Өтілген тақырыпты тест жұмысымен пысықтау. Екі топқа тест сұрақтары таратылады.
1. Сөз мәдениетін нешеге бөліп қарастыруға болады?
А) 1
Ә) 2
В) 3
2. Ауызекі сөйлеу деген не?
А) іскерлік қарым-қатынас жасау
Ә) жазу арқылы жүйелеп сөйлеу
В) бетпе-бет көріп өзара пікір алмасу
3. Тыңдау деген не?
А) біреудің сөзін қабылдау
Ә) сұрақ қою
В) жауап беру
4. Таза сөйлеу – биік ...
А) сыпайылық
Ә) мәдениеттілік
В) өрескелдік
5. Сөз мағынасын түсінбей қате сөйлеу неге жатады?
А) тыңдай білу әдебіне
Ә) ауызша сөйлеудің стильдік ерекшелігіне.
В) сөйлеу сапасына кері ықпал ететін нәрсеге
6. Жүйелі мәнді сөйлеудің негізгі сапалары не?
А) тіл тазалығы, сөз байлығы, түсінікті болуы
Ә) айтылу заңдылықтарын сақтау, қызынып сөйлеу
В) сұхбат құру, өз пікірін білдіру
7. Сөйлеу әдебіне не жатады?
А) сөйлеушінің пікірін түйіндеу, қорытындылау
Ә) эмоциональды сөйлеу, қимыл қозғалысты қолдану
В) орфоэпиялық норманы сақтау, байыпты сөйлеу, әңгімелесіп отырған ортаның ыңғайын байқау
8. Тыңдау неше түрге және қалай бөлінеді?
А) 3 түрге, пікір айтқан адамның сөзін қайта-қайта бөлу, өзі келіспейтін пікірге қызбаланып қарсы сөз айту, қимыл қозғалысымен тоқтату
Ә) 2 түрге, үндемей тыңдау және өзара ой алмастыра отырып тыңдау
В) 1, сұхбат құру
9. Адам тыңдау, сөйлеу, жазу мәдениетін меңгерсе, ...
А) ойын жүйелі жеткізе алады
Ә) өзі туралы жоғары пікірде болады
В) басқалар қызыға қарайды
10. Қолдану аясы, сөйлеу мақсаты, өзіндік стильдік ерекшелік, тілдік құрал неге жатады?
А) тыңдай білу әдебіне
Ә) жүйелі сөйлеу шарттарына
В) ауызекі сөйлеу тілінің стильдік ерекшелігіне.
Екі топ бес минут ішінде тест тапсырмасын орындап, жауап парақшаларын ауыстырып тексереді. Жеңімпаз топты «СОЛЮТ» ату әдісімен бағалайды
Кері байланыс жасау. «Ақылдың алты қалпағы» әдісімен. Мақсат: Оқушы өтілген тақырыпты қалпақтардың түстеріне қарап, ауызша түрде кері байланыс жасауға дағдыландыру.
Бағалау. (Жоғарыда қойылған талаптар бойынша)
Үй тапсырмасын беру. Төле бидің шешендік сөзін мазмұндап келу.
|