Сабақ уақыты: 45минут Сыныбы: 6 а. Сабақтың тақырыбы



Дата22.06.2017
өлшемі74,55 Kb.
#19645
түріСабақ
Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Ибрагимова Жазира Ертайқызы
Қазақстан тарихы пәні бойынша қысқа мерзімді жоспары


Сабақ уақыты:

45минут

Сыныбы:

6 а.

Сабақтың тақырыбы:

Көшпелі бақташылық – шаруашылықтың негізгі түрі

Сабақтың мақсаты:

Көшпелілердің тіршілігін отырықшы егіншілердің өмірімен салыстыра отырып, киіз үй құрылысы мен тарихымен таныстыру.

Күтілетін нәтиже:

Оқушылар көшпелі мал шаруашылығының керектігін, киіз үйдің құрылысы мен тарихын біледі.

Сабақтың түрі:

Жаңа сабақ

Әдіс - тәсілдер:

«Кімнің ойы ұшқыр?» ойыны , «Кубизм» стратегиясы, «Топтастыру» , «Дұрыс па, бұрыс па» әдісі




Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Қажетті құрал-жабдықтар

Ұйымдастыру кезеңі:

Топқа бөлу

(2 мин)

Амандасу, түгелдеу. Кезекшімен диалог. Ыңтымақтастық атмосферасын орнату мақсатында шаттық шеңбер орната отырып, жыл мезгілдерінің атауына байланысты топқа бөлу.

Амандасады. Кезекші жауап береді. Сынып 4 топқа бөлінеді. Топ мүшелерінің міндеттерімен бөліседі.

1-топ: Көктеу

2-топ:Жайлау 3-топ:Күздеу 4-топ:Қыстау

Үй тапсырмасын сұрау

(8 мин)

  1. Үйге берілген тест сұрақтарын талқылау.

  2. «Кімнің ойы ұшқыр?» ойыны 1-топ

1.Көшплі мал шаруашылығы қашан пайда болды? 2-топ 1 .Көшпелі мал шаруашылығының қалай дамығанын айтып бер. 3-топ 1. Көшплі мал шаруашылығы үшін ертедегі тұрғындар малдың қандай түрлерін таңдаған? 4-топ 1. Көшплі мал шаруашылығының отырықшылықтан айырмашылығы қандай?

1). Оқушылар үйде орындап келген тест жұмыстарын топ басшысына тексертеді.

2). Әр топ берілген тапсырмаларды топтаса отырып, талдап жауап береді.

қима қағаздары

Жаңа сабаққа дайындық кезеңі

(2 мин)

Өткен тақырыптармен байланыстыра отырып, оқушыларға сұрақтар арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашамын. Ежелгі Қазақстан тұрғындары неліктен көшпелі мал шаруашылығымен айналысуға көшті?

Климаттың өзгеруінен айналысуға көшті. Климаттың өзгеруінен жыл мезгілдеріне қарай көші-қондарын өзгерте бастады.




Жаңа сабақ

( 10 мин)


Жоспары:

1. Дәстүрлі мал шаруашылығындағы көші-қон.

2. Көшпелілердің баспанасы.

Жыл мезгілдеріне байланысты сипаттама беріңдер.

1-топ: Көктеу

2-топ:Жайлау

3-топ:Күздеу

4-топ:Қыстау


мезгіл



Оқулық,

Бекіту (15 мин)


«Кубизм» стратегиясы.
1. Зерттеңіз.
Көшпелілер нені білуге тиіс еді зерттеп, анықтама беріндер.
2. Суреттеңіз.
Көшпелілердің киіз үйі мен
қазіргі үйді салыстырып, суреттеп айтып беріндер.
3. Талқылаңыз.
Көшпелі мал шаруашылығының түрлерін талқыландар.
4. Салыстырыңыз.
Көшпелілердің тіршілігін отырықшы егіншілердің өмірімен салыстырып, сипаттама беріндер.



2. «Дұрыс па, бұрыс па»

1. Б.з.д. 8 ғ. –б.з-дың 6 ғ. темір дәуірі қамтитын кезең.

2. Ерте темір дәуірінде мал басының көбеюіне байланысты көшпелі мал шаруашылығы қалыптасты.

3. Малды қыста жаюға байланысты қалыптасқан жайылымды тебінді деп атады.

4.Үзеңгі мен ауыздықты жылқыны қолға үйретуге байланысты ойлап табылған жаңалық.

5. Жайлау көшпелілердің жазда мал жаю орындары.

6. Қыстау көшпелілердің жылы қоралары бар тұрақтары.

7. Батыс және Орталық Қазақстанда таза көшпелі тұрмыс қалыптасты.

8. Кереге киіз үйдің қабырғасы.

9. Көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан қазақтардың төрт кезеңге бөлінген жайылымы маусымдық жайылым деп аталды.

10. Ерте темір дәуірінде көшпелі мал шаруашылығы қалыптасқан кезең.
3. «Топтастыру» әдісі

1-топ: Жылдың төрт мезгіліне немесе төрт түлікке байланысты мақал-мәтелдер.

2-топ: Жылдың төрт мезгілі тақырыбына арналған өлең жолдарын айтып беріңдер.

3-топ: Ой қорғау. «көшпелі», «отырықшы», «Наурыз мейрамы» сөздеріне сипаттама.

4-топ:Төрт түлікке байланысты жұмбақтар айтып беріңдер.

1). Оқушылар оқулықпен жұмыс жасай отырып, зерттеп, суреттеп, талқылап, салыстырып орындайды.




2). Оқушылар берілген тапсырмаларын ойлана отырып, орындап жауап береді..

3). Оқушылар берілген тапсырмаларын ойлана отырып, орындайды

Оқулық, флипчарт, маркер.

Кеспе қағаздар

Бағалау

(2 мин)

Бағалау парағы сабақ басында таратылады. Сыныпты бағалап, бүгінгі сабақтың білім сапасын, орта балын шығару.

Топ басшысы толтырып отырады.

бағалау парақшасы

Сабақты қорытындылау

(2 мин)

Балалар біз көшпелілердің жылдың төрт мезгілінде: жазда-жайлауға, көктемде-көктеуге, күзде-күзеуге, қыста-қыстауға көшетінін білдік, олай болса қазір біздің елімізде өркениетті елдер қатарына қосылу үшін үш тілді меңгеру талабы қойылып отыр, сондықтан біз төрт мезгілді орысша, ағылшынша айтып көрейік.
Сонымен балалар көшпелілердің негізгі кәсібі мал шаруашылығы екенін білдік және ата-бабаларымыз жайлаған ұлан-байтақ жерінде, еліміз тәуелсіз, бейбіт өмір сүріп жатырмыз. Жарайсыңдар балалар олай болса біздің бүгінгі саяхатымыз аяқталды, көшпелілер елін ұмытпай, есте сақтаймыз.


Жаз – лето – summer
Күз – осень – autumn
Қыс- зима – winter
Көктем – весна – spring






Үйге тпасырма

2 мин

  Көшпелі бақташылық – шаруашылықтың негізгі түрі







Рефлексия

2 мин

«Киіз үй» әдісі

Не жаңалық?

Бұрыннан білемін?

Не білдім?

Сабақтан алған әсерін қима қағаздарына жазады.

Түрлі түсті стикер


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет