Ашық сабақ .Қазақ тілі. 4-сынып
Сабақтың тақырыбы:Қос сөздер.
Сабақтың мақсаты: а)Оқушыларға қос сөздердің тұлғалық ерекелгі мен жасалу жолдағы
ерекшелігінтүсіндіру. ә)Қосарланып жасалған сөздердің арасына дефис қойылатынын орнымен жеткізе білуін дамыту.
б)Оқушылардың тапсырманы ұқыпты орындауын қадағалау
Сабақтың көрнекілігі:Қағаз, ойындар,интерактивті тақта
Сабақтың типі:Жаңа материалды меңгерту.
Сабақтың түрі:Дамытпалы.
Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап,көрнекілік,түсіндірмелі.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру.Оқушылар назарын сабаққа аудару.
2.Үй тапсырмасын тексеру.48-жаттығу.Жазған әңгімелерін оқыту.
3. Үй тапсырмасын бекіту.
-Біріккен сөз дегеніміз не?
-Күрделі сөздер дегеніміз не? Мысал келтіріп,сөйлем құра.
-Қане балалар сөзжұмбақ шешіп көрсек қайтеді.Ана тілі сабағында оқылған шығармалар авторларын еске түсірейік. Жазушы,ақындардың тегі аталады, есімін сендер айтасыңдар.Қалай естеріңде қалғанын көрейік.
Аманжолов Қасым
Уалиханов Шоқан
Жүнісов Сәкен
Мұратбеков Сайын
Тұрманжанов Өтебай
Оңғарсынова Фариза
Қызыл жолақтан қандай сөз шықты:Қос сөздер
4.Жаңа сабақ. Қос сөздер. Күннің жады.Көркем жазу.
Бітер істің басына.
Жақсы келер қасына. Мағынасын түсіндіріп кету.
5.Оқулықпен жұмыс:49-жаттығу
Қора –қора қой жатыр
,Қарын-қарын май жаты
Түйе-түйе шөп жатыр,
Ауыл-ауыл ел жатыр.
-Өлеңде қайталанып айтылып тұрған сөздер бар ма?
-Қандай сөздер?
-Бір сыңарын алып тастап айтып көріңдерші
-Бұлар қандай сөздер
Екі сөздің қосарлануынан жасалған сөздер күрделі сөздерді қос сөздер деп айтамыз.Жазуда қос сөздің арасына дефис қойылады.Әке-шеше,мая-мая,көре-көре,құрал-сайман.
51-жаттығу.
1-топ 2-топ 3-топ
Биік-биік кіп-кішкене анда-санда
Ыдыс-аяқ қарқ-қарқ жап-жасыл
Ойын: «Сыңарын тап»
Үйір тау кезек
Сөздердің сыңарын тауып сөйлем құрап жазу.
52-жаттығуды көшіріп жазып қарамен жазылған сөздерді қос сөздергеайналдырып жаз.
Шығармашылық тапсырма:
1-топ 2-топ 3-топ
Қыс тақырыбына Қыс тақырыбына Қыс тақырыбына
әңгіме жазу. өлең құрастыр. сурет сал.
Сергіт сәті:
Ойын: «Сөзойла, тез ойла»Естіген дыбыстарына байланысты қос сөздер жасау.
Мысалы:құстың дыбысы: шиқ-шиқ
сағаттың жүрісі: тық-тық
сағаттың шырылы: шыр-шыр
Сабақты қорыту: Тест
1.Біріккен сөздерді белгіле.
а)түлкі, қасқыр, бұзаубас
ә)аққұтан,бірқазан,ақбөкен
б)Сарыөзек,өркеш,-өркеш,пединститут
в)қаптесер,көршілер,арлы-берлі. 2.Қос сөздерді белгіле
а)жымың-жымың,қайта-қайта, итмұрын
ә)азан-қазан,үйрек-қаз,сылқ-сылқ
б)жалт-жұлт,Қарасу,селк-селк
в)жеп-жнңіл,оқта-текте,жаздыгүні
3.Күрделі сөздерді тап
а)көп, мол, қыруар
ә)түйежапырақ,қолжазба,кемпірқосақ
б)сезімтал жүрек, үлкен зейнет.балмұздақ
в)өнерлі адам,Қаламқас,заман
4.Бір сөздің қайталануынан жасалған қос сөзді көрсет.
а)-өркеш-өркеш,жалт-жұлт
ә)оқтын-оқтын,бірте-бірте
б)жалт-жұлт, ербең-ербең
в)жеп-жеңіл,маң-маң
5.Күшейткіш бун арқылыжасалған қос сөздерді көрсет.
а)күндіз-түні,моп-момақан
ә)өзінен-өзі,әрі-бері
б)әрең-әрең,қып-қызыл
в)үп-үлкен,тәп-тәуір
Достарыңызбен бөлісу: |