Жаңа білім беру сабағының құрылымы:
оқушылардың ойлау белсе,нділігі жоғары жағдайда таным заңдылықтарын ескере отырып алғашқы мәліметтер енгізу;
оқушыларға нені есте сақтау керектігіне нұсқау беру;
есте сақтауға және жадыда ұзақ сақтауға жағдай туғызу;
хабарлау немесе есте сақтау техникасының өзектілігін айқындау (жадыға керек мәліметтермен жұмыс, мағыналық топтастыру т.б.);
мұғалім жетекшілігімен тікелей қайталау, жартылай қорыту арқылы алғашқы бекіту;
алғашқы есте сақтау нәтижелерін бақылау;
қысқа, содан кейін ұзақ мерзім аралығында әртүрлі талаптарға негіздей отырып, соның ішінде саралау тапсырмаларын орындау арқылы, үнемі жүйелі қайталау;
жаңа білім алу үшін ішкі қайталау және бұрын қалыптасқан білім, білік, дағдыларын үнемі қолдану;
есте сақтау үшін тірек мәліметтерді білім бақылауына жиі қосу, білімді есте сақтау және қолданудың нәтижесін үнемі бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |