317. «Үш жақты күнделік толтыру» Жүзеге асыру қадамдары:
1-қадам: Сабақ тақырыбы айтылады, оқылатын мәтін таныстырылады.
2-қадам: Мәтінді оқу барысында әрқайсысы жеке күнделік толтырады.
3-қадам: Жұмыс нәтижесін жұпта, топта талқылау.
Күнделік сол жақтан бастап толтырылады.
318. «Үш пікір» Ортаға бір тақырып тасталады. Сол тақырып төңірегінде әр оқушының 3 пікір айтуына мүмкіндігі бар. Ол үшін қолдарына 3 таяқша (шпажка, т.б. майда заттар) беріледі. Пікірлерін айтқан сайын қолдарындағы заттарын ортадағы коробкаға тастап отырады. Бұл әдіс сыныптағы оқушылардың бәрі тең дәрежеде пікір білдіруге мүмкіндік жасайды.
319. «3+2+1» Ұнаған 3 кезең, ұнаған 2 сұрақ, келесі сабаққа 1 ұсыныс беру тапсырмасын орындайды.