6. «Аквариум» Мақсат: оқушыларға проблеманы талқылауға еркін кіруге және шығуға мүмкіндік береді.
Өткізу кезеңдері Оқушылар мұғаліммен бірге екі шеңбер құрады: сыртқы (бақылаушылар) және ішкі (белсенді қатысушылар).
Ішкі шеңбердің мүшелері мұғаліммен ұсынылған сұрақты талқылауға белсенді қатысады. Басқа оқушылар бақылайды және олардың қайсысының нұсқасы қызықтырғанда ғана сөз сөйлейді; олар толықтырады, сұрақтар қояды, нақтылайды. Сонымен қатар оны өз нұсқасымен қызықтырған «бақылаушы» белсенді қатысушының қасына тұруға тиіс.
Бір проблеманы (сұрақты) талқылағаннан кейін, оқушылар орындарын ауыстырады ( шеңберден алыс тұрғандар шеңберге отырады). Мүмкіндігінше, барлық оқушылар шеңберде болуы керек.