Басталуы
5 минут
|
Оқушыларды сандық үлгіде топқа бөліп біріктіремін.«Әңгіме» әдісі арқылы үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы сұрау арқылы оқушыларды диалогқа түсіру. Өткен тақырыпты меңгертуде «Конверт-сұрақ» әдісі арқылы слайдта берілген сұрақтарға жауап береді.
1. Сан есім дегеніміз не?
2. Сан есім құрамына қарай нешке бөлінеді?
3.Күрделі сан есімдер қалай жасалады?
4. Сан есім мағынасына қарай қанша түрге бөлінеді?
Оқушылар сұраққа топпен және жеке жауап береді, сол арқылы өздерінің түсінгендерін көрсетеді . Оқушылар бір-бірін басбармақ арқылы, мұғалім қалыптастырушы бағалауы жүреді.
|
"Әңгіме" әдісі,
"Кім жүйрік?" АКТ
|
Ортасы
30 минут
|
Сергіту сәті, "Кім жүйрік" ойыны, бірнеше сан есім ауызша баяндалып, оқушылар жазба үлгісіндегін жазып көрсетеді. Жаңа сабақтың тақырыбын ашамын.
Оқушылар дұрыс немесе бұрыс жауап бергендігін тақырыпты түсіндіру барысында топ бір-бірін тексереді. Топтық жұмысты тапсырма санына қарай бағаланады.
1. Күрделі сан есімнің сыңары бөлек жазылады.
2. Цифрмен таңбаланатын дара және күрделі сан есімдерге жалғанатын жалғаулар дефис арқылы жазылады.
3. Реттік сан есімдер араб цифрымен берілсе,-ыншы,
-інші,-ншы, -нші, жұрнағының орнына дефис жазылады да, рим цифрымен берілсе, дефис қойылмайды.
4. Екі, алты, жеті деген сандарға жинақтық сан есімнің -ау, -еу жұрнағы жалғанғанда, түбірдің соңындағы қысаң ы,і дыбыстары түсіп қалады.
5. Болжалдық сан есімдердің қосарлану арқылы жасалған түрлері сөзбен жазылса да, цифрмен жазылса да, арасына дефис қойылады.
6. Топтау сан есімдердің қосарлану арқылы жасалған түрлері сөзбен жазылса да, цифрмен жазылса да, арасына дефис қойылады.
« Киелі сандар»
Қазақтың киелі сандары жайлы айтып, теориялық анықтамаға мысалдар келтіреді
Критерий:
1.Сан есімнің емлесіндегі ерекшеліктерін өз сөзімен түсіндіріп бере алады.
2. Мысал жазу арқылы тақырыптық білімін кеңейтеді.
3. Сандық ұғымның өмірдегі пайдалы жақтарын саралай алады.
Оқулықтағы 127-жаттығудағы сан есімді теріп жазады. 128-жаттығудағы сан есімдерді қатыстырып, сөйлем құрайды.
|
"Кім жүйрік?", АКТ, Оқулық, маркер, стикер, постер
|
Топбасшылық міндет жүктеледі. Шығармашылыққа жетелейтін ашық сұрақтар.
|
Қалыптастырушы, жиынтық бағалау.
Мүғалімнің топтық бағалауы мен оқушылардың өзін-өзі және бір-бірін бағалауы.
|
Қазақ әдебиеті, өзін-өзі тануы.
Нақтылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
|