Сабақ түрі тәжірибелік


Оқушының өз бетінше атқаратын жұмысы 94м



бет4/4
Дата30.05.2024
өлшемі86,5 Kb.
#203047
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Метод.-Акушериялық-қан-кету

11. Оқушының өз бетінше атқаратын жұмысы 94м
Оқытушы оқушыларға алдын ала сабақтың тақырыбына байланысты дайындалған науқастарды, яғни босанатын және босанушы әйелдердi, операциядан кейiнгi науқастарды курацияға береді. Науқастардың курациясының алдында оқытушы оқушыларды анамнездi дұрыс жинау қажеттiлiгiне, әйелдер кеңесi жағдайында жүргiзiлiп жатқан емдiк шараларына, экстрагенитальдi ауруларына назар аударады. Оқытушы босануды дұрыс жүргiзiлуiне , әртүрлi қалыпты ағымнан ауытқуларында емдiк, алдын­­-алу шараларын дұрыс қолданылуына ерекше көңiл аударады. Босану алды бөлiмінде немесе босану залында босанатын әйел бар болса, онда оның босану тарихымен, анамнезiмен танысады, гинекологиялық анамнездi , менструальдi қызметтi, паритеттi, алдыңғы жүктiлiктердiң ағымын анықтайды.
а) Курация барысында оқушылар госпитализация себептерiн анықтау қажет. б) Клиникалық зерттеу жасау қажет: сыртқы акушерлiк зерттеу , қажет болса ассистентпен бiрге қынаптық зерттеу жасау қерек.
в) Клиникалық зерттеу жасағаннан кейiн оқушы алғашқы болжам диагнозын анықтайды , кейiн зерттеу жоспарын жасау қажет. Бар анализдермен танысып, интерпретация жасайды. Клиникалық анализдермен, қосымша зерттеу әдiстерiмен (УДЗ) танысқаннан кейiн.
клиникалық диагнозды қояды.
г)Бала жолдасының ажырауы және ерте босанғаннан кейінгі кезеңдгі қанағудың себебін анықтайды, алдын алу шараларын тағайындайды.
д) Босануды жүргiзу жоспарын толтырады.
12. Жаңа тақырыпты бекіту. 28м
Ситуациялық есептер шешумен жүргізіледі.
Есептер.
Есеп № 1
Көп босанған 35 жастағы әйел, ішінің қатты ауырғанына, жыныс жолдарынан орта мөлшерде қан тәрізді бөлінуге шағымданып, перзентханаға түскен. Бұдан 3 сағат бұрын жедел ауырған. Мәлімет алғанда : қазіргі жүктілігі 8-ші, 5 рет босанған , 2 жасанды түсік болған. Үш жыл шамасында гипертониялық аурумен, пиелонефритпен ауырған ; жүктіліктің соңғы айларында аяқ-қолдары ісінген, дәрігерге 1,5 ай бұрын қаралған. Объективті зерттеу : тері жабындылары бозғылт, қ/қ 100/50 мм. с.б., аяғында ісіну бар, тамыр соғуы 100 рет минутына. Жүктілік мерзімі 38-39 апта, жатыр көлеміне сәйкес, қозғыш, сипағанда ауру сезімі байқалады, нәрестенің жүрек соғуы 180 рет минутына. Қынаптық зерттеуде : жатыр мойны 2 см қысқарған, жұмсақ , мойын өзегі бір саусақ өткізеді, қағанақ бүтін, нәресте баспен орныққан, сегізкөз мүйісіне саусақ жетпейді . Диагнозы ? Акушерлік амал?
Есеп № 2
Қайта босанатын әйел жүктіліктің 35-36 аптасында жыныс жолдарынан қан кетуге байланысты, толғақсыз перзентханаға түскен. Бұл жүктілігі 5-ші, 3 рет жасанды аборт жасатқан. Терісі, кілегейлі қабықтары бозғылт, тамыр соғуы 100 рет минутына , қ/қ 100/50 мм. сб.,жатыры қалыпты пішінді . Нәресте басы жамбастың кіреберіс жазықтығынан жоғары, қозғалмалы, жүрек соғысы 140 рет минутына , ырғақты.
Қынаптық зерттеуде : жатыр мойны сақталған, сыртқы өзегі жабық , қан көп кетуде.
Диагнозы ? Акушерлік амал.
13. Сабақты қорытындылау. 6м
Оқушылардың білім деңгейін бағалау
14. Үйге тапсырма беру 6м
Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет