«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы немен қызықтырады? • Кез келген ұстазға сапалы сабақ беруге мүмкіндік беретіндігімен.
• Оқыту мен ұйымдастырудың тиімді әдістерінің /стратегияларының/ көптігімен.
• Оқу мотивацияларын өзгертуге пайдалы екендігімен.
«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясының өзге технологиялардан қандай ерекшеліктері бар? • Сын тұрғысынан ойлау сабақтарының құрылымы /қызығышылықты ояту, мағынаны ажырату, ой толғаныс/ .
• Негізгі үш кезенінің маңыздылығы.
• Стратегиялардың психологиялық астары мен ерекшеліктері.
Осы жобамен жұмыс жасау барысында мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді,ойлануға үйретеді. Педагогикалық технология оқушылардың жеке басын дамыту мен білім беру мақсатына жету жолындағы педагогикалық қызметтің, іс- әрекеттің жүйелі дамып отыратын жобасы ретінде оқушы белсенділігін арттыруды көздейді. Ал, оқушы белсенділігінің артуы оны шығармашылыққа жетелейді.