Сабақта жұмыстың түрлі формаларын өткізу арқылы оқушылардың көшбасшылық қасиеттерін қалай қалыптастыруға болады?


- бөлім: Әрекетте зерттеу жүргізу үрдісіндегі шектеулер және келесі тәжірибе үшін салдары



бет2/4
Дата02.02.2018
өлшемі0,51 Mb.
#37427
1   2   3   4

4- бөлім: Әрекетте зерттеу жүргізу үрдісіндегі шектеулер және келесі тәжірибе үшін салдары

Өзімнің әрекеттегі зерттеуімді қорытындылай отырып, қарастырып отырған тақырыбымның өзекті екенін, оның оқыту үдерісімен тікелей байланысты екенін ескертіп өткенім дұрыс болар. Аудитория алдындағы қорқынышыңды жеңу, сенімді болу, өз уақытыңды басқаруды үйрену – бұл пән бойынша, кейін- үлкен өмірде оқушылардың жоғары нәтижеге қол жеткізуі үшін қажет негізгі дағдылар. Мысалы, кейбір адамдарда топ алдында сөйлегенде өздерін еркін ұстай алмау, қобалжу болады. Өзіне деген сенімсіздігі сөйлеуге кедергі болуы мүмкін.

Менің көзқарасым бойынша, мен оқушылардың жазбаша кері байланысы мен диалогтік оқытуы арқылы өзара оқыту үшін жағдай туғыза алдым. Оқушылар өз ойын айтудан қорықпады, жақсы кері байланыс дағдысын көрсетті. (Қосымша 1, оқушы А). Әрине, «оқушы- оқушы» диалогтік оқытудың негізгі мақсаты – жаңа білім алу, бірақ менің жағдайымда менің оқушыларыма қалай оқу керектігін түсіну. Кері байланыс жүргізу кезеңінде (2-3 сөйлем) олардың тарапынан қателіктер жіберілген. Мүмкін, алынған нәтижеге байланысты көңілінің бұзылуы (оқушы А мен Б), оқушы Е ұзақ уақыт жинақтала алмағандықтан жылдам жаза бастады. Және нақты оқушылар және менің арамыздағы диалог (менің рөлім – бағыттаушы: пікірталас ұйымдастыру үшін сұрақтар қойдым) негізгі себепті анықтауға көмектесті – тапсырманы орындауға үлгермей қаламын деген қорқыныш, үлгермедім, уайымдап тұрмын, оқымадым, қайталамадым және т.б. Бастысы, бұның бәрі неліктен осылай болып жатыр? деген сұраққа жауап бердік. Біздің сенімсіздігіміз, қорқыныш, бәрінен бұрын, ұйымдаспағандық. Оқушылардың соңғы шешімі: өз жұмысын нақты жоспарлай білуге үйрену, өз уақытын, эмоциясын басқара білу, өз көзқарасын өзгерту. Менің тарапымнан жүргізілген жұмыстың нәтижесі атрибуция теориясына сай, «жеке тұлғаның жетістікке жетуі немесе олардың сәтсіздіктерді жеңуі олардың өз жетістіктерін түсіндіретін себептерге байланысты. [4, с 182]»

Оқыту үдерісіне өзгерістер енгізу барысында бақылау арқылы келесі қорытындыға келдім.

I. Оқушылар әртүрлі бақылау және қорытынды жұмыстарын орындау алдында қысқаша жоспар құру керек; бұл жұмысқа мүмкін 20- 25 минут бөлуге болады. Қазіргі уақытта олар 2 жоспар құрған болатын, орындау уақыты - шамамен 10 минут:

1) жіберілген қателерді жою жолы;

2) эссе жазу үшін жоспар құру.

Сабақтарда кері байланысты жазбаша жұмыс түрінде орындауға көбірек уақыт бөлу, салмақты/ қорытынды жұмыстарға жазбаша жоспар құру.

II. Маңызды жұмыстарды орындауда тұрақсыз құрамдағы жұптарды қолдану (тақырыптық жоспарға сәйкес). Маған мұғалім ретінде жұптық жұмысты жүргізу үшін:


  1. Олардың «қайталануынан» қашу;

  2. Топта, жұпта міндеттерді дұрыс және анық бөлу, тіл табысу талдауы бар бақылау.

III. Дағдыларды оқыту мен жетілдіруге ерекше көңіл бөлу. Бұл ХБ (MYP) негізгі мектеп бағдарламасының бөлінбейтін бір аспектісі болып табылатындығын ескеру қажет.

Қорытындылай келіп, мен әрекеттегі зерттеуді жүргізген сыныпта оқушылар өздерінің нақты мүмкіндіктерін, сәтсіздіктерінің себебін көрсеткенін атап өтуді жөн көріп отырмын. Олар ашық, ақкөңіл, өте маңызды ойларын айтуға қорықпайды. (сурет)







«Өте көп қателер жібердім» деп айту олардың өзара, мұғаліммен арасында сенімді қарым- қатынас бар екендігін көрсетеді.

Менің оқушыларымды бақылауым мен оқыту үдерісіндегі өзгерістер дұрыс болғандығына оқушы А шығармашылығы дәлел бола алады: «Дизайн» пәні бойынша «Тағам түрлерін дайындаудың брошюра жасау» тақырыбында қорытынды бақылау жұмысын орындауда оқушы қазақ дастарханын, ал қатысушы ретінде мені таңдап алады. Өзінің боршюрасын безендіру бойынша нұсқаулықтардың қажеттіліген орай қандай көркем туындыларды оқу керектігі туралы, кейде жасаған жұмысы бойынша өз әсерімен бөліседі.

Алайда, ең бастысы, менің көзқарасым бойынша, кез келген оқушыға қажет, бұл – мұғалімнің қолдауы мен мақтауы.



Әдебиет тізімі


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет