Семинар сұрақтары.:
1. Ұйымдық басқаруға қатысты мысалдар келтіру.
2. Тақырыпқа байланысты теренингтер дайындау.
3. Басшымен бағынушының арасындағы қарым-қатынас.
4.Конфликтінің туындау себептері.
5. Тақырыпқа байланысты ситуация ұйымдастыру және оның шешілу жолдары.
15. Дәріс. Педагогикалық конфликтологиядағы диагностика
Мақсаты: ЖОО студенттерін педагогикалық конфликтология және ондағы диагностика туралы теориялық білімдермен қаруландыру.
Жоспары:
1. Педагогикалық конфликтологиядағы диагностика
2. Педагогикалық үрдістегі конфликті ситуацияларды басқарудың негізгі принциптері.конфликтологиядағы технологиялар
Конфликт қоғамның әр түрлі мүшелерінің, жеке тұлғалар мен әлеуметтік топтар арсындағы өзара қатынастар мәселесі, сонымен қатар топаралық қатынастар мен күшті эмоциялық күйлермен байланысты шешілуі күрделі қайшылықтардың көптеген формасы ретінде конфликтологияның зерттеу пәні болып табылады.
Педагогикалық конфликтология оқытушының кәсіби іс-әрекетіндегі конфликтілердің себептарі мен салдарын зерттейді.
Педагогикалық іс-әрекеттегі конфликтілерді нәтижелі шешкеннен гөрі, оның алдын алған тиімдірек. Оқытушының оқушы әрекетінің мотивін талдамай, оның позициясымен санаспай шара қолдануда асығыстық жасауына, оқушыны жазалауына болмайды.
Адамда белгілі бір ішкі қор, тұлғалық тұрақты ядро, дүниетаным, әлеуметтік және адамгершілік көзқарас болу керек. Өзара әрекетте адамгершілік және құқықтық категориялардың талаптарын сақтай отырып, күрделі шынайы жағдайда өзін ұстап, сонымен қатар пайда болған мәселенің рационалды шешімін таба білуге бала кезден баулу керек. Адамның балалық және жастық шағында өзін-өзі талдау біліктілігі игерілмесе, онда оның рефлексиясы жеткілікті түрде дамымаған деген болжам бар, осыған байланысты қазіргі таңда рефлексия мәселесі маңызды болып отыр.
Оқытушы мен оқушы арасындағы өзара қатынастың жағымсыз болуының, балалардың ересектермен позитивті қатынасында қажеттіліктерінің қанағаттанбауының бала үшін көпжақты кері салдары бар. Әрекеттің мұндай формасы жеткіншектердің қатынас формаларындағы жасерекшелік өзгерістер ескерілмеген жағдайда, ересектердің олармен өзара қатынастарының мазмұны өзгермеген жағдайда пайда болады.
Оқытушының кәсіби ерекшелігі оның балалармен стимулды қарым-қатынас арқылы білім беру жүйесінде сенімді және сыйлы климат орнатуында. Қарым-қатынас – бұл ғылым әрі өнер. Мұнда табиғи қабілеттер мен білім беру өте маңызды орын алады. Л.Н.Толстойдың өзі «сөз – ұлы іс»,- деген болатын. Оның ұлы болатын себебі, сөз арқылы адамдар байланысады, сөз арқылы олар ажырасады, сөз махаббатта қызмет етеді, сөз жауластық пен жеккөрініште де қызмет етеді.
Әсіресе жеткіншектер ішкі конфликт күйін жиі кешеді. Мұны оқытушыларда мазасыздық туындататын олардың әрекеттерінің өзгерістерінен байқауға болады. Жеткіншектердің өзгерістерін түсінбестен, кейбір оқытушылыр олардың көптеген сұрақтарға жауап берулерін талап етіп, ескертулер жасайды. Оның себептерін баладан талап ету пайдасыз және тиімсіз.
Императивті тондар ойлаудың, өзін-өзі түсінудің қызметіне, мотивтердің вербанизациясына кері ықпал етеді. Педагогикалық іс-әрекеттердегі осындай тар бағыттар тек қана болашаққа ғана емес, сонымен қатар мектептегі күнделікті өмірге де психологиялық кедергілер келтіреді: күшті конфликтілі ситуациялар пайда болады, оқушылардың оқуға деген қызығушылықтары төмендейді. Қарым-қатынастағы достық, түсіністік қана жеткіншекке көмекетесе алады, оқытушының оған көмектесуге дайын екендігін олар көрулері керек.
Педагогикалық конфликтология пәні ЖОО –да оқытылады. Оның мақсаты – білім беру сферасындағы конфликтілерді диагностикалауға, алдын алу мен шешуге көмектесу , сонымен қатар конфликтілі қатынастар үрдісінде басқару және бақылау біліктіліктерін дамыту. Конфликтілерді бақылап, оларды басқара білу, конфликтілі әрекеттердің көріністерін жоя білу оқытушының тұлғалық сапаларына, олардың дүниетанымдары мен өмірлік принциптеріне байланысты. Оқытушының беделі, ата-аналар мен педагогикалық ұжымның сыйлауы, қоғамдық ұйымдардың көзқарасы конфликтілі ситуацияларлдың пайда болуы мен оның дамуын алдын ала анықтайды.
Тұлғаның потенциалы өзін-өзі талдаудың нәтижесімен, өзге оқытушылардың, ата-аналардың, мектеп басшылығының оқытушы іс-әрекеті мен мінез-құлқына деген қатынастарымен ерекшеленеді.
Оқу-тәрбие үрдісіндегі, өзара әрекетке қатысушылардың қатынастарындағы міндеттерді шешудегі психологиялық және эмоциялық тұрақтылықты сақтау – педагог тұлғасының өзін дамыту бағытындағы кілті.
Достарыңызбен бөлісу: |