Сабақ түрлері бойынша пәннің мазмұны және сағаттарын бөлу



бет2/3
Дата23.10.2020
өлшемі161 Kb.
#73187
түріСабақ
1   2   3
1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Оқытушы және пән туралы жалпы мәліметтер

Джумажанова Гульжанар Какимжановна, психология ғылымдарының кандидаты, доцент

Кафедра «Педагогикалық психология»

Байланыс ақпарат – тел: 30-43-41, оқу ғимараты №2, кабинет №302

Сабақ өткізу орны – дәрісхана №422

Пән бойынша кредит саны аталуы – 3



    1. Пәннің мазмұнының қысқаша сипаты:

Пәннің оқу-әдістемелік кешені Семей қаласының Шәкәрім атындағы МУ-нің пәндерге арналған оқу-әдістемелік кешені туралы ережесіне сай құрастырылған. Аталған пәнді оқыту барысында дәріс, тәжірибелік, сондай-ақ БӨЖ және БОӨЖ сабақтары құрастырылады. Оқу жоспарының көшірмесінде бөлініп берілген әр сабақ түрлері сағатқа шағылған, пәннің қысқаша мазмұны, мақсаттары мен міндеттері көрсетілген. ОӘК оқу пәнін меңгерудің барлық талаптарына сай келеді. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі бар. Студенттерге арналған жұмыс бағдарламасы берілген. Студентке арналған жұмыс бағдарламасында оқылуға тиісті тақырыптар мен жұмыс түрлерінің тізімі әдебиеттердің көрсетілуімен айқындалған. Әр дәріс сабағы бойынша қысқаша мәлімет берілген. Тәжірибелік сабақтардың тақырыптары және әр тақырыпта қарастырылатын мәселелер жоспар түрінде нақты көрсетілген. БӨЖ және БОӨЖ тапсырмаларын өткізудің мерзімі, тақырыптары және әдебиеттері жазылған. Студенттердің білімін бағалау әдістемесі бар.

1.3. Пәнді оқытудың мақсаты:



  • студенттерді педагогикалық психологияның негізгі ұғымдарымен, мәселелерімен және заңдылықтарымен таныстыру;

  • педагогикалық психологияның алуан түрлі ғылыми бағыттары бойынша студенттердің білімдерін жүйелеу;

  • психологиялық құбылыстарды жүйелі талдау біліктері мен дағдыларын қалыптастыру;

  • білім беру тұжырымдамаларындағы негізгі бағытты жүзеге асыру

  • өсіп келе жатқан ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеу үрдісін жаңаша іске асыру;

  • барлық ұғымдардың өзара байланысын, олардың ішкі мазмұнын ашу.

1.4 Пәнді оқытудың міндеттері:

  • педагогикалық психология пәнінің мазмұнын білу;

  • әртүрлі оқу-тәрбие жағдайларын шешу кезінде психологиялық және педагогикалық талдау жасай алу және оны біріктіре алу;

  • оқыту және тәрбиелеу мәселесін шешу, зерттеу сферасын кеңейту;

  • студенттердің өздігінен психологиялық-педагогикалық зерттеулер жүргізуіне мүмкіндік беретін білім, іскерлік және дағдыларын қалыптастыру.

1.5 Оқытудың нәтижелері:

Пәнді оқу нәтижесінде білімалушы міндетті:

білу:


  • теориядағы және практикадағы психологиялық байланыстың негізгі бағытын;

  • мектептегі жұмыстын құрылымын;

  • интерпретациялық нәтиженің өңделуі және зерттеудің жүргізілу ережесін;

  • педагогикалық психологияның танымал әдістемелердің көптілігін;

  • педагог-психологтың этикалық мәдениеттілігін.

игеру:

  • педагогикалық психология курста алған білімді сапасын бағалау;

  • нақты әдістемелерді таңдау барысында психолгиялық дамудың жеке оқытылуын;

ұғып алу:

  • педагогикалық психологияның негізін түсіну;

  • әдістерді орынды қолдану іскерлігін.

  • ғылыми теориялар және сөздіктермен жұмыс.

түсіну:

  • педагогикалық психологияның даму сатысын;

  • педагогикалық психологияның кәсіби этикалық түсініктемесін;

  • оқыту, тәрбиелеу және дамудың өзара байланыстылығын;

  • тәрбиелеу психологиясын, оқыту психологиясын.

1.6. Пән пререквизиттері:

1.6.1 Педагогикалық мамандыққа кіріспе;

1.6.2 Психология және адам дамуы;

1.6.3 Психологиялық мамандыққа кіріспе.

1.7. Пән постреквизиттері:

1.7.1 Мектепке дейінгі мекемелердегі әдістемелік жұмыс;

1.7.2 Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет