Сабақтың барысы:
Тәртіп
Талап
Тазалық
Тыныштық
Татулық
Жағымды күйге ену.«Нұрға бөлену»
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды
айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді
жұмуларыңызды өтінемін (баяу әуен ырғағымен).
Елестетіп көріңіз:
Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап
барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан
баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,
эмоцияңызды, тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол
біртіндеп күшейе түсуде. Ойша осы нұрды қолдарыңызға бағыттаңыз. Сіздің
қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді
істейді және баршаға көмектеседі.
Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек
жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына
айналды.
Одан әрі Нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және
жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз
тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді.
Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана
көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой
келеді.
Нұр бірте-бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып,
жан-жағыңызға
сәуле
шашады.
Осы
нұрды
туысқандарыңызға,мұғалімдеріңізге,достарыңызға,таныстарыңызға
бағыттаңыз.
Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз.Олардың да
жүрегі нұрға толсын.
Осы Нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге,
тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз.
Ойша айтыңыз: «Мен Нұрлымын...Нұр менің ішімде...
Мен - Нұрмын »
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Ескерту:
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің
жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Ойша нұрға бөленгеннен кейін жайымен көзіңізді ашуға болады.Рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |