1-қадам: Сабақ тақырыбыайтылады, оқылатын мәтін таныстырылады.
2-қадам: Мәтінді оқу барысында әрқайсысы жеке күнделік толтырады.
3-қадам: Жұмыс нәтижесін жұпта, топта талқылау.
Күнделік сол жақтан бастап толтырылады.
318. «Үш пікір» Ортаға бір тақырып тасталады. Сол тақырып төңірегінде әр оқушының 3 пікір айтуына мүмкіндігі бар. Ол үшін қолдарына 3 таяқша (шпажка, т.б. майда заттар) беріледі. Пікірлерін айтқан сайын қолдарындағы заттарын ортадағы коробкаға тастап отырады. Бұл әдіс сыныптағы оқушылардың бәрі тең дәрежеде пікір білдіруге мүмкіндік жасайды.
319. «3+2+1» Ұнаған 3 кезең, ұнаған 2 сұрақ, келесі сабаққа 1 ұсыныс беру тапсырмасын орындайды.
320. «Фишбоун» немесе «Балық қаңқасы» Жүзеге асыру қадамдары:
1-қадам:Мәтінді әр оқушыға жеке оқу.
2-қадам: Оқу үрдісінде қаңқаның басына мәтін қарастырылатын проблема белгіленеді.
3-қадам: Жоғарғы «қосымша бұтақтарында» проблеманың себебі белгіленеді, төменгі «сүйекшелерінде» оқу барысында себепті нақтылайтын дәйектер жазылады.
4-қадам:Балықтың «құйрығына» қорытынды жазылады.
5-қадам: Жұпта, топта жұмысты талқылау.
6-қадам: Топ жұмысын аудиторияда презентациялау.