Сабақта «табысты оқушы»


(АҚШ)Жоғарыдағы оқу элементтерін аралық мөлшерде меңгеруді жоспарлайды. Қиындықтың жоғарғы деңгейі.(ЖҚШ



бет2/2
Дата03.01.2022
өлшемі26,25 Kb.
#108811
түріСабақ
1   2
Байланысты:
Сабақта «табысты оқушы» жағдаятын құрудың әдіс – тәсілдері. (БиС технологиясы бойынша)

(АҚШ)Жоғарыдағы оқу элементтерін аралық мөлшерде меңгеруді жоспарлайды.

  • Қиындықтың жоғарғы деңгейі.(ЖҚШ) Баланың жақын арадағы даму деңгейіне сәйкес келеді. (Выготский бойынша). Бұл қиындықтың орташа деңгейіне қатысты оқу материалындағы оқу элементтерінің мазмұнынан 2 есе, қиындықтың төменгі деңгейіндегі оқу элементтерімен салыстырғанда 3 есе күрделі.

    «Биоинформатика және синергетика» технологиясы бойынша тақырыптық жоспарлау төмендегідей қадамдардан тұрады:

    • берілген тақырып бойынша қандай білім, білік, дағды бар екенін анықтай білу;

    • білім, білік, дағды уақыты бойынша бөлу;

    • жеке сабақтағы білім, білік, дағдының әрбір компонентін меңгеруін жоспарлай білу.

    Бұл жерде мынадай қағидаларды басшылыққа алу керек:

    • меңгеру сапасын жоғалтпай, білім берудің ақпараттық бөлігін мейілінше азайту;

    • білік, дағдыларын практикалық меңгеруге арналған уақыт ресурсын ұлғайту;

    • жекелеген тақырыптарды ілгерілей, оза меңгеру есебінен уақыт ресурсын босату, сол арқылы пәндік білімді тереңдете меңгерту мүмкіншілік жасау.

    Осылайша білімді хабарлама түрінде беру уақытын  30- 40 %-ға қысқарту- сонша мөлшерде пропорционал түрде білім сапасын арттыруға технологиялық әсер етеді.
    Биоинформатика және синергетика технологиясында оқыту сапасы 1:30:1:1 есебінің негізінде анықталады.  Бұл қатынасқа 1 оқытушының және 30 оқушының  1 сыныптағы 1 сабағы енгізілген. Ал көрсеткіш ретінде оқытушының әрбір оқушымен жұмыс жасау мүмкіншілігіне ие болған кездегі нәтижесінің сапасы талап етіледі. Бұл әрбір тақырып бойынша 63%-дан төмен болмауы керек.

    Оқушылар көп уақыт бойы белсенді, тапсырмаларды өз беттерінше орындайды. Дағды қалыптасады, шаршамайды және өз білетінін басқаға үйретеді. Өзара қарым-қатынас қалыптасады. Жұппен, топпен, ұжымдық жұмыс түрлері қолданылады. Бағалаудың түрлі формаларын пайдаланады. Машықтандыру жаттығулары жасалады. Оқушылардың шебер орындауы үнемі уақытпен шектеледі

    Сыныптағы ешбір оқушы қалыс қалмайды;

    Мұғалімнің сыныптағы әр оқушымен жұмыс жасауға мүмкіндігі бар.


    Оқушылардың еске сақтау қабілетін, зейінін, ойлау қабілетін, жылдамдығын дамытуға ықпалы зор.

    Білімнің үлкен көлемін меңгеруде де оқушылар жаппай ой қозғалысына түседі де бүкіл сыныпқа жүктеме бөлінеді, сөйтіп тану қуанышына мүмкіндік туады.


    Есеп шығарудың саны да, тапсырмалар көлемі де 3 есе артты.
    Материалды жоғары деңгейде меңгертуде, жыламдықты, есте сақтауды, зейінді жаттықтыруда, оқылатын материалға, жалпы оқу үрдісіне деген қызығушылықты қалыптастыруда, ұжымдық шығармашылықты тұрақтандыруда «БжС» технологиясының әсері зор.

    Қазіргі заманғы мектеп бала үшін қызмет ету керек, ол білімді өмірде қолдана білетін, көпшілікпен араласа алатын, ішкі мәдениеті, ойлау және сезіну қабілеті бар адам дайындау керек. Мақсаты мектеп бітірушінің барынша көп білуі емес, оның өзіне қажетті білімді өзі біліп, іздеп табуға үйренуі, оқу, кәсіптік тұрмыс мәселесін кез келген жағдайда шешіп іс-әрекет жасай алатын болу керек. Аталған мәселені шешетін технологиялардың бірі- «Биоақпараттандыру және синергитика» педогогикалық технологиясы.


    Қорыта келе, «Биоақпараттандыру және синергитика» педогогикалық технологиясы арқылы төмендегі көкейтесті мәселелер шешімін табатынын айтуға болады.

    1. Оқушылардың білім сапасы көтеріледі, олар әрбір пән бойынша мемлекеттік стандарт деңгейінің ең аз қажетті көлемін 100% үлгеріммен қамтытуына кепілдік алады.

    2. Оқушы қабілеті жететін пәндерден жоғары деңгейлерге дейін көтеріле алады.

    3. Дарынды балалар дер кезінде анықталынып дами алады.
    4. Оқыту сапасының мониторингісі және диагностикасы оқушы білімін бағалаудың әділеттілігі қамтамасыз етіледі.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет