Сабақ түрлері және оның құрылымы Түсіндіру сабақтары: Жаңа сабақ жаңа білім беру мақсатында



бет5/10
Дата05.05.2020
өлшемі51,29 Kb.
#65838
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
001273b1-18effb9d

Қайталау сабағының құрылымы

  • сабақтың басын ұйымдастыру;

  • білімдік, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттарын қою;

  • негізгі ұғым, ақыл – ой қорытындысын, негізгі білім, дағдыларын, іс – әрекет тәсілдерін (ойлау және практикалық) қайталауға бағытталған үй тапсырмасын тексеру. Алдыңғы сабақта, келер қайталауғак сәйкес үй тапсырмасын іріктеу;

  • қайталау жұмысының қорытындысын шығару, сабақта оқу әрекеттерінің нәтижесін тексеру;

  • үйге тапсырма.


Білімді тексеру сабағының құрылымы:

  • Сабақты ұйымдастыру. Бұл жерде тыныш, іскер жағдай туғызу керек. Мұғалім тексеру және бақылау жұмысымен баланың келесі тапсырманы түсіну дайындығын тексереді;

  • сабақ мақсатын қою. Мұғалім оқушыларға қандай мәліметтерді тексереді немесе бақылайтынын хабарлайды. Балалардан сәйкес ережелерді еске түсірулерін және жұмыста пайдануларын сұрайды. Оқушылар міндетті түрде өз жұмыстарын тексе,ріп отыруын ескертеді;

  • бақылау немесе тексеру жұмыстарының (мысал есеп, амалдарды орындау, диктант, шығарма немесе сұрақтарға жауап т.б.) мағынасын айту. Тапсырманың мөлшері немесе қиындық дәрежесі әр оқушының шамасына қарай және бағдарламаға сәйкес болуы керек;

  • сабақты қорытындылау. Мұғалім оқушылардың жақсы жұмыстарын таңдап алып, басқа жұмыстарында жіберген қателерді талдайды және қатемен жұмыс ұйымдастырады (оған келесі сабақ арналады);

  • білім және біліктерінде жиі кездесетін қателерін және кемшіліктерін анықтау, сонымен қатар білім, дағдыларын дамыту жолдарын іздестіру.



    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет