Алкиндердің алынуы. Өнеркәсіпте ацетиленді көп кездесетін химиялық шикізат – табиғи газдан алады. Метанды пиролиздесе, ол көмітек пен сутекке айырылатынын білесіңдер. Реакцияны жүргізу жағдайына байланысты метанды айырғанда, ацетилен аралық өнім ретінде түзіледі:
2CH4→C2H2+3H2 Егер түзілген ацетиленді реакция жүретін ортадан тез алып кеті салқындатпаса, ол әрі қарай көміртек пен сутекке айырылып кетеді.
Алкиндерді сәйкес алкандарды дегидрлеп алуға болады. Мысалы, этанды 1200 градусқа дейін қыздырғанда, ацетилен мен сутекке айырылады: C2H6 →C2H2+2H2
Лабораторияда және күнделікті тұрмыста ацетиленді кальций карбидін сумен әрекеттестіріп алады. Ал кальций карбидін электр пеште сөндірілмеген әк пен коксті жоғары температурада әрекеттестіру арқылы алады: