатыр миомасы, көп ұрық,/жатыр/ бала жолдасын диструкциялық өзгерсіне әкелетін ірі ұрық, осылардан басқа да жатырдың гипотониясы мен атониясына әкелетін қосымша факторларға: босанар алдыңғы ақаулықтар яғни босанудың тез ағымымен өтетін немесе ұзақ өтуіне әкелетін жағдайлар, ұрық маңындағы судың ерте кетуі, босану кейінгі кезендегі шектен тыс активті қабылдаулар, тономоторлы препараттарды үлкен дозада қабылдау, бала жолдасын және дұрыс емес әдістерді қолданғанда яғни Абуладзе, Гентера, Креде-Лазаревич әдісиері мен сыртқы массажды және кіндіктен көтеруді дұрыс емес қолданулар жатады. Соңғы жылдары жатырдан қан кетудің жиілігінің артуы, жатырдың жиырылғыштық функциясының бұзылу себептерінен болады. Сондықтан акушерлер дұрыс диагностика мен емдеуді жүргізу қажет.

Қан кету кезінде көніл аудармаса немесе аздаған қан кетуде шаралар яғни оны тоқтату шараларын қолданбаған жағдайда, әйелдің өміріне қауіп төндіретін қан кетуге айналатынын акушер-гинеколог врач білу қаажет. Онда басқа организмнің қан жоғалтқан кездегі реакциясы оның жоғалту мөлшеріне ғана емес сонымен қатар қан жоғалту жиілігіне, организмнің өзіндігіне жасына және қосымша ауруларына байланыстылығын ескеру қажет. Тез және аздаған қан жоғалтқаның өзінде әйелдің өлімге әкелетін ОНЖ функциясының бұзылыстары мен организмеің басқа да өзгерістері болуы мүмкін.
Гипотонияның атонияға өтуі, гипотонияны шақырған себептердің әсер етуінен болады. Осы екі жағдайдың генезінің айырмашылығы тек жатырдың күші мен тітіркенуіне байланысты яғни атония кезінде тежелу емес жатырдың тономоторлы функциясымен қалыпты метоболизмін қамтамасыз ететін жатыр түйіндері мен нервтің өткізгіштігінің тітіркендіру толығымен тоқталады.
Жатырдан гипотония әсерінен қан кету кезінде жатырда бала жолдасының ұсталып тұрған кезінде немесе жартылай бөлінген жағдайда болады, ол атония жатыр толық босағаннан кейін болады.
Бала жолдасының бөленуінің тоқталуы немесе қысылуы, жатырдың түтікшелік бұрышының аймағынаң немесе ішкі еріннің спазмасынан дамиды. Осындай жағдайдың себептері болып жатырдың бірдей емес жиырылуы, дөректі массаж жасағаннан, кіндікті тартуды, Креде-Лазаревич әдістерін, бала жолдасын бөлуде өз уақытында қолдану әрекеттерінен пайда болады. Осындай әрекеттер әсерінен жатырдың физиологиялық ритмі және таралу күші, жатырлық бұлшық еттердің жиырылғыштығы бұзылады, бұлшық ет топтары бөлек тырысы жиырылады және де бала жолдасының бірдей емес жартылай бөлінуі болып, соңынан қан кетуге әкеледі.
Бала жолдасының бөлінуінің ұсталып қалуының себептері болып, қуықтың толтырылып тұруы, іш бұлшық еттерінің қаттылығы/пресс/әлсіз дамуы, іштің қабырғасының алдыңғы жағының болбырлығы, жатырдың созылуы/ірі нәресте, көп ұрықтық, судың көп болуы/ мерзімнен бұрын босануы, бала жолдасының бөлінуінің физиологиялық бұзылуына байланысты, біріншілік және екіншілік босану әрекетінің әлсіздігі, босанатын әйелдің шаршауы, операция арқылы тез босандыру, жатыр миомалары жатады.
Егер бала жолдасының түтікшелік бұрыш аймағы қысылып қалған кезде, жатырды пальпация жасап/кейде ішті қөру арқылы/бұлшық шығып тұрғандығы байқалады. Жатыр денесінің басқа бөліктерінен ерекше байқалып тұрады.
Бөлінген және қиылған бала жолдасы жатырдың ішкі ернеуінің циркуляторлы бұлшық еттерінің спазмасының салдарынан ұсталып тұрса, онда жатырдың формасы құм сағатқа ұқсас келеді. Егер бала жолдасы толық бөлініп жатырда ұсталып тұрса/қысылусыз/, онда қалыптағыдай бала жолдасының бөліну белгілері болады.
Бала жолдасын босатып болғаннан кейінгі қан кету қөбісіне бала жолдасының бөлікшесінің ұсталып қалуынан, кейде қабықшасының немесе бөлігінің ұсталып қалуынан болады. Мұндай жағдайда қан үздіксіз ағуы мүмкін не жиі ағуы, не бір белгілі порциямен ағуы мүмкін.
Жоғалтқан қанны түсі қошқыл түсті және майда іртіктер араласқан. Кей жағдаларда ішкі ерін ірі іртіктермен жабыылып қалып, сыртқы қан кетулер болмауы да мүмкін. Мұндай жағдайда жатырдың жиырылуы нашарлайды, босанған әйелдің жалпы жағдайы нашарлайды, пульсі мен тынысы жиілейді. Қан қысымы төмендейді, терісі бозарады. Сыртқы массаж жасасақ іртік бөлініп, қайтадан қан кету болады.
Бала жолдасының жартылай ұсталуынан кеткен қан кетуді босанып болғаннан кейін, дұрыстап тексеру арқылы байқаймыз. Егер қараған кезде бала жолдасының бүтіндігіне күман болған жағдайда, дереу қолды салып жатырды тексеру қажет.
Босанып болғаннан кейінгі кезеңдегі ерте гипотониялық және атониялық қан кету, босанып болғаннан кейінгі қан кетудің жалған болуы мүмкін, және де босануды шамадан тыс активті қабылдау кезінде болуы мүмкін. Көбінесе ол толқын тәрізді сипита болады, жатыр бұл кезде балбыр болады. Сыртқы массаж жасау мен іртіктерді басып шығарғанда, жатыр қайтадан тез өз тонусын қалпына келтіреді. Кейде қан іртіктері жатыр қуысында болса, онда қан бөлінбейді, яғни жалған қан кету болатынын естен шығармау қажет. Яғни бұл жағдай жатыр гипотониясында да болады. Ол кезде жатырдың көлемі ұлғайып қабырғылары қатты болады.
Жатыр атониясы профузды және үздіксіз қан кетумен клиникасы сипатталады. Бұл жағдайда жатыр өте болбыр болып, өте қатты тітіргендіргіштерге де жауап қайтармайды. Босанып болғаннан кейінгі кезеңдерге жатыр атогниясы кезінде, бала жолдасы білінбегенде қан кету болмауы да мүмкін. Қан кетудің күші жатыр атониясы пайда болған уақытқа байланысты, сонымен қатар, бала жолдасының көлемімен оның бекінуіне де байланысты болады.
Біріншілік жатыр атониясы сирек кездесетін жағдай.
Жатыр гипотониясының диагнозын неғұрлым ерте қойылса соғұрлым жатырдың жиырылғыштық функциясы мен қалыпты тонусын қалпына келтіру оңай болады.
Дәрігер, жатыр гипотониясы кезінде өз уақытында қолданған заттар тез эффект беретінін, ал атония кезінде нәтижесіз болып оны ұзақ уақыт қолданғанда, бір хирургиялық емнен және қолданған операциямыздан да кеш болып қалып, нәтижесіз болуы мүмкін.
Күресу шаралары:
Күресу шараларын гипотония мен атония кезіндегі қан кетуге қолданғанда мынандай топтарға бөлуге болады: медикаментозды, механикалық және оперативті. Егер бала жолдасы ішкі ернінің немесе түтікшелік бұрышта қысылып қалған болса сол жағдайда, дереу жалпы наркоз арқылы, яғни жатыр бұлшық еттерін спазмасын қалпына келтіретін заттар мен қосып беріп, қолды салып бөліп алу қажет. Наркоз бергеннен кейін бала жолдасының бөліну белгілері байқала бастаса онда Креде-Лазаревич әдісін қолдану қажет. Егер осы әдістен эффект болмаса, онда дереу қолды салып тексеріп бөліп алу қажет.
Бөлінген бала жолдасының тоқталып тұрган кезде және компенсаторлы қан жоғалтқан кезде, қуыққа катетер салып, босатып Абдуладзе әдісін қолдану қажет немесе Гентера, Креде-Лазаревич әдісін қолайлы әдіс болып Абдуладзе әдісі табылады. Осы әдіс екінші рет босанатын, іш қабырғасы болбырлаған/кезде/ әйелдерге эффект жақсы береді. Көп мөлшерде қан кеткенде және бала жолдасы бөлінбегенде, тез арада қолды салуға кірісу қажет.
Өзі бөлінген немесе бөліп алған бала жолдасын аналық жақтарын дүрыстап тексеріп қарау қажет. Оның беткейлігі тегіс, түсі сүршал көк, децидуальді қабықшамен қапталған болу қажет. Ал оның деффектісі болған жағдайда ол жерлерінің түсі қошқыл-қызыл, шеттері тегіс емес болады. Сонымен қатар бала жолдасының балалық бетін қарау қажет, ондағы қан тамырларына көңіл бөлу қажет. Егер тамыр бала жолдасының шеттеріне өтіп, ол қабықшасы жүлынған болса, онда жатырда қандай да бір бөлігі ұсталып қалғанын байқау қажет. Егерде қандай да бір бөлігі жатырда қалып кетсе, міндетті түрде оны алып тастау қажет. Қазіргі уықытта қолды салып тексеру операциясын орындау жақсы гемостатикалық эффект беріп және үлкен қан жоғалтуды алдын алады. Егер жатыр қуысына қолды салып тексерген операциямыздан эффект болмаған жағдай, ол операцияны кеш орындағаныны дәлелдейді. Жатырдың маторлы функциясынның бұзылудың дәрежесін-бала жолдасын қолмен бөлген немесе жатырды қолмен тексергенде аңықтауға болады. Операция жасап жатқан дәрігердің қолына жатырдың маторлы функциясының күші сезіледі. Яғни гипотония кезінде әлсіз жиырлау күші байқалса, ал атония кезінде қанша механикалық пен дәрінің эсері болса да, еш қандай жиырлау күші байқалмайды. Гипотония болғанда операция кезінде абайлап жұдырықты массаж да жасау қажет. Мұндай ішілік әрікеттері кезінде асептика мен антисептиканы дұрыс сақтау қажет. Қолды операция кезіндегідей жуады. Операция алдында көк тамырға тамшы ретінде қанды алмастырушы ерітінділер/полиглюкин, реополиглюкин/құяды. Қажет болған жағдайда-донорлық қан құяды. Операция алдында міндетті түрде қуықты босатып алу қажет. Операцияны жалпы еріндерін ашып, екінші қолымызды конус тәрізді бүге отырып қынапқа одан жатырға қарай енгіземіз. Сыртқы жақтағы қолымыз жатыр түбіне қоямыз. Ішке салған қолымызбен жатыр қабырғаларын түгел тесереміз. Қолымызды жатыр қуысын бала жолдасын, іртік қандарды бөліп алмай жатып шығармаймыз. Қолды салып тексеру операциясы кезінде жатырдың жиырылғыштығы жетімсіз болған жағдайда дереу ішкі-сыртқы жұдырық массажына кірісу қажет. Ішке салған қолдың саусақтарын жұмып денесіне әсер еткіземіз. Сыртқы қолымыз жатыр түбінде болады, да сыртынан уқалаймыз. Егер массаж дөрекі жасалса онда ДВС-синдромы дамиды. Егер дерекі жасалып жатырды шапқа қарай қысқан жағдайда талма /шок/дамуы мүмкін. Қан тоқтағаннан соң және жатыр жақсы жиырылғаннан кайін қолымызды аламыз. Жасаған эффектіміз бекіну үшін жатыр мойына Лоциский бойынша тігеміз, соңынан қынаптың сыртқы күмбезіне эфирмен малынған тампон қоямыз да, жатыр мойына не күре тамырға окситоцин саламыз.
Ал атония кезінде бұл әдіспен қан тоқтату эффекті болмайды. ДВС-стндромы пайда болған жағдайда жатырға ампутацияны қайталап қөп мөлшерде тономоторлы заттар енгіземіз.
Гипотониялық қан кетуді тоқтату шараларының комплексіне жіп лигатураны аналык бездін озіндік байламына орналастырамыз. Егер де тамырдын байламы дүрыс байланса дистолды бөліктері жатыр артериясынын пульсациясы токталады, жатырдын тусі озгереді/цианоз, кейіннен ишемия салдарынан бозарады./, жатырдын тонусы жаксарады, қан кету токталады. Тамырды байлаудагы дүрыс екендігіне коз жеткізгеннен сон, іш куысын 10-15 минуттан сон толыгымен жауып коюга болады.
Жатырды кынап устілік ампутация жасаганда тамырды байлау дурыс эффект бермесе, бала жолдасы толык немесе жартылай осіп жатыр диффузды қанмен малынса /матка Кувелера/мундай жағдайда қаннын ую касиетінін бузылгандылыгы деп тусіну қажет./Репина М. А. 1979 г/.
Экстирпацияны бала жолдасы осіп бекінген жагдайда және жатыр мойнынын терең жыртылуы мен инфекция косылған жағдайдын әсерінен болған жатыр атониясында колданады.
Қан кетудегі курестін ағымы – осы жағдайдағы колданылған шаралар мен уйымдастырылған комекке байланысты.
Босанаты болімшеде барлық уақытта оз уақытында комек корсету ушін барлығы туракты дайын болу қажет. Бүл жумыска сенімсіздікпен карамау қажет. Тез және эффективті турде комек корсетуді уйымдастыру ол сол бригадагы адамдардын озара карм-катынасынын дүрыстыгына байланысты. Босанатын болімшеде куылатын ерітінділер мен кордагы кандардын молшерін аныктап оны куюдагы жуйесі жағдайларын мухият бакылу қажет. Кезекші бригада жана қан беретін донолар болуы қажет.
Босанып болғаннаң кейінгі кезендегі ерте қан кету кезінде мынадай қажетті шараларды ретімен колдану қажет.

  1. Катетер арқылы зәрді шыгару қажет.

  2. Жагалткан қан колемін орнына келтіру.

  3. Жалпы наркоз аркылы жатыр куысын колды салып тексеру және жудырык аркылы массаж жасау қажет.

  4. Тономоторлы касиеті бар заттар енгізу.

  5. Қан кетуді бекіту эффектісі/закрепленный эффект/аркылы токтатуда, жатыр мойына В. Л. Лосицкий бойынша тігу, ал кынаптын артқы кумбезіне,эфирге малынган тампон кою, кейіннен муз салынган ыдысты іштін томенгі жағына койып, жатырға сыртынан массаж жасау.

  6. Атония болса операцияга дереу алу керек.

  7. Науқасты талмаға түсірмес ушін не талмадан шыгару үшін, интенсивті терапияны жалғастыру қажет. Жансыздандыру әдісін наукастын жағдайына байланысты алынады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет