Сабақта қолданылатын Жаңа технологиялардың әдіс-тәсілдері



бет29/59
Дата27.12.2021
өлшемі195,2 Kb.
#128793
түріСабақ
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   59
Байланысты:
50 әдіс

68. Сұрақтары бар қорап

Кабинетте қорап қойылып, оған оқушылар сабақтың соңында өз сұрақтарын қалдыра алады. Бұл сұрақтар келесі сабақтың басында талқыланады.



69. Оқушылар СҰРАҚТАРЫН қалдырады

Мысалы– · Жаңа тақырыпты оқыған кезде не туралы білгіңіз келеді?

· Білімді бағалау үшін мұғалімнен немесе басқа оқушылардан сұрау.

· Алдағы уақытта біліміңізді жақсартқыңыз келетін білім/түсінбеу саласын көрсету.

Қабілеттері шамалы оқушыларды «Не» сұрау есімдігін пайдаланып сұрақ қоюға, ал қабілеттері барынша дамыған оқушыларды «Егер де …, не болады?» деген үлгіде сұрақ қоюға ынталандыру.

70. Күту уақыты

Күту уақыты оқушыларға ойлануға және жауап беруге мүмкіндік береді. Сыныптағы балалар барлығы бірдей бір бағытта және жылдам ойламайды – күту оқушыларға өз ойларын жинақтауға және қойылған сұрақ төңірегінде ойлануға мүмкіндік береді.

Күту уақытының 2 үлгісі:

Мұғалім айтады, одан кейін оқушылар өз жауаптарын бергенге дейін кідіріс жасайды.

Оқушы жауап беруді аяқтайды және мұғалім оның жауабына ықпал еткенге дейін кідіріс жасайды. Бұл амал оқушыға толықтыруға және жалғастыруға немесе басқа оқушыға жауап беруіне мүмкіндік береді.

71. Бағдаршам

Түсінгендікті көрсету үшін бағдаршамның түстерін көрнекі құрал ретінде пайдаланыңыз.

Мысалы:

·Оқушыларда қызыл, жасыл және сары түсті карточкалар бар, оны олар өз парталарына қояды немесе жоғары көтереді (қызыл = түсінбеймін, жасыл = барлығы түсінікті).

·Оқушылар бағдаршамның түстерін пайдалана отырып, өздерін бағалайды. Мұғалімге көрсетілген бағалауды оқушылардың күнделіктеріне жазуына болады.

·Сыныптастары бағдаршам түстерінің көмегімен таныстырылымдарды және т.б. бағалайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет