Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдермен психологиялық тренингтер жинағы



бет6/95
Дата21.06.2023
өлшемі400,5 Kb.
#179040
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   95
Байланысты:
500 әдіс-тәсіл

13. «БІР МИНУТ» әдісі
Бұл әдіс оқушыларда оқылған материалдан түйінді, басты ақпаратты іріктей білу дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі, сондай-ақ белсенді тыңдау дағдысын дамытады. Аталған әдісті «Ыстық орындық» тапсырмасымен байланыстыруға болады. Сыныпты жоспарлау  топқа қаратып бір «ыстық» орындық қойылады. Сондай-ақ барынша жайлы қарым-қатынасты қамтамасыз ету мақсатында «ыстық» орындықты дөңгеленіп отырған балалардың ортасына қоюға болады.
Әдісті жүзеге асыру алгоритмі

  • Оқушылар тиісті тақырыпты зерделеп, өздері негізгі деп санайтын ақпаратты атап көрсетеді. Оқушыларға рөлді топта немесе жеке зерттеуіне болады.

  • Оқуға берілген уақыттан кейін оқушылар «ыстық» орындыққа отырып, бір минуттың ішінде өздерінің басты қорытындысын/ақпаратын ұсынады.

  • Басқа оқушылар мұқият тыңдаулары керек, егер де олар «ыстық» орындықтағы баланың тақырыптан ауытқығанын немесе қайталанғанын, күмәнді деректер келтіргенін аңғарса, олар наразылық білдіре алады. Мұндай жағдай орын алса, уақыт тоқтатылады.

  • Ұйымдастырушы наразылықтың дұрыс/бұрыстығын шешіп, өз шешімін дәйектеуі қажет.

  • Егер де наразылық дұрыс деп танылса, онда «ыстық» орындықтағы оқушы ойыннан шығып, орындықты босатады. Наразылық танытқан оқушы ұпай алады.

  • Егер де наразылықтан бас тартылса, онда оқушы басқа наразылық білдірілгенше дейін немесе бір минут аяқталғанша өз сөзін жалғастырады. Егер оқушы өзіне тиесілі минут бойынша «ыстық» орындықта отыра алса, ұпай алады.

  • Қосымша тапсырма ретінде оқушылармен «Тұжырымдамалық карта» ойынын ойнауға болады, ойын барысында олар «Бір минут» тапсырмасын орындаған кезде алған барлық ақпаратты жинақтайды және құрылымдайды.



14.  Ойын жинақтау әдісі
Түсінік- бұл логикалық түрде ресімделген зат туралы жалпы бір нәрсенің идеясы.
Ойын жинақтау әдісі оқытылатын пән немесе зат құбылыс туралы терең және толық мәлімет береді.
Ойын жинақтау 3 кезеңмен өткізіледі.
1) Мұғалім ұғымдар сипаттамаларына кіріспе береді.
Бұл сипаттамалар бойынша оқушылар қандай түсінік туралы әңгіменің өрбігенін. 
2) Мұғалімнің ұғымға қосымша мінездеме енгізу.
Сипаттамалар осы ұғымға жататындығын оқушылар анықтауы қажет.
3) Сабақта әлі айтылмаған оқушылар өздерінің сипаттамаларын беруге тиіс.
Осы ұғым бойынша оқушылар қорытынды жасайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет